Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции ИОТ.docx
Скачиваний:
136
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
543 Кб
Скачать

1. Жол төсеніштерінің конструкциялы элементтері мен түрлері

2. Жол төсеніштері типтері

Топырақтың жол-құрылыстық сипаты.

Жер төсемін ауа-райы, жыл мезгіліне қарамастан талапқа сай геометриялык пішіннің, беріктігін жөне тұрақтылығын сақтап жайластырады.

Жер төсемін тұрғызуға пайдаланатын топырақ, күрделі динамикалық түрде өзгеретін дисперия жүйесі болып табылады, бұл жүйеге үш сыңар кіреді: топырақ, су жөне топырақтың судан бос қалған тетіктерін толтыратын ауа.

Топырақтың физикалық-механикалық сипатынын басты көрсеткіші -олардың байланысы, дымқылдығы және тығыздығы.

Топырактың . . байланыстылығы оның белгілі бір дымқыл аралығындағы созатын кернеуге қарсыласумен сипатталады. Топырақта саз бөлігі көп болса, соғұрлым бұл топырақ құрғақ күйінде тығыздау болады.

Байланысу дәрежесіне қарай топырақты 3 топқа бөлеміз:

- жеңіл топырақ, олар әлсіз байланысқан;

- ауыр топырақ, бір-бірімен тығыз байланысқан;

- күз топырағы, бүл өзара бекем байлаңысқан қатты бөлшектер.

Топырақтың дымқылдығы деп топырақтағы су массасының осы шамадағы кұрғақ топырақ бөлшектерінің массасына (топырақ каңқасына) қатынасын айтады.

Байланыстағы топырақ дымқылдық дөрежесіне қарай физикалық консистенция күйі иілгіштік және ағындылығы қатты болады.

Топырақтың қатты консистенцияда иілгіштікке, ал одан ағындыға өтуі белгілі бір қиын қыстау дымқылдықта кенеттен болады. Бұл топырақтың ең бір басты сипаты болып табылады.

Топырақтың иілгіштік консистенциясы ағынның шекарасы және илеу шекарасы деп аталатын аралықта орналасқан.

Ағын шекарасы немесе иілгіштіктің жоғарғы беті мынадай дымқылдықты сипатгайды, бүл жерде иілгіштіден топырақ ағынды (жартылай сүйық) консистенциядан өтеді. Бұл дымқылдықтан бөлшек арасындағы байланыс бұзылады, арасындағы тетіктерден еркін су пайда болады да, топырақ беріктігін жоғалтады.

Wa - ағынды шекарасын, Васильевтің балансты конусы арқылы арнайы кұрал көмегімен анықтайды.

Илеу шекарасы немесе иілгіштіктің төменгі шеті. Ол топырақтын катгы консистенциядан иілгіпггікке өтетін шекарада болады. Әрі қарай дымқылдықтың көбеюіне байланысты салмақ астындағы топырақтың беріктігі күрт төмендейді. Илеу шекарасын Wи тәжірибе жолдарымен дымқыл шамасымен анықтайды, яғни дымқылданған топырақ 3 мм қалдықпен иленетін зат ұсақтала бастайды.

Ағын шекарасы мен иілгіштік шекара айырмасын (Wa - Wи) иілгіштік саны деп атайды.

Осы сан кәбейсе, дымқылдық аралығы да көбейеді, шегіне жеткенде топырақ иілгіштік консистенциясына ие болады.

Иілгіштік саны топырақтағы жұқа дисперсті фракцияның бар болуымен және оның құрамына кіретін топырақ бөлшектерінің сипатымен байланысты. Иілгіштік сатымен топырақтың физикалык - механикалық сипатын жорамалдауға болады.

Жер төсемінің сулы жылу тәртібі

Жер төсемінің сулы жылу тәртібі деп жылдың әр мезгіліндегі жер төсемінің әр нүктесіндегі температура мен ылғалдықтың заңды түрде өзгеруін айтады. Бұл өзгерістерді білу нсәне есепке алып отыру - жолды жобалау кезіндегі мәселе. Жер төсемін құрастырып тұрған топырақ беріктігі аса маңызды дәрежеде оның ылғалдығына байланысты. Жер төсеміндегі W - ылғалдық мөлшері, мына теңдеуге сәйкес бір жыл бойы өзгеріп отырады:

+ W=q-p

бұл жерде W - топырақ ылғалдығының өзгеруі;

q - мерзімдегі судың келуі;

р - осы мерзімдегі судың шығыны.

Жер төсемінің топырағына қарай мынадай белгілі себептермен су келуі мүмкін:

- жер төсемінің шетіне түсетін атмосфералык жауын-шашын, судьщ сіңуі және жанама жатқан жерге ағып келуі;

- кабырға орнында корлар жер төсемінің бөктеріндегі жерлердін бетіндегі судың капилляр тетігінен өтіп кетуі;

- капилляр тетіктері мен маусымды жер асты суының немесе топырақты судың көтерілуі;

- жер төсемінін капилляр ылғалдығы бөлшектерден жай ғана бөлшектерге ауысуы;

- молекулярды күш ықпалынан ұштастырылған қзбыршықты судын ауысуы.

Температура темендеген жағдайда тетіктердегі судың бу конденсациясы.

Берілген жер төсемінің бөлігіндегі судың жоғалуы оның жер төсемі тереңдігіне өтіп кетуінен болады, жер төсемінің кұрғак бөлігіне капилляр және қабыршықты судың ауысуынан, сонымен қатар топырақ тетіктеріндегі судың булануы және бу баска жер төсемінің бөлігіне (жер төсемінің қабатына) ауа-райына айналуы мүмкін.

Жер төсемінің түрлі қабатының ылғалдык мөлшеріне су балансыньщ теңдеуіне кіретін себепкер шарттарынан баска топырақты жылыту температурасының ауытқуы да әсер етеді. Жол киіндері ылдиының және қиялардың жағдайы түрлі болуы және булануы топырақ пен жол киімдерінің жылу өткізгіш материялының әр түрлі болу әсерінен, олар жер төсемінің дене температурасының темендеуін тудырады.

Температураның түсуі жылудың ауысуына әкеп соқтырады және жер төсемінің бөлігіндегі температурасы 0°С жақын болса, судың ауысуына немесе күшеюіне өкеледі. Қыс түсумен топырақтың қатуына байланысты және жер төсемі қабатындағы температура айырма әсерінен ылғал төмен жатқан жоғары температурасы бар қатардан жоғарыдағы мұзды қабатына ауысады.

Шаңды топырақта судың төмендеу орналасуында мұндай жүріс қарқынды өтеді. Мұның салдарынан көктемде жер төсемі жібіген соң жол -киімі негіз астындағы топырақ ылғалданып кетуі мүмкін. Жаз жақындаған сайын жер төсемінің ылғалдығы төмендейді, ал топырак беріктігі ұлғаяды. Су балансының теңдеуіне кіретін себепкер шарттын әсер етуін ескере отырып, бұл әсер ауа-райының түрлі жағдайында байқалады, су тәртібінің өзгеру сипаты белгілі дережеде сол жергілікті ауа-райына байланысты.

Әдеттегідей, жолды салу құрылысы неғұрлым оңтүстікке жақын орналасса, соғұрлым жер төсемінің су тәртібі қолайлы болады. Бұл қарқынды ылғалданудың төмендеуіне түсінік: топырақты судың терең түсуіне, жауын-шашынның азаюына және буланудың көбеюіне байланысты.

Осыған байланысты оңтүстіктің құрғак аймақтарында топырақты судың жер төсемі су балансының өзгеруіне әсері төмендейді, сонымен қатар ылғалдың тәрізді ауысуының рөлі өседі.

Топырақ ылғалдығының езгеруі жер төсемінің пішіні мен жол киімінің жылу өткізгіштігі және су өткізгіштігіне байланысты.

Топырақ ылғалдығына аса маңызды әсер тигізетін жергілікті рельеф және жер төсемінен суды бұру тәсілі, әсіресе төмен жерлерде бұру.

Жер төсемінің деформация түрлері, адырлы жердің пайда болуы онын жүрісі

Жер төсемі топырағы қатты ылғалданса, жолдың барлық элементтерінің беріктігі төмендейді, соның нәтижесінде жол киімі бұзылады. Жер үйінділерінің және ойықтардың тікшіл бөктері төмен сырғуы мүмкін және ағын сумен шайылып кетеді. Жылдың құрғақ кездерінде қатты тұрған жел бөктердің бетінен шаңды және сазды құмды бөлшектерді ұшырып әкеледі.

Қатып калып, қайта еру бөктер мен қиялардыд топырақты бетін бұзады, олардың шайып, ұшырып әкетуге қарсылығын әлсіздендіреді. Жер үймінің жанынан аққан су бөктерлерді бұзуы мүмкін.

Жер төсемін тұрғызуда кейде жер қабатының бетіндегі қабатта жинақталған тепе-тендік жағдайы бұзылуы мүмкін. Ойықтарды қоныстандыру кезінде осылай топырақ майысқан кабатын кесіп өту шардың бөктерінің сырғуына өкеліп соқтырады.

Қиғаш таулы жер үйінділері төмен карай жылжиды. Жер үйінділері пшмтезек және суға қанық, лайлы топырақтар орналасқанда, негіздің жоғарғы беті деформацияланады және ол жан-жағына ығысады. Көбінде осылай негіздің түнбаларын байкайды, ол топырақты тығыздайды.

Жер төсемін жобалау барысында осы жағдайдьщ барлығын ескеру крек. Күрделі жағдайда жер төсемІнің әлсіз негізіндегі беріктігін есепке алып, жер төсемі бөктерін тексеру қажет.

Атмосфералық себепкер шарттың әсерінен бяік жер үйіінділерінің бектері мен терең ойыктардың талқандалуын болдырмау үшін бөктерді шөппен себелеп, шымдап (түтас немесе торлап), дүңгір материалдармен (битум эмульсиясы, цемент), тас және бетон тақталарымен қарымдау жерек.

Тас пен тақталар арқылы қарымдау тек жер төсемінің сумен шайьга жететін жерлерде қондырады (көпір, қүбыр, ағаш бөгет жанына).

Бөктерді қатырудың үнемді тәсілі ол шеппен себелеу, шөп топырақтың бөлшектерін тамырлатып тастайды. Жердін бетіндегі шөп ағын сумен жел жылдамдықтарын бәсеңдетіп, тодырақты желмен шайып кетуден сақтайды. Бұдан баска шөп-шалаң суды қорек етуі жер төсемі топырағынын ылғалдығын төмендетеді.

Егер жер үйімінің топырағында шөл шықпаса бөкгердің бетіне қалыңдығы 10 см өсімдік топырағын себеді, бөктер бойы бұл қабатгың бекем болуы үшІн атыз орналасшрады. Отырғызылатын шөп жергілікті жағдайға қарап, бүршақ түқымдастар немесе дәнді дакыл болуы тиіс, олар жайыла тамырланып, тығыз жамылғы жасау керек.

Жер төсемінің жобалау үрдісі

Жер төсемін орналастырудағы негізгі белгілер: сақтау, орнықты, ауа-райына төзімді және тәуелді болмауы. Жер төсемінле қолданатын топырақ өте қүрамды. Оның ішінде 3 компонент: су, ауа-судан бос жерлерді толтыратын физикалық - механикалык қасиетті көрсеткішінде оның байланысы, дымқылдығы, тығыздықтың пайда болуы өте маңызды.

Топырақтың құрамында балшық көп болса, ол кұрғак кезінде тығыз байланыста болады.

Балшықтан басқа жол төсеміне: супесь, суглинок, гиебень, кұм (олар әр түрлі болады - орташа немесе ірі топырақ) пайдаланылады.

Құмды тек батпақ жерде пайдаланады. Құмның құрамы үйме қатайтуды талап етеді. Сумен ағып кетуі мүмкін. Сондыктан дымқыл жерлерде жер төсеміне топырақты пайдалану қажет емес.

Шалғынды: құм және балшықтың жақсы байланысы болса, өте жақсы материал деп есептеледі.

Сортаң: өте жақсы байланысы бар. Материал қүрғак уакьпта беріктігі өте жоғары, сондыктан пайдаланар аддында оны үлкен машиналарімен борпылдатып жұмсартады.

Сортаң - су өткізбейді. Жаңбыр суы, кар суы жер гесемінде түрып қалуы мүмкін.

Балшық: құрғақ кезінде тез бірігіп байланысады.

Егер жер төсемінде дымқылдық болса, ол жолдағы бүкіл элементтерін төмендетеді содан соң жол киімі бұзылады. Құламалы үйінді және ойық төменге сырғып немесе сумен ағып кетуі мүмкін. Жылдың құрғақ ауасына қатты желде құлама үстінен топырак және кішкентай құм ұшып кетуі мүмкін.

Жер төсеміндегі қатқан, еріген су қүлама жолдын шетін бүлдіреді. Қүламаларды нығайту үшін (тас, бетон, плита, т.б.) шөп өсіру өте ыңғайлы. Шөп тамыры топыракты біріктіреді және жел жылдамдығын азайтады, олар топырақты үшырудан, ағып кетуден сактайды.

Жолды судан қорғау үшін жолды бекіту керек:

1) Кесе колденең жолдьщ екі жағы;

2) Жол жиегінде ор жасау керек;

3) Жолдың шетін жону керек;

4) Шөп егу керек;

5) Қиыршық таспен кармау;

6) Сатылы сарқырама жасау.

Осы жұмыстар жол бағасын қымбаттатады, ал жолды арзандату үшін жайлы жерден өткізу керек.

Ағын судан өту ушін көпір, өткел, ащ өткелі, су өткізу үшін күбыр жасайды. Қүбырларды зауытта жасайды. Қүбьфдан салынған өткелдер хайлы, арзан жөне ьщғайлы болады. Жайлы жерде бір қүбыр - 2 км сайын салынады. Құбырларды d-стандарт d - 0,5. 0,5,1 м, 1,25 см , 1,50 см, 2 м болады.

Құбырды кесе көлденең қарағанда құбырлар дөңгелек, үшбұрышты, төртбұрышты болады.

Дәріс 8. Жол ізденістері және жол торабын жобалау

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы пайдаланудағы автожолдардың ұзындығы 88 мың км құрайды, оларды 65 мың км немесе 74% жергілікті маңызы бар жолдар болып табылады. 1998-1999 жылдары жергілікті маңызы бар жолдар өңірлердің балансына берілген кезде 40,4 мың км жол (ұзындығының 61%) қанағаттанарлык күйде болады. 1997 жылдан бастап жолдардың жай-күйі туралы ауқымды зерттеулер жүргізілген жоқ, жолдардын жай-күйі аса төмен қаржыландырумен байланысты одан әрі нашарлады.

Ауылшаруашылық өндірісінде көлік жыл бойы негізгі қызмет атқарады. Ауылшаруашылық өнімдерін қабылдау бөлімшелеріне шикізатты қайта өңдеуге уақытында жеткізу, сонымен қатар егістік жерлерге тыңайтқыштар жеткізу, жанар-жағар май, тұқым және тағы басқаларын тасу аса маңызды жұмыстардың бірі.

Ауылшаруашылық аудандарында тасымалдау көліктін барлық түрлерімен темір жол, су, автокөлік және әуе жолдарымен жүзеге асырылады, бірақ аса маңыздысы автокөлікке байланысты.

Автокөлік жұмысы жол жағдайына байланысты. Көктемде егіні себудің қызу шағында және күзде егін жинау кезінде қолайсыз жолдарда, яғни топырақ қабатының ылғалдануынан батпаққа айналған жолдарда жүру, жанар-майдың көп шығындалуына жөне автокөліктің тез тозуына келіп соғады, Қысқы уақыттарда жолда жүру қардын, калың болып түсуінен киындайды. Құрғакшылық жылдары топырақты жолдардан көтерілген шаң автокөлік козғалысына жақын жатқан егістік жерлерінің өніміне және тұрғылықты жерлерде тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайына зиянын тигізеді.

Жыл сайын еліміздің ауылшаруашылық аудандарында мыңдаған шақырымдарға созылған жолдар қатарға қосылуда.

Барлық автокөлік жолдары көпшілік қолданыстағы және ведомстволық жолдарға бөдінеді. Көпшілік қолданыстағы автокөлік жолдары мемлекеттік жол шаруашылығы ұйымдарының балансына жатады.

Автокөліктерді жетілдіру, жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың орташа кашьқтығын арттыруына байланысты болады.

Автокөлік жолдарын халық шаруашылығында пайдалану міндетті түрде жобалау және оның ұзақтығын арттыруды қарастыру керек. Сонымен қатар автокөлік жолдары мен автопоездардың қауіпсіз козғалысын барлык жол жүрісінде, бұрылыстар, жоғарыға көтерілу мен төмен түсуі, ауа-райы мен жыл мезгіліне карамай-ақ жүрумен камтамасыз ету керек. Жолдын сапасы жүргізуші мен жолаушыларды шаршатпайтындай жақсы жасалу керек. Барқа да санитарлық - гигиеналық жағдайлар сақталуы керек: аз шаңдату, қозғалыстың жоғарғы дәрежедегі тыныштығы, жолаушылардың ұзақ жолда демалу мүмкіндігі, автокөліктерге жанармай құю, жөндеу жұмыстарын жүргізу тағы басқа.

Жолдың маңызы жоғары болса, оның салыну мен пайдалануына катаң талап койылады. Негізгі қызмет атқаратын қозғалыстың есебі, техникалык-экономикалыұ көрсеткіші мен жол кұрылысының қаражатын анықтайды.

Бүкіл автокөлік жолдары ортақ жүйелі, қалалык, ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындар жолдарына бөлінеді. Әкімшілік-саяси, экономикалық және мәдени маңызына байланысты ортақ жүйелі жолдары келесі топтарға бөлінеді: жалпы мемлекеттік, Республикалық, облыстық және жергілікті белгілеу.

Жалпы мемлекеттік жолдар мемлекет астаналарын, ірі өндірістік және мәдени орталықтарды, маңызы бар курортарды және көрші мемлекеттерді магистралды жолдармен байланыстырады

Облыстық мағынасы бар жолдар, автономдық мемлекеттік негізгі әкімшілік, мәдени, экономикалык және саяси орталықтарды, облыстарды өзара және аудан орталықтарымен байланыстырады.

Аудандык жолдар облыстық орталыктарымен, маңызды теміржол станцияларымен және өзара аудандарды байланыстырады

Жергілікті белгілеу жолдары - аудан орталықтарын және ауылды елді мекендерді, теміржол, кемежай станцияларымен байланыстырады.

Қозғалыс қарқындылығы деп бір берілген уақытта (тәулік, сағат) жолдың кескіні арқылы өтетін автокөлік санын айтады. Қозғалыс қарқындылығы жолдың барлық ұзындығында бір қалыпты болмайды.

Жалпы желідегі автокөлік жолдарынын маңызы мен козғалыстың орташа тәулігінің перспективалық қарқындылығы бойынша бес техникалық санатқа бөлінеді.

1 және 2 санатқа козғалыстын орташа тәулік есебін перспективалық қарқындылығы бойынша жалпы мемлекеттік маңызы бар жолдарды ірі қалалардан әуежайларға, өзен мен теңіз порттарына кіре берістерді жатқызады: 1 санаттағы жолдарды 7000-дай автокөліктер; 2 санаттығы жолдарда 3000-7000; 3 санаттағы жолдарды экономикалық және әкімшілік аудандарды, өндірістік және мәдени орталықтарды, көлік тораптарын, ірі өндірістерді байланыстыратын, қозғалыс қарқындылығы 1000-нан - 3000-ға дейінгі автокөліктер; 4 және 5 санаттар, бұлар көп жағдайда жергілікті шаруашылық және әкімшілік жолдарының қозғалыс қарқындылығы 4 санаттағы жолда: 200-ден 1000-ға дейін, 5 санаттағы жолдарда; 200-ге дейін автокөліктер.

Сонғы жылдары кейбір жолдардың ерекшелігін анықтайтын ауылшаруашылығы жолдарының жобалауын салу мен жөндеуде ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде мынадай негізгі факторларды есепке алған жөн:

1) технология мен ауылшаруашылығы жұмыстарын үйымдастыруға ықпал ету;

2) жаңа ауылды жетілдірудін элеметтік факторлары;

3) жүк арту түрлері (тракторлар, поездар, кұрылыс уақытындағы жүк);

4) қозғалыс тәртібі;

5) ауыл шаруашылығы өнімдерінің халық шаруашылығында құндылығы;

6) ауыл шаруашылығы өнімдеріне әсер тигізетін экономикалық негіздердің ерекшелігі;

7) қаржыландыру ерекшеліктері (әр түрлі каналдар, жол құрылысьш қаржыландыру);

8) бір аумакқа белгілі нысандардың таралуы;

9) бір объектінін шағын капиталдық сыйымдылығы;

10) түрлі жүмыстар;

11) жақсы жұмыс бойынша жұмыстардың айтарлықтай мөлшері;

12) поселкелік жұмыстардың өзгешелігі;

13) үйымдасқан құрылыс жүйесінің өзгешелігі.

Ішкі шаруашылық жолдары көбінесе құнды жерлерден өтеді, сол себепті жобалау кезінде осы факторды есепке алу міндетті. Жолдарды салуда жерлерді қайта өңдеу қажет. Жердің өсімдік қабатының жиегінің ұзындығы бойынша жер жұмыстарын бастаудың алдын алып, жақын егіс жерлерге егу керек. Жолды жобалауда үш жоба жүзеге асырылады: көлденен кескін, жоспардағы жол және үзына бойлы кескін.

Дәріс 9-10

Ауылды аудандарда аумақтық байланыстарды жетілдіру

Автомобильдік жолдар жалпы түрде инженерлік құрылыс кешені және барлық ауа райы жағдайында қауіпсіз автомобиль қозғалыстарының құрылғылары болып ұсынылады. Сол себептен кешеннің сол немесе басқа бір элементтерідаму алады. Және де жергілікті рельефтің де үлкен мағынасы бар, гидрологиялық, гидрогеологиялық, почвенно - грушовые , климат және басқа жергілікті шарттар.

Жол транспорттың қозғалысын ең аз болған транспорттық қаражаттар шартында қажет болған есептік жылдамдықпен қамтамасыз етуі қажет. Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі жер бөлігінің конструкциясында есептелген жылдамдыққа жетеді(көлденең ­ қима конструкциясы, лайықты жолдың жобалауымен жоспарда және профильде), жол киімі және түрлі қосалқы құрылғының құрылыстағы сапасы. Сонымен қатар , жолаушыларға қызмет етуге және көлік ­ құралдарына арналған жолдағыкерек кұрылғы және жабдықтау кешендері жасалады. Оларға кіретіндер автобекеттер, техникалық қызмет ету май құятын пунктілері , жол белгілері және т.б.

Жолдағы бұл құрылыстардың саны мен құрамы оның техникалық көрсеткіштеріне және халықшаруашылығының мәніне тәуелді болады. Ауыл шаруашылық жолдар желісінде,ереже сияқты, жолдық құрылыстар және құрылғылардың толық кешеніне ие емес, себебі техникалық төмен нормативтармен және қызмететуші жергілікті қысқа жолдық тасымалдаулар орналасады.