Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать

13. Техникалық реттеудің мақсаттары қандай

техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;

1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда,техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

14. Стандарттау объектілері қандай болады?

Мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілері. Қызметтің кейбір түрлері, солардың көрсетілуіне байланысты процестер, процедуралар, және уәкілетті органдар мен олардың бөлімшелерінің функциялары, кейбір лауазымды тұлғалардың әрекеттері. Осылар үшін талаптар, нормалар, ережелер, мінездемелер, өлшемдер шығарылады.

Стандарттау жұмысына төмендегі әдістемелер кеңінен қолданылады:

  1. стандарттау обьектісін реттеу

  2. параметрлік стандарттау

  3. өнімді сәйкестендіру

  4. агрегаттау

  5. кешенді стандарттау

           Сонымен қатар стандарттау әдістемесі – бұл стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданулатын тәсілдер жиынтығы болып табылады.

          Стандарттау обьектісін реттеу – өнімді процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу  - көп түрлікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты.

           Стандарттау обьектісін сұраптау – арықарай өндіруге және қоғамдық өндірісіне пайдалануға ыңғайлы деп танылған нақты обьектілерді сұраптауға бағытталған іс-қимыл.

  Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]