Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать

21. Сәйкестікті растау деген не және оның түрлері мен ерекшеліктерін келтіріңіз.

Сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қүжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рэсімі. Сәйкестікті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады. Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және осындай сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ғана жүргізеді. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді. Сәйкестікті растау органы берілген сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімін мына жағдайларда тоқтатады:        1) сынақтан өткен өнімнің теріс нәтижелері;        2) сәйкестікті растау бойынша органға тиісті ескерту жасамай өнімнің құрылғысының (құрамының), комплектілігінің, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясының өзгеруі;        3) технология талаптарының орындалмауы;        4) өнімнің белгілі бір түрінің шығарылуының немесе қызметтер көрсетудің тоқтатылуы;        5) мемлекеттік бақылау барысында өнімніңтехникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда.

Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

2. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті растау саласындағы құжат — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж.б.) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.

Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]