Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции ИОТ.docx
Скачиваний:
136
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
543 Кб
Скачать

1-2 Дәріс. Ауылдық жерлердегі автомобиль жолдары және тасымалдаудың маңызы.

1.Автокөлік пен автомобиль жолдарының халық шаруашылығындағы маңызы.

2. Автомобиль жолдардың жіктелуі

Мемлекеттің халық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өндірісіндегі автокөлік пен автомобиль жолдарының маңызы.

КСРО экономикасының жан-жақты дамуы көлік алдында жүк және адам тасымалдауын қамтамасыз ету бойынша талаптар қояды.

Жоспарлы - әлеуметтік шаруашылық жағдайларында көліктің барлық түрлері – темір жол, автомобиль, су (теңіз және өзен), әуе және құбырлы – халық шаруашылығының барлық салаларындағы көлік мәселелерін шешу үшін қолданылатын бірлік көліктік жүйені құрайды.

Темір және әуе көлігі жүк және адамның массалық тасымалдауын үлкен ара қашықтықтарда жүзеге асырады; әуе көлігі құнды жүктер мен адам тасымалын үлкен жылдамдықпен, әрі тез орындайды; құбырлы көлік – бұл мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдаудың экономды түрі.

Автомобиль көлігі ішкі шаруашылық және шаруашылық аралық тасымалдаудың барлық түрін қамтамасыз етеді және 400 км-ге дейінгі қашықтыққа жүк және адам тасымалдауына экономикалық мақсатты. Бұл көлікпен көбінесе аз қашықтықты тасымал жүргізілетінін көрсетеді. Халық шаруашылығы үшін көлік тасымалының маңызы жайлы оның қолданылуын айтуға болады.

Көлікпен соңғы жылдары 80% көлемі бойынша және басқа көлікке қарағанда 4 есе көп жүк тасымалданады. Жүк айналымы бойынша көлік тасымалы темір, су және құбырлардан кейін 4 орын алады және КСРО бойынша барлық жүк айналымының 6% құрайды. Оған тән бірнеше қасиеттер қатарына сай автомобиль көлігі басқа көлік түріне қарағанда ауыл шаруашылығында қолдануға аса тиімді. Себебі, оны жоғары маневрленгіштік сипаттайды. Ол көлік құралдарын қажетті мөлшерде бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, автономдылық, яғни хабар жолына шағын қатынасты. Өзен көлігі гидрографиялық торға, темір жол – темір жолға, әуе – аэродромдарға байланысты.

Тасымалдың үлкен жылдамдығы темір жол бойынша тасымал жылдамдығына тең және тек әуе көлігінің жылдамдығынан ғана теңдестірілмейді. Ауыл шаруашылық үшін автокөлік маңызы тасымалданатын жүктің жартысының көбі ауылшаруашылықтың болғандығынан көрсетіледі.

Бұл тұқым, тыңайтқыш, отын және майлау материалдары, машиналар, өзге де өнім. Қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық жұмыстар жартысынан аса көліктік болып саналады, Сондықтан, көлік тасымалы – ауыл шаруашылық өнім өндірісінің технологиялық үрдісінің маңызды құрама бөлігі.

Автокөліктің жұмыс тиімділігі көп сатыда жол жағдайына байланысты. Қазіргі уақытта, ауылдық аудандарда орналасқан жолдардың көп бөлігінде қатты жамылға жоқ. Жаңбырлы күндері мұндай жолдардан өту қиындайды, кейде мүлдем мүмкін емес. Сол үшін колхоздар мен совхоздар жүкті трактор көмегімен тасымалдайды, ол тасымалдау жылдамдығын төмендетеді және экономикалық тиімсіз. Жолдардың жаман күйі автокөлік жұмысының тиімділігін төмендетеді: 3-4 есе тасымал жылдамдығы төмендейді, 3-5 есе жылу шығыны өседі, өнімнің шығу мерзімі бұзылады, 4-5 есе тасымалдау құны артады.

Тасымалдың өзіндік құны – көлік жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші. Соңғы жылдары орта есеппен мынаны құрады: автокөлікпен – 5,2тг; өзен көлігімен – 0,26тг, теңіз – 0,16, темір жолмен – 0,25 тиын (тонна - км). Тасымалдаудың өзіндік құны жақсы жолдарда 2,5-3,0 тиын/ткм аспайды, ал колхоз бен совхоздарда 10-18 тиын/ткм, яғни 2-3 есе көп.

Автотасымал көлемінің ұлғаюына байланысты ауылшаруашылық жолдарда қозғалыс қарқындылығы мен жылдамдығы артады. Жолдармен автопоездардың қозғалысы кейінгі артылған талаптарды ұсынады: максималды бұрылыстардың шектелуі, шағын радиусты бұрылыстарда жол бөлігін кеңейту, аса капиталды жол киімі мен құралдарын қолдану.

ІV санатқа облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, жергілікті маңызы бар жолдар, жалпы тор жолдары, өндірістік кәсіпорындар, ірі құрылыс объектілері, совхоздар мен колхоздар жолдары жатады.

V санатқа жергілікті маңызы бар, ішкі өндірістік, тұрақты ішкі шаруашылық, қызметтік жолдар. V санаттағы жолда қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 200 автомобиль.

І – ІІІ санаттағы жолдарды жоғары санаттағы, ал ІV – V санаттағы жолдарды – төменгі санаттағы жолдар д.а. Елді мекен шегінде жолдарды көшелер деп атаймыз.

Ауыл шаруашылық жолдарға ауылды аудандарда жолдар жатады. Бұл жолдар ІV – V санатқа жатады. Ауыл шаруашылық жолдары нысаналы мақсатына қарай 2 топқа бөлінеді. 1-ші топқа шаруашылықтан тыс жолдар жатады:

  • колхоз бен совхоздарды аудан орталығымен байланыстыратын, жалпы мемлекеттік, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарымен, темір жол станцияларымен және пристаньдармен.

  • өзара ауыл орталықтарын, колхоз, совхоздарды, ауыл шаруашылық өнімін өндіру бойынша кәсіпорынды байланыстыратын.

2-ші топқа ішкі шаруашылық жолдар жатады: - ауылдық елді мекендерді орталық усадьбаларды, бөлімшелер мен бригадаларды даламен, мал фермаларымен, шеберханалармен, складтармен байланыстыратын.