Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать

37. Экология және стандарттау

1946 жылдың 14 қазанында Лондонда бас қосқан 25 ел делегаттары жаңа халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім қабылдады. Бұл ұйымның басты мақсаты — өндірістік стандарттарды халықаралық формаға сай үйлестіруге және біріктіру жөнінде жәрдемдесу болып табылады. Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) жолдауында биылғы жыл әлемдегі экология мәселесіне арналды. Сондықтан да оның биылғы ұстанымы «Ауа-райының өзгеруіне стандарттар көмегімен қарсы тұру» деп аталды.

Бұл оқиға экономика дамуында, өнеркәсіп, сауда, басқарма құрамында және тұтынушылық қозғалыстардың мүдделерін қамтамасыз етуде стандарттар маңызының артқанын көрсетеді.

ИСО тәжірибесінің негізінде тұрақты жетілдірілуге ұмтылу тұрады. Бұндай көзқарас қауіпсіз өнімді шығаруға және көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық дамыған елдер басқарудың озық құралдарын қолданудың экономикалық тиімділігін әлдеқайда жоғары бағалаған болатын.

Мысал ретінде, Финляндияда орналасқан аты әлемге әйгілі «RAUTARUUKKI» металлургиялық зауытын алсақ та болады. Аталған зауыттың мамандары мүлтіксіздікке жету мүмкін емес деген пікірді ұстанады. Бұл кәсіпорында ХС ИСО енгізілген. Дегенмен, кәсіпорын басшылары тексеріспен келетін аудиторлардың кемшілікті аз табуы – мекеменің нарық заманында алға жылжуына көп кедергі келтіреді деп есептейді екен. Яғни, мұнда сынға кеңінен жол беру арқылы өздерін шыңдауға бейімделген.

ДСҰ елдері халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайтын серіктестермен ғана тізе түйістіре қызмет атқарады десек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл талаптарды толық орындап, ДСҰ құрамына кіреді деп, нық сеніммен айтуға болады.

Стандарттаудың халықаралық қолдауға ие болғаны мәлім және де ол экономиканы басқарудың бірден-бір тетігі болып табылады, сонымен қатар бәсекелестік, инновацияларды енгізу, саудадағы кедергілерді жою, сауданы кеңейту, тұтынушы міндеттерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік жеткізулер және т.б. секілді мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыттарын қолдаудың шешуші факторы болып табылады. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшу барысында стандарттарды қолданудың аумағы айтарлықтай кеңейді.

Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) – халықаралық стандарттарды әзірлейтін және басып шығаратын әлемдегі ірі ұйым.  ИСО – бір ел бір комитет – мүшені білдіретін 157 елдің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар (комитет – мүшелер) желісі. Орталық хатшылығы Женевада, Швейцария барлық жүйені үйлестіреді.  ИСО – мемлекеттік және жеке секторды байланыстыратын үкіметтік емес ұйым. Бір жағынан көптеген ұйымдар (комитеттер – мүшелер) өз елдерінің мемлекеттік құрылымының бөлігі болып табылады немесе өз үкіметтерінің мандаттары болады. Екінші жағынан, басқа да комитет – мүшелер өнеркәсіптік ассоциация арасындағы ұлттық серіктестік арқасында дүниеге келген жеке секторға кірді. Осылайша, ИСО қоғамның айтарлықтай кең қажеттілігі сияқты, бизнес талаптарына да сәйкес келетін шешімдер негізінде жетуге тиіс консенсусқа мүмкіндік береді.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]