Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать

44.Статистикалық мәліметтерге қандай талаптар қойылады.

- статистикалық жүйені статистикалық қызметтің барлық аспектілері бойынша сапаны басқару жүйелерін сатылап енгізу негізінде үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне көшу және барабар ұйымдастырушылық негіз құру;

- халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында статистиканың әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу;

- мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды акпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелі тәсіл енгізу;

- деректерді жинау, топтау, және кесте құру жөніндегі халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика» бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру;

Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құрудың келесідей жетілдіру жолдары бар: — мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың жаңа электрондық базасын құру; — Статистикалық мәліметтер: жинақтау, топтау, кесте құру бойынша “Мемлекеттік статистика туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Мәліметтерді жинау, топтастырудың кейбір институттарында әдістемелік жұмыстар жүргізіледі және мемлекеттік мекемелерге статистикалық бақылауды жүргізу бағдарламасын жасауда кеңес береді, статистикалық стандарт, есеп беру формалары өңделеді, баспаға мәліметтер дайындалады. Осылай ету арқылы барлық Франция әкімшіліктерінің статистикалық жұмысын үйлестіріп отырады. Францияның ста¬тистикалық жұмыстарының негізгі принциптері: өзінің маманданған қызметінде статистикалық мәліметтерді дайындау мен баспаға беруде үкіметке тәуелді болмау, респонденттерден алынған жеке мәліметтердің конфиденциялдығын (құпия болуьн) қамтамасыз ету. СЭЗИ-да біртұтас жүйе құрайтын және елдің территориясындағы барлық тұтынушылардың қолы жететін мәліметтердің жиынтығы ұлттық және аймақтық деңгейлерде құрылған. Институт басқару бөлімі және бөлімшелерден тұрады. Жалпы статистика бөлімі ар¬найы бақылау нәтижелері арқылы алынған мәліметтерді экономикалық талдаумен айналысады, әдістемелік жұмыс жүргізеді, статистикалық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады.

45. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеудің түрлері. Өлшеуді классификациялау.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру. Физикалық шамаларды арнайы аспаптардың көмегімен өлшейді. Ең қарапайым өлшеу құралдарының бірі - сызғыш. Оның көмегімен кашыктықты және денелердің сызықтық мөлшерін: ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді. Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері.

Өлшеу әдістері дегеніміз - нақты бір өлшеуіш міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу қағидаларын теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.

Өлшеу әдістері классификациясының ішінен өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы бойынша классификация кеңінен қолданылады. Бұл классификация бойынша тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі ажыратылады.

Тікелей багалау әдісі арқылы өлшеген кезде шаманың ізделетін мәні сәйкес бірліктерде градуирленген өлшем құралының есептеуіш құрылғысы бойынша анықтайды. Мысалы, циферблатты таразыда өлшеу, бұйым мөлшерін микрометр көмегімен анықтау немесе қысымды серіппелі манометрмен өлшеу. Нөлдік әдіс - салыстыратын құрылғыға өлшенетін шаманың нәтижелі әсер етуі эффектісі мен шаманың қарама-қарсы әсері нөлге келтірілетін өлшеммен салыстыру әдісі.

Мысал. Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға тх массаның әсері токір массасымен толық теңестіріледі (23, а-сурет).

Дифференциалды әдіс кезінде толық теңестіру жасалмайды, ал өлшенетін шама мен өлшемнің жаңғыртатын шамасының арасындағы айырма аспап шкаласы бойынша есептеледі. Дифференциалды әдіс дене температурасы мен қаттылығы сияқты шамаларды өлшеуде пайдаланылмайды.

Мысал. Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға тх массаның әсері токір массасымен біршама ғана теңестіріледі, ал массалардың айырмасы масса бірліктерінде градуирленген таразы шкаласы бойынша есептеледі (23, б-сурет). Бұл жағдайда өлшенетін шаманың мәні, mx = m0 + Δm, мұнда Δm - таразы көрсеткіші.

23-сурет. Салыстыру әдістері

Алмастыру әдісі — өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстыру әдісі. Мысалы; бұйымның мөлшерін рычагты микрометрмен өлшеу немесе электрлік шамаларды айнымалы ток көпірлері көмегімен өлшеу.

Мысал. Серіппелі таразыда өлшеу. Өлшеу екі іс-өрекетпен жасалады. Алдымен таразыға өлшенетін массаны салады және таразы көрсеткішінің жағдайын белгілейді. Сонан соң тх массасы то кір массасымен алмастырылады. Мұнда таразының көрсеткіші алғашқы жағдайдағы орынға келуі керек. Сонымен қатар mx = m0 (23, в-сурет).

Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама арасындағы айырма шкала белгілерінің немесе периодты белгілердің сәйкес келуін пайдалану арқылы өлшейді.

Мысал. Стробоскоп көмегімен валдың айналым санын өлшеу – вал периодты түрде жарық көзімен жарықтандырылады, ал жарық көзінің жиілігі валда жасалған ен баңылаушыға қозғалмайтындай болып көрінетіндей етіп орнатылады. Шкалалардың негізгі және нониусты белгілерінің сәйкес келуін пайдаланатын сәйкес келу әдісі сызықты мөлшерлерді өлшеу үшін қолданылатын штапгенприборларда жүзеге асырылады

Шамамен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен (мысалы, рычагтық таразыда массаны салыстыру) салыстыратын әдіс. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлшемнің өлшеу процедурасына тікелей қатысуында. Ал тікелей бағалау әдісінде өлшем өлшеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері градуирлеу кезінде өлшем құралына алдын ала өлшеуіш құрылғысына беріліп қояды. Салыстыру әдісі кезінде салыстыру құрылғысы міндетті болуы қажет.

Өлшеммен салыстыру әдісінің бірнеше түрі бар:

Нөлдік әдіс

Дифференциалды әдіс

Алмастыру әдісі

Сәйкес келу әдісі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]