Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать
  1. Халықаралық бірлік жүйесінің артықшылықтарын көрсет

Бірліктердің Халықаралық Жүйесі (SІ; СИ) — Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 — 18-Бас конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан басталды (ГОСТ 9867 — 61), ал 1982 жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің бірліктері арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген кестеде Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер — электрлік және магниттік, кельвин — жылулық, кандела — жарық, моль — молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады. Халықаралық бірлік жүйесі (International Sistem Units) — 1960 жылы Парижде өткен мөлшер мен салмақ туралы XI Генералдық конференцияда барлық ғылыми, техникалық, халықшаруашылығы салаларға және білім жүйесіне арналып, қабылдаған физикалық шамалардың әмбебап бірлік жүйесі.

ӨЖ бірліктері жүйесінің басқалардың алдында артықшылықтары:

- әмбебаптылығы, яғни ғылым мен техниканың барлық облыстарын қамтуы;

- өлшеудің барлық облыстары мен түрлерін бірыңғайлауы;

- шамалардың когеренттігі;

- бірліктерді жоғары дәлдікпен ұдайы өсіру мүмкіндігі;

- ауысымдық коэффициенттердің жоқтығына байланысты формулалар-дың жазылуын ықшамдауы;

- еселік және үлестік бірліктерді құрудың бірыңғай жүйесі;

- рауалы бірліктердің санын азайтуы.

2. Физикалық шамалар бірліктерін келтір

Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің кейбірін ғана (ұзындық, масса және уақыт) қамтитын, ал қалған өлшеу бірліктері сол негізгі бірліктердің туындысы ретінде анықталатын жүйе; физикалық теориялардың негізінде құралған, физикалық шамалардың табиғатта болатын өзара байланысын көрсететін, физикалық шамалардың қандай да бір жүйесінің негізгі және туынды бірліктерінің жиынтығы. Бірлік жүйесі түсінігін негізгі және туындының жиынтығы ретінде ең алғаш рет 1832 жылы неміс ғалымы К.Ф. Гаусс ұсынған. Бұл жүйеде негізгі ретінде мыналар қабылданды:

ұзындық бірлігі - миллиметр

масса бірлігі - миллиграмм

уақыт бірлігі - секунд

Бірліктердің бұл жүйесі абсолютті деп аталды.

1881 жылы СГС физикалық шамалардың бірліктер жүйесі қабылданған, оның негізгі бірліктері:

сантиметр - ұзындық бірлігі

грамм - масса бірлігі

секунд - уақыт бірлігі

Жүйенің туынды бірліктері: күш бірлігі - килограмм - күш және жұмыс бірлігі - эрг. СГС жүйесін тәжірибеде қолдану қолайсыз болды. Өйткені көптеген бірліктердің арақатынасын анықтау және басқа жүйелерге қайта санау қиындық тудырды.

Көбейткіш

Қосымша

Қосымшаның белгіленуі

Көбейткіш

Қосымша

Қосымшаның белгіленуі

халықаралық

орысша

халықаралық

орысша

экса

E

Э

деци

d

д

пета

P

П

санти

c

с

тера

T

Т

милли

m

м

гига

G

Г

микро

мк

мега

M

М

нано

n

н

кило

k

к

пико

p

п

гекто

h

г

фемто

f

ф

дека

da

да

атто

a

а

3. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мем-к жүйесінің құрылымы қандай

Метрологиялық қамтамасыз етудегі республиканың ғылыми, техникалық және өнеркәсіптік қазіргі заманғы және болашақтағы қажеттілігін талдау негізіндегі Мемлекет Басшысының Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі бойынша қойған бастапқы және міндеттерін қамтамасыз етуде, жоғары дәлдікті өлшеу техникасын дамытуда осы бағдарламамен халықаралық талаптарға сай қазіргі заман деңгейінде ұлттық эталондық базаны жетілдіру және ұстау, салыстырып тексеру және сынақ базаларын құру, халықаралық талаптарға сай зертханааралық салыстыруларды және өлшеу зертханаларын аккредиттеуді ұйымдастыру және білікті мамандарды дайындауды жүргізу қарастырылады, метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу және Эталон орталығын қамтамасыз ету.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мем-к жүйесінің құрылымы мынадай

Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және білікті қызметкерлер даярлау, Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, Республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзіреттілігін растау, Эталон орталығын ұстау,

өлшем бiрлiгi - нәтижелерi заңдастырылған шама бiрлiктерiнде көрсетiлген және өлшем қателiгi берiлген ықтималдықпен белгiленген шектегi өлшемнiң жай-күйi;

өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын объектiлердiң, мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердi, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тiркеудi есепке алу құжаты;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]