Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции ИОТ.docx
Скачиваний:
136
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
543 Кб
Скачать

4.2. Салмақты шығындармен суды тұтыну мөлшері

Сумен жабдықтау жүйелерін жобалауда маңызды міндет-тұтынушыларға судың мөлшерін анықтау.

Біріншіден, халықтың шаруашылық тұрмыстық қажеттілігіне жұмсалынатын судың мөлшерін анықтау тәсілі.

Халықтң орналасқан жерінде адамдардың қажеттілігіне байланысты жалпы су шығыны сол жерде тұратын адамдардың санына пропорцоналды болу керек. Ал жалпы шығынды анықтау үшін бір тұрғынның шаруашылық тұрмыстық қажеттілігіне байланысты қанша су шығыны кететінін білу керек, яғни салмақты шығыны. Ол түрлі қажеттілік шығындардан және үйлерді санитарлық-техникалық абаттандырудан, қаланың, климат ахуалынан тұрады. Тұрғын аудандарын жабдықтау дәрежесі жоғары болса су тұтынуы жоғары болады. Қоңыржай, суық климатта және ыстық климат жерлерінде су тұтынуы жоғары болады.

Халықтық елді мекен жерлерінде су өткізгіні пайдалану тәжірибесі аудандардың тұрғындарына және түрлі климаттық белдеуінің сумен жабдықтау дәрежесіне байланысты су шығынын анықтауға болады. Бұл материалдарды өңдеп талдағаннан кейін су пайдалану мөлшерін анықтап шығаруға болады, бір тұрғынға кететін су шығыны. Бұл жерде жаңа су өткізгілерді жобалаудың су мөлшерін есептеуді анықтап алу үшін керек.(болғанды жаңадан құру- реконструкциялау)

4.3.Сумен тұтынудың есептік тәуліктік көлемін анықтау

Сумен тұтыну мөлшері объектінің суға жалпы есептік қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беріп, суөткізгін жобалау. Бұл қажеттілік әр су пайдаланушы тұтынушыларының санаттарына бөлек белгіленеді.

Объектінің сумен жабдықтауға талаптанған су санының негізгі өлшемі тәулік шығыны болып қабылданады. Мысалы, елді мекен жерлерінің шаруашылық ауызсу қажеттіліктеріне орташа тәуліктік су шығыны S болады.

S=qcpN

Бұл жерде Qcp-бір тұрғынға тәуліктік су шығынының орташа мөлшері (кесте бойынша)

N- тұрғындардың есептік саны, бұл қаланың , кентттің жоспарлаудың жобалағанда сәйкес алыну қажет.

Қаланың немесе кенттің есептік ауызсу шаруашылық қажеттіліктерін толық анықтау үшін берілген тәуліктік шығындарға жұмыскерлердің өндіріс орнындарында болған уақытымен жоспарланған жұмыскерлер саны жұмыс алмасу санымен және қала мекемелеріндегі өндірістермен байланысты шаруашылық ауызсу қажеттілігіне берілетін су мөлшерін қосу керек.

Бұдан басқа суаратын көше мен жасыл ағаштардың аудандарына сәйкес қосымша суаруға арналған шығындарды алып тастау керек.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының су қажеттілігі өнеркәсіп тапсырмасы бойынша белгіленеді.

Өнеркәсіп орнының суөткізгілеріне кейбір тәулікте су шығынының

шамасы жұмыс тәртібімен байланысты өзгереді. Кейбір кәсіпорындарда су шығыны тәртібі басқа маусымдарға байланысты өзгереді. Мысалы, будың суыту және айналу шығындары судың температурасына байланысты, сондықтан тәуліктік шығыны қыс мезгілінен жазда жоғары болады. Кейбір жағдайларды өнеркәсіптің техникалық қажеттіліктеріне су шығының тәртібі жыл мезгілімен байланыспайды, тәуліктік су шығыны біркелкі немесе азғантай өзгеріп отыруы мүмкін.

Осылайша объектіге барлық тұтынушылардың ықтималды жиынтық су шығыны белгіленеді.