Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции ИОТ.docx
Скачиваний:
136
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
543 Кб
Скачать

2. Автомобиль жолдардың жіктелуі

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы пайдаланудағы автожолдардың ұзындығы 88 мың км құрайды, оларды 65 мың км немесе 74% жергілікті маңызы бар жолдар болып табылады. 1998-1999 жылдары жергілікті маңызы бар жолдар өңірлердің балансына берілген кезде 40,4 мың км жол (ұзындығының 61%) қанағаттанарлык күйде болады. 1997 жылдан бастап жолдардың жай-күйі туралы ауқымды зерттеулер жүргізілген жоқ, жолдардын жай-күйі аса төмен қаржыландырумен байланысты одан әрі нашарлады.

Ауылшаруашылық өндірісінде көлік жыл бойы негізгі қызмет атқарады. Ауылшаруашылық өнімдерін қабылдау бөлімшелеріне шикізатты қайта өңдеуге уақытында жеткізу, сонымен қатар егістік жерлерге тыңайтқыштар жеткізу, жанар-жағар май, тұқым және тағы басқаларын тасу аса маңызды жұмыстардың бірі.

Ауылшаруашылық аудандарында тасымалдау көліктін барлық түрлерімен темір жол, су, автокөлік және әуе жолдарымен жүзеге асырылады, бірақ аса маңыздысы автокөлікке байланысты.

Автокөлік жұмысы жол жағдайына байланысты. Көктемде егіні себудің қызу шағында және күзде егін жинау кезінде қолайсыз жолдарда, яғни топырақ қабатының ылғалдануынан батпаққа айналған жолдарда жүру, жанар-майдың көп шығындалуына жөне автокөліктің тез тозуына келіп соғады, Қысқы уақыттарда жолда жүру қардын, калың болып түсуінен киындайды. Құрғакшылық жылдары топырақты жолдардан көтерілген шаң автокөлік козғалысына жақын жатқан егістік жерлерінің өніміне және тұрғылықты жерлерде тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайына зиянын тигізеді.

Жыл сайын еліміздің ауылшаруашылық аудандарында мыңдаған шақырымдарға созылған жолдар қатарға қосылуда.

Барлық автокөлік жолдары көпшілік қолданыстағы және ведомстволық жолдарға бөдінеді. Көпшілік қолданыстағы автокөлік жолдары мемлекеттік жол шаруашылығы ұйымдарының балансына жатады.

Автокөліктерді жетілдіру, жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың орташа кашьқтығын арттыруына байланысты болады.

Автокөлік жолдарын халық шаруашылығында пайдалану міндетті түрде жобалау және оның ұзақтығын арттыруды қарастыру керек. Сонымен қатар автокөлік жолдары мен автопоездардың қауіпсіз козғалысын барлык жол жүрісінде, бұрылыстар, жоғарыға көтерілу мен төмен түсуі, ауа-райы мен жыл мезгіліне карамай-ақ жүрумен камтамасыз ету керек. Жолдын сапасы жүргізуші мен жолаушыларды шаршатпайтындай жақсы жасалу керек. Барқа да санитарлық - гигиеналық жағдайлар сақталуы керек: аз шаңдату, қозғалыстың жоғарғы дәрежедегі тыныштығы, жолаушылардың ұзақ жолда демалу мүмкіндігі, автокөліктерге жанармай құю, жөндеу жұмыстарын жүргізу тағы басқа.

Жолдың маңызы жоғары болса, оның салыну мен пайдалануына катаң талап койылады. Негізгі қызмет атқаратын қозғалыстың есебі, техникалык-экономикалыұ көрсеткіші мен жол кұрылысының қаражатын анықтайды.

Бүкіл автокөлік жолдары ортақ жүйелі, қалалык, ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындар жолдарына бөлінеді. Әкімшілік-саяси, экономикалық және мәдени маңызына байланысты ортақ жүйелі жолдары келесі топтарға бөлінеді: жалпы мемлекеттік, Республикалық, облыстық және жергілікті белгілеу.

Жалпы мемлекеттік жолдар мемлекет астаналарын, ірі өндірістік және мәдени орталықтарды, маңызы бар курортарды және көрші мемлекеттерді магистралды жолдармен байланыстырады

Облыстық мағынасы бар жолдар, автономдық мемлекеттік негізгі әкімшілік, мәдени, экономикалык және саяси орталықтарды, облыстарды өзара және аудан орталықтарымен байланыстырады.

Аудандык жолдар облыстық орталыктарымен, маңызды теміржол станцияларымен және өзара аудандарды байланыстырады

Жергілікті белгілеу жолдары - аудан орталықтарын және ауылды елді мекендерді, теміржол, кемежай станцияларымен байланыстырады.

Қозғалыс қарқындылығы деп бір берілген уақытта (тәулік, сағат) жолдың кескіні арқылы өтетін автокөлік санын айтады. Қозғалыс қарқындылығы жолдың барлық ұзындығында бір қалыпты болмайды.

Жалпы желідегі автокөлік жолдарынын маңызы мен козғалыстың орташа тәулігінің перспективалық қарқындылығы бойынша бес техникалық санатқа бөлінеді.

1 және 2 санатқа козғалыстын орташа тәулік есебін перспективалық қарқындылығы бойынша жалпы мемлекеттік маңызы бар жолдарды ірі қалалардан әуежайларға, өзен мен теңіз порттарына кіре берістерді жатқызады: 1 санаттағы жолдарды 7000-дай автокөліктер; 2 санаттығы жолдарда 3000-7000; 3 санаттағы жолдарды экономикалық және әкімшілік аудандарды, өндірістік және мәдени орталықтарды, көлік тораптарын, ірі өндірістерді байланыстыратын, қозғалыс қарқындылығы 1000-нан - 3000-ға дейінгі автокөліктер; 4 және 5 санаттар, бұлар көп жағдайда жергілікті шаруашылық және әкімшілік жолдарының қозғалыс қарқындылығы 4 санаттағы жолда: 200-ден 1000-ға дейін, 5 санаттағы жолдарда; 200-ге дейін автокөліктер.

Сонғы жылдары кейбір жолдардың ерекшелігін анықтайтын ауылшаруашылығы жолдарының жобалауын салу мен жөндеуде ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде мынадай негізгі факторларды есепке алған жөн:

1) технология мен ауылшаруашылығы жұмыстарын үйымдастыруға ықпал ету;

2) жаңа ауылды жетілдірудін элеметтік факторлары;

3) жүк арту түрлері (тракторлар, поездар, кұрылыс уақытындағы жүк);

4) қозғалыс тәртібі;

5) ауыл шаруашылығы өнімдерінің халық шаруашылығында құндылығы;

6) ауыл шаруашылығы өнімдеріне әсер тигізетін экономикалық негіздердің ерекшелігі;

7) қаржыландыру ерекшеліктері (әр түрлі каналдар, жол құрылысьш қаржыландыру);

8) бір аумакқа белгілі нысандардың таралуы;

9) бір объектінін шағын капиталдық сыйымдылығы;

10) түрлі жүмыстар;

11) жақсы жұмыс бойынша жұмыстардың айтарлықтай мөлшері;

12) поселкелік жұмыстардың өзгешелігі;

13) үйымдасқан құрылыс жүйесінің өзгешелігі.

Ішкі шаруашылық жолдары көбінесе құнды жерлерден өтеді, сол себепті жобалау кезінде осы факторды есепке алу міндетті. Жолдарды салуда жерлерді қайта өңдеу қажет. Жердің өсімдік қабатының жиегінің ұзындығы бойынша жер жұмыстарын бастаудың алдын алып, жақын егіс жерлерге егу керек. Жолды жобалауда үш жоба жүзеге асырылады: көлденен кескін, жоспардағы жол және үзына бойлы кескін.