Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать

10. Өлшеудегі априорлы ж/е апостериорлы ақпараттың рөлі

Өлшеу ақпараттары, физикалық шамаларды өлшеу мәндері туралы ақпараттары өлшеу сигналдарын құрайды. Априорлы ақпарат Өлшеу - белгілі бір физикалық шамамен оның өлшем бірлігі ретінде қабылданған мән арасындағы сандық қатынасты іс жүзінде анықтауға арналған ақпараттық процес. Өлшеу кезінде «Ақпарат» ұғымы қолданылады. Ақпарат дегеніміз – объекті туралы алғашқы анық емес ілімдерді азайтатын мәліметтер жиынтығы болады. Ең маңызды болып саналатын мәліметтердің бірі өлшеу жолымен алынатын объектілердің қасиеттерінің санаулы сипаттамалары туралы болып саналады. Дайындық априорлы ақпараттар негізінде жүргізіледі. Дайындықтың сапасы ол қандай шамада қолданылғанына байланысты. Тиімді дайындық қажетті болып табылады, бірақ өлшеудің мақсатына жетуге жағдай жетіспейді. Апостериори - тәжірибеден алынған білімді белгілейтін термин. –тәжірибеден кейінгі ақпарат.

11. Өлшеуге әсер ететін негізгі факторларды көрсетіңіз. Өлшем қателігі деген не?

Өлшем қателігі - өлшеу нәтижесі өлшенген шаманың шынайы мәнінен ауытқуы.

Өлшеу қателігі байқалу заңдылығы бойынша – жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателіктер болып анықталады. Жүйелі қателік (∆с) – бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі бір заң бойынша өзгеретін қателік. Кездейсоқ қателік – бір шаманы бірнеше рет өлшегенде кездесетін кездейсоқ түрде өзгеретін қателіктер. Дөрекі қателік немесе ауытқулар берілген өлшем жағдайларындағы күткен жүйелік немесе кездейсоқ қателіктерде өте жоғары болатын қателіктер. Пайда болу себебіне байланысты өлшеу қателіктері былай жіктеледі: Тәсілдің қателігі – бұл өлшеу әдісінің жетілмегендігінің, есептеу формаларының дөрекілігінің нәтижесін жұмырлаудың салдарынан пайда болатын қателік. Инструменталды қателіктер – себептері қолданатын өлшем құралдарының қасиеттерінде болып табылатын қателіктер. Субъективті жүйелік қателіктер – адам ағзасының ерекшеліктеріне негізделетін адамның жеке қасиеттері келтіретін қателіктер

12. Стандарт деген не, оның түрлері , структурасы қандай?

стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;

Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:

Біріншіден,  заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.

Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.

Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді.

Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің  базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан  Республикасында  стандарттау  жөнінде  мынадай нормативтік құжаттар бар:

•  Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);

•  салалық стандарттар (ССТ);

•  техникалық жағдайлар (ТЖ);

• кәсіпорындар,   бірлестіктер,   қауымдастықтар,  концерндер стандарттары;

•   ғылыми-техникалық   қоғамдар,   инженерлік   одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]