Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции ИОТ.docx
Скачиваний:
136
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
543 Кб
Скачать

2.6 220 КВт дейінгі кернеулі кабельді желілер

Кабельді желілердің жобалауы және жабдықталуы желінің дамуы, желіні таңдау және оның жауапкершілігі, трассаның жағдайы, жамылғы тәсілі, желілердің құрылысы және т.б. есебімен техникалық-экономикалық есеп айырысу негізінде жүргізілуі қажет.

Кабельді желінің жолын таңдау кезінде мүмкіндігіне қарай топырақты учаскелерден, кабельдің металды қабығына сәйкес келмейтін жерлерден алшақ болғаны дұрыс.

Жарасты кабельді желілердің үстіне электр желілерді күзету ережелеріне сәйкес кабельдер орналасқан алаң көлемінде күзету аумағы бекітілуі кажет. Ол алаңдар көлемі мынадай:

  • 1 кВт-тан жоғары кабельді желілер үшін шеткі кабельдерден бастап әрбір жағына 1 м;

  • 1 кВт-тан жоғары кабельді желілер үшін шеткі кабельдерден бастап әрбір жағына 1 м, ал егер кабельді желілер қала ішінде тротуардың астымен өтетін болса, онда ғимарат араласқан жаққа қарай 0,6 м көшенің көлік жүретін бөлігіне қарай 1 м;

2.7 Кабельді жерлердің жерге төселуі

Кабельді жерге төсеу кезінде кабельдер траншеяның ішіне тығындалуы және астынан да, үстінен де құрамында тасы, құрылыс қалыңдығы және шлагі жоқ майда топырақпен жабылуы қажет.

Кабельді барлық уақытта да механикалық зақымдардан, әсіресе егер кернеу 35 кВт және одан жоғары болса, онда қалыңдығы 50 мм-ден аспайтын темір бетонды плиткалармен, егер кернеу 35 кВт-тан төмен болса, онда ол бір қабат етіп кәдімгі саз кірпіштермен немесе плиткалармен жабу арқылы сақтап қалу қажет.

20 кВт және одан да төмен кабельдерді 1 – 1,2 м тереңдікке төсеу кезінде (қалалық электрожүйелерден басқа жерлерде) оларды механикалық зақымдардан қорғау қажет емес.

6-10 кВт-ті кабельді желілерді жаяу жүргіншілер жүретін жерге төсеу ең кем дегенде 1 м тереңдікте жүргізілуі қажет.

Кабельді желілерді параллельді түрде төсеу кезінде кабельдер арасындағы қашықтық ең кем дегенде мынадай болуы қажет:

  1. 10 кВт-қа дейінгі күшті кабельдердің арасы, сонымен қатар олар мен бақылау кабельдерінің арасы 100 мм;

  2. 20-35 кВт-ті кабельдер арасы және олар мен басқа кабельдердің арасы 250 мм;

  3. Әр түрлі ұйымдар пайдаланатын кабельдер арасы, сонымен қатар байланыстың күшті кабельдері арасы 500 мм;

15 Дәріс

Сумен қамтамасыз ету

4.1. Су қажеттілігі және оларды оларды қанағаттандыратын қайнар көздері

Суды тұтынудың негізі санттары

Қазақстан Республикасы Су Заңдарының міндеттері халықтың, экономика салалары мен айналадағы табиғи ортаның муқтаждары үшін суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан ,былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.

Ауылды елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету денгейін және су ресурстарының қашықтығын қысқарту ауыл шаруашылығын, қайта өңдеуші өндірістер мен шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі құрал ретінде сондайақ, республикадағы әлеуметтік,демографиялық және санитарлық эпидемиялогиялық ахуалды тұрақтандыру факторы ретінде қаралады. Техникалық іс шараларды жүзеге асыру сумен қамту жүйелері мен құрылыстарының жұмысын жақсартуға, олардың жұмысын неғұрлым тиімді етуге,су беруге арналған шығыстарды төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен техникалық шешімдерді енгізуді көздейді.

Адам ағзасы үшін зиянды химиялық қоспалардан тазартуды қамтамазыз ететін Шаңқанай кен орнының табиғи цеолиттерінің негізінде су дайындаудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып, су тазарту станцияларын салу көзделуде.

Әлсіз және қатты тұздалған суды тұздан арылту және ауызсуды алу үшін темірді, маргенецті кетіру, судың қышқылдылығын түзету, сондайақ қатаңдығын азайту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін отандық жабдықты пайдалануды көзделеді.

Жоғарыда аталған жұмыстарды орындау сапалы ауызсумен республиканың 2411 ауылды мекенін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әрбір объектінің сумен жабдықтау жүйесін жобалау үшін ең алдымен осы объектіге қанша су керектігін және оның сапасын аныұтап алуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін берілетін су мқлшері мен сапасына қарай тұтынушылардың талаптарын толық білу және белгілеу қажет. Су барлық тұтынушылармен әр түрлі қажеттіліктерге жұмсалады.Көптеген су шығындарын 3 негізгі санатұа бөлуге болады.

1. Халықтың шаруашылық ауызсу қажеттілігіне суды жұмсау.

Бұл жағдайда адамдардың тұрмысына байланысты мынандай су шығындары жатады : ауызсу, тамақ дайындау, жуыну, кір жуу, үй жайларыының тазалығын ұстану және т. б. Осы санаттарға барлық су шығындары жату мүмкін, қала немесе кентті абаттандырумен қамтамасыз ету үшін көшелер мен ағаштарды суару үшін және т.с.с.

2.Өндірістік техникалық мақсаттарына берілетін су шығындары өндірістік мекемелерде ,көлікте, энергетикада, ауылшаруашылықта және т.б.(бу түзілу, салқындату, будың суға айналуы әр түрлі фабрикаттарды дайындау кезінде, өнімдерді жуу кезінде және т.б.).

3.Өрт сөндіру үшін судың шығындары суөткізгі қажеттілігіне жұмсалынады (фильтрді –сүзгіш су қабылдану қондырғыларды,желілерді шаю және т.б.).

Судың сапасына байланысты пайдалану талаптары әр түрлі. Мысалы халықтың ауызсу қажеттілігіне ең біріншіден санитарлық – гигеникалық мынандай негізгі талаптар қойылады: денсаулыққа зиян келтірмеу, ауру жұқтыратын бактерияларсыз, мөлдір, суда иіс болмау және жағымсыз дәм болмау керек.

Кейбір өндірістік тұтынушылар пайдаланатын су сапасына түрлі талаптар қояды. Мысалы, тамақ өнеркәсібі су сапасына мынандай талап қояды, суда минимальды тұз мөлшерін ұстанады. Тоқыма өнеркәсібінде судың құрамында темір болмау керек және т.с.с. Бірнеше өнеркәсіптік тұтынушылар судың сапасына табиғат жаратылысында кездеспейтін талаптар қоюы мүмкін.