Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции ИОТ.docx
Скачиваний:
136
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
543 Кб
Скачать

4.4. Табиғи қайнар көздері және сумен жабдықтау мақсатында оларды пайдалану

Сумен жабдықтау жобасында жауапты мәселелердің бірі қайнар көздерін таңдау, яғни бұл барлық жүйе түрлерінің құрамында қандай құрылыстың бар екендігін құрылыстың пайдалану құнын анықтайды.

Сумен жабдықтау қайнар көздері төменгі негізгі талаптарға сай болу керек:

а .су тұзының көтерілуіне байланысты объектіні дамытудың келешегіне қажетті су мөлшерін берумен қамтамасыз ету.

ә .тұтынушыларға тоқтаусыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету;

б .тұтынушылардың қажеттеріне байланысты сапасына сай жай және арзан жолдармен суды тазартып беру;

в . объектіге су беруде мүмкіндігінше қаражатты аз шығаруға аз шығару;

г . судың сұрыптауы тұрақтанған экология жүйесін бұзбау үшін қайнар көзінің қуаты мол болу керек.

Түрлі объектіні сумен жабдықтау үшін қайнар көздерін таңдауда дұрыс шешеім шығару қажет. Ауданның тұрған жеріне байланысты су ресурстарына талдау жасауға және зерделеуге мүмкіндік туғызу керек.

Сумен жабдықтау мақсаттарына көзделген табиғи қайнар көздері екі негізгі топқа бөлінеді:

а . жер үстіртіндегі бұлақтар, өзендер және көлдер;

ә .жерасты бұлақтары, жерасты сулары, артезиан сулары, және бұлақтары.

Сумен жабдықтау қайнар көздерін таңдауда маусымдық құбылыстардың су шығындарын су мөлшерінің мүмкіндігін және өзен суын шығынсыз қамтамасыз етуін ескеру қажет. Сумен жабдықтау құрғап қалған немесе қыста қатқан өзендерден құрылмайды.

Өзендер мен көлдердің сапасы көптен атмосфералық жауындардың түсуіне қар еруіне, қала мен өнеркәсіптердің жер бетінде суғаруға байланысты. Өзен суының сапасы маусымдық құбылысына қарай жиі өзгеріп тұрады.

Ірі елді мекен жерлеріне жерасты су көздерінің дебиті жиі жеткіліксіз болады. Бұл жағдайларда судың нашар сапасына қарамастан оған тиісті тазарту жұмыстарын жасап пайдалануға беріледі. Тәжірибеде, көлемі бойынша көптеген кіші және орташа елді мекен жерлерінің сумен жабдықтауы жерасты қайнар көздерін пайдалану арқылы жасалған. Көптеген ірі қалалардың сумен жабдықтауына толық немесе азғантай жер үстіртіндегі сулармен тазартудан кейін пайдалануға болады.

4.5. Сумен жабдықтау қайнар көздеріне адамдардың шаруашылық әрекеттерінің әсер етуі

Қазіргі уақытта адамдардың шаруашылық қызметтерінің дамуына байланысты сумен жабдықтау қайнар көзі ахуалына дебит судың сапасы бірталай әскер етеді.

Бұл жерде ескере кеткен жайт, ең алдымен, табиғи суды кешенді пайдаланады, яғни сумен жабдықтауға ғана емес, басқа да көптеген мақсаттарға көзделген, суару, гидроэнерготехника, су көлігі, ағаш ағызуы, суды іріктеуі қайнар көздерінен алынады.(сумен жабдықтауға , суаруға) суды іріктемей-ақ тек сутоғанды пайдалануға болады. Кейбір ірі су тұтынушылар мен пайдаланушылар өзендердің табиғи суларымен пайдалануға қанағаттанбайды. Бәрімізге белгілі, гидротехниканың мақсатына өзен суағарының реттеуі бөгет құрылуымен және сутоған жасалуымен жүзеге асады.

Кейде өнеркәсіптерде су мөлшері қажеттілігінен суағарды реттеген жағдайда оны жергілікті өзендерден алуға болады.

Өзен суағарын реттеуі жер суаруы адамдардың жиі шоғырланған жерінде және өнеркәсіптік аудандарда көптеген өзендер кейін біртіндеп сутоған жүйесіне айналады.