Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sisen_stat

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
567.38 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Сисен Ақсұлу Кенжеғалиқызы

Күндізгі бөлім І-ІІ курс экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған

ТЕОРИЯЛЫҚ

СТАТИСТИКА

Дәрістер жинағы

Ақтөбе 2010

УДК

ББК

Дәрістер жинағын әзірлеген және еңгізген Сисен Ақсұлу Кенжеғалиқызы. Теориялық статистика. Дәрістер жинағы (экономикалық мамандықтарының, І-ІІ курс, күндізгі бөлім студенттеріне арналған). – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы АМУ-ң РББ, 2010. 99 б.

«Теориялық статистика» дәрістер жинағы пәннің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған. Дәрістер жинағында статистиканың жалпы теориясынан негізгі тақырыптар орын алған; оқу құралы жоғары білімді мамандарды оқытуда оқу үрдісінде пайдалануға арналады.

Сын пікір берушілер:

Шукурова Б.М., АЭСА,

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі

Тасмаганбетова С.Ж., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті,

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы

Кафедраның оқу-әдістемелік секциясының отырысында

талқыланды.

 

 

 

 

 

 

Хаттама № 11.

2010 ж.,

маусымның

« 22

»

 

 

 

Факультет оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында

талқыланды.

 

 

 

 

 

 

Хаттама № 2.

2010 ж.,

қарашаның

« 8

»

 

 

 

 

 

 

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті оқу-әдістемелік кеңес отырысында мақұлданды.

Хаттама № 2010 ж., « »

2

Кіріспе

 

Нарықтық экономиканың теориясы

шаруашылық

субъектілерге өндіріс тиімділігін ұлғайту, олар өндіретін өнім немесе көрсетілетін қызметтердің бәсеке қабілеттілігін жоғарлату, шаруашылық жүргізудің және өндірісті басқарудың нәтижелі нысандарын қолдану, экономикалық іс-әрекеттерде теріс құбылыстардың салдарын азайту, кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру талаптарын қояды. Осы қойылған міндеттердің шешуінде маңызды рөлі экономикалықстатистикалық талдаумен байланысты болады.

Кәсіпорындардың экономикалық дербестігіне бағытталған нарықтық қарым-қатынастарды тиімді пайдаланудың шаруашылық жүргізу жүйесі заңды және жеке тұлғалардың жұмысына бір қатар жаңа талаптарды үсынады. Мәселен, экономико-статистикалық көрсеткіштердің дұрыс есептелуі, олардың салыстырмалы бағалануы, зерттелетін жиынтықтардың белгілерін статистикалық өңделуі және зерттеулерді өткізу үшін ең ұтымды әдістерді таңдауы, тұтынушыларға статистикалық ақпараттың жеткізу жолдарын анықтауы.

Студенттердің статистикалық материалдарымен жұмыс жасауы үшін, әдістемелік тұрғыдан дұрыс дағдыларды меңгеруде осы ұсынылатын «Теориялық статистика» дәрістер жинағы, сөзсіз, үлкен көмек беретініне үміт артамыз.

«Теориялық статистика» дәрістер жинағы статистикалық білімінің теориясы мен практикасы дамуының казіргі тенденцияларын оқып танудың негізінде дайындалған.

3

Тақырып 1. СТАТИСТИКАНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ, ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

1.1.Статистиканың негізгі ұғымдары.

1.2.Статистика ғылымының салалары.

1.3.Қазақстан аумағындағы статистикалық қызмет дамуының тарихы.

1.4.Қазақстан Республикасында статистиканың ұйымдастырылуы.

1.1. Статистиканың негізгі ұғымдары

Статистика – қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды жағын танып біледі. Статистика нақты орыны бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін, кеңістікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділіктер, тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жатады.

Статистика пәні – көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылықтары.

«Статистика» үғымын (латын сөзі) орта ғасырларда мемлекеттің саяси жағдайы деп түсіндірген. Оны айналымға 18 ғасырда Готфрид Ахенваль енгізді.

Қазіргі уақытта «статистика» ұғымы келесі үш мағынада қолданылады.

1.Статистика – бұл іс жүзіндегі қызмет саласы, оның мақсаты болып түрлі құбылыстар туралы бұқара деректер жинау, өңдеу, талдау және жариялау болып табылады. Синоним ретінде осы жағдайда «статистика» сөзіне «статистикалық есеп» сөз тіркесі қолданылады.

2.Статистика – қоғамдық құбылыстардың белгілі бір жағын немесе белгілі бір көрсеткіштің аумақтық

4

бөлінуін сипаттау үшін қолданылатын сандық деректер.

3.Статистика – бұл білім саласы, ерекше ғылыми пән және сәйкес орта және жоғары оқу мекемелерінде оқытылатын оқу пәні.

Статистикалық ғылым мен іс-тәжірибесінде келесі негізгі ұғымдар орын алады.

Статистикалық жиынтық – бұл белгілі бір сапалы негіз, жалпы байланыс арқылы біріктірілген, бірақ, бірінен бірі белгілі бір белгілермен ажыратылатын әлеуметтікэкономикалық зерзаттар немесе құбылыстар жиынтығы. Мысалы: үй шаруашылықтары жиынтығы, отбасылар жиынтығы, кәсіпорындар жиынтығы және т.б. Жиынтықтар біркелкі және әр түрлі болуы мүмкін, олардың мазмұнын анықтау мақсатында сапалы талдау жүргізу қажет.

Жиынтық бірлігі – статистикалық жиынтықтың тіркелуге жататын белгілері бар бастапқы, бөлек алынған элементі. Жиынтық бірлігі – бұл зерттеу жүргізгенде жасалатын есептеудің негізі.

Белгі – жиынтық бірлігінің сапалық ерекшелігі. Зерттелетін жиынтықтың бірлік қасиеттерін бейнелеу сипаты бойынша белгілер екі негізгі топқа бөлінеді:

1.Тікелей санды көрініс табатын белгілер (адамның жасы, табыс мөлшері). Олар дискретті және үздіксіз болады.

2.Тікелей санды көрінісі жоқ белгілер (жынысы, мамандығы). Бұл сапалық белгілер, әдетте, атрибутты деп аталады.

Сонымен қатар, егерде сипаттамалардың мәндері қарама-қайшылы болса, белгілер баламалы (альтернативті) болады (жарамды-жарамсыз, жұмыс жасайтындар-жұмыс жасамайтындар және т.б.).

Статистикалық зерттеудің ерекшелігі сол, онда тек қана өзгермелі белгілер зерттеледі. Ондай белгілер түрлі мәндерге ие болады немесе олар жиынтықтың жекелеген бірліктерінде әр түрлі сандық деңгейлерге ие болады.

Өзгерме – бұл бір зерзаттан немесе топ зерзаттарынан басқаларға, жиынтықтың бір бірлігінен басқасына өткенде олардың шамаларының немесе белгі мәндерінің өзгеруі

5

(құбылуы). Егерде зерттелетін құбылыстың өзгерулері әр түрлі уақыт мерзімдерінде болса, сонымен қатар, олар заңдылық сипатына ие болса, онда белгілер өзгермесі емес, олардың серпіні туралы айтылады.

Статистикалық көрсеткіш – ұғым (категория); ол белгілер, құбылыстардың сандық сипаттамаларын (мөлшерлерін), олардың ара қатынастарын бейнелейді.

Статистикалық көрсеткіштер үшін келесі міндеттер маңызды болып есептеледі:

а) осы көрсеткіштердің мазмұнын дұрыс анықтау (ЖІӨ, ұлттық табыс және т.б.);

ә) статистикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін, есептеуін әзірлеу.

Статистика үшін осы міндеттер оны басқа пәндерден ажыратуға негіз болады.

Статистикалық деректер – бұл статистикалық көрсеткіштердің нақты сандық мәндері. Мысалы, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, шағын кәсіпкерлікпен жуық шамамен 1,8 миллион адам белсенді айналысады. «Шағын кәсіпкерлікпен белсенді айналысатындар» – статистикалық көрсеткіш болса, осы белсенді айналысатындардың саны – статистикалық деректер ретінде көрсетіледі.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесі – құбылыстар арасындағы объективті өзара байланыстарды көрсететін статистикалық көрсеткіштер жиынтығы.

Статистика пәні арнайы әдістің көмегімен зерттеледі. Статистика әдісі – пәнді зерттеу тәсілдерінің біртұтас жиынтығы.

Статистика әдістерінің негізгі топтамалары:

1.бұқара бақылау әдісі, оның көмегімен ғылыми жасалған бағдарлама бойынша жиынтықтың жекелеген бірліктері туралы бастапқы ақпарат жинақтау жүргізіледі;

2.топтау әдісі; жиналған статистикалық материал зерттеушіні қызықтыратын белгілер бойынша топтарға бөлінеді;

6

3.жалпылама көрсеткіштер әдісі, статистикалық деректерді өңдеп, талдау жасағаннан кейін танылатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістер жағдайы туралы дәлелді қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді.

Статистика әдістері статистика теориясының келесі негізгі тарауларында нақты көрініс табады:

1.статистикалық бақылау;

2.жинақтау және топтау;

3.статистикалық көрсеткіштер (нақты, салыстырмалы);

4.орташа шамалар;

5.өзгерме көрсеткіштері;

6.ішінара бақылау;

7.серпін қатарлары;

8.индекстер;

9.құбылыстардың өзара байланысын корреляциялықрегрессиялық әдіспен тану.

Статистика пәні экономикалық теория, макроэкономика, микроэкономика, бухгалтерлік есеп, қаржы, эконометрия және тағы басқа пәндермен тығыз байланысты.

1.2. Статистика ғылымының салалары

Статистика ғылымында салалар бойынша келесі топтастыру жасалады: бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы; екінші деңгей – экономикалық және әлеуметтікдемографиялық статистика; үшінші деңгей – экономикалық және әлеуметтік-демографиялық статистиканың салалары.

Статистиканың жалпы теориясы – бұл көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық тұрғыдан бейнелейтін кеңінен таралған жалпы белгілер, ережелер және заңдар туралы ғылым. Бұл салада жалпы статистикалық мағынаға ие жалпы түсініктемелер, статистикалық ғылымның категориялары: заңдылық, көрсеткіш, орта шама, белгі және т.б. өңделеді. Сонымен қатар, көптеген құбылыстарды оқып тану әдістеріне негіздеме де беріледі.

7

Статистиканың жалпы теориясының ең маңызды бөлімдері: статистикалық бақылау; нақты, салыстырмалы, орташа шамалар, өзгерме көрсеткіштері; динамика қатарлары, индекстер, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланыстарын статистикалық тану болып табылады. Дәл осы уақытта, ол статистика ғылымына көзқарастардың өзгеруіне тарихи бейнелеуді қамтамасыз етеді, статистикалық қызметтердің ұйымдастырылуын әзірлейді, статистика ұйымдастырылуының тәжірибесін танып біледі.

Экономикалық статистика – экономика аясындағы құбылыстар мен процестерді, яғни, құрылым, пропорцияларды, қоғамдық өндіріс салаларының өзара байланысы мен элементтерін танып біледі. Экономикалық статистикада салалық тұрғыдан зерттелетін объектілерді атап өтсек, олар: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс кешендері, сауда.

Әлеуметтік-демографиялық статистика – халықты,

сонымен қатар, адамдардың тұрмыс жағдайын, олардың еңбек үрдісіндегі және өндірістік қызметтен тыс өзара қарымқатынастарын сипаттайтын әлеуметтік (экономикалық емес) процестер мен құбылыстарды зерттейді. Оның ең негізгі мақсаты – адамдардың өмір сүруі мен әлеуметтік жағдайының әр түрлі қырларын кешенді зерттеу болып табылады.

Статистиканың үшінші деңгейі экономикалық статистиканың құрамындағы макроэкономикалық статистиканы және осыған дейін аталған экономика салаларының статистикасын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-демографиялық статистиканың құрамында халық статистикасы, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің статистикасы, мәдениет статистикасы, қоғамдық пікір статистикасы, саяси статистика және басқа салалар бар. Әрбір салалық статистика – бұл нақты саладағы санды өзгерістер туралы ғылым және оның негізгі міндеті - осы саланың көрсеткіштерін өңдеу болып табылады.

8

1.3. Қазақстан аумағындағы статистикалық қызметтің даму тарихы

Ұлттық статистикалық қызметтің тамыры тарихи түпте жатыр. Қазақ хандығы қалыптасу кезеңінің статистикалық деректері бар. Олар Шу мен Талас өзендері жағалауларындағы халық саны 1459 жылы 200 мың адамнан 15 ғасырда 1 миллион адамға жетті, деген хабар береді.

Қазақстанда ең бірінші мемлекеттік статистикалық органмен жарияланған Сырдария және Жетісу аймақтарының статистикалық бюросы кіретін Түркістан губерниялық статистикалық комитеті болды. ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Орал, Семей және Ақмола, ал 1895 жылы Торғай облыстық статистикалық комитеттері ұйымдастырылды. Олар 1897 жылы Ресей империясы құрамындағы Қазақстан халқы бірінші жалпылама санақ жұмысына қатысты. Бірақ 1920 жылға дейін Қазақстанда жергілікті статистикалық қызметтерді біріктіретін біртұтас статистикалық орган болған жоқ.

Статистикалық органдар бірліктерінің Қазақстанда құрылу мерзімі 1920 жылдың 8 қарашасы болып есептеледі. ҚАССР-ң Халық Комиссарлар Кеңесі «Мемлекеттік статистика туралы ережені» бекітіп, Қазақ АССР-ң статистикалық басқармасын құрды.

Бірінші (Орынбор қ.) және Екінші (Қызылорда қ.) республикалық статистикалық конференциялар ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында орын алды. Олардың қызмет ету нәтижелері Қазақстан статистикалық органдар ұйымдастырушылық және әдістемелік дамуында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасындағы статистикалық қызметті келесі органдар басқарды:

-1930-1948 жж. – Қазақ ССР-ң Мемлекеттік жоспары;

-1948 ж. – Республиканың Министрлер Кеңесінің Статистикалық басқармасы;

-1960 ж. - Қазақ ССР-ң Орталық Статистикалық басқармасы;

-1987 ж. – Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитеті.

9

Статистикалық қызметті осы аталған мемлекеттік мекемелер 90-ші жылдардың басына дейін үлкен абыроймен атқарды.

1.4. Қазақстан Республикасында статистиканың ұйымдастырылуы

Статистикалық қызмет сұрақтары 1998 жылдың 30-шы маусымында «Мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру бойынша келесі шаралар туралы» ҚР Президент жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігіне жүктелді.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік статистикасы тұрақты түрде жұмыс жасайды және барлық құбылыстар мен үрдістер жөнінде сандық немесе сапалық жағынан ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ағымдағы уақытта Ұлттық статистикалық жүйе, статистиканың жаңадан пайда болған бөлімдері құрылды, экономикалық қызмет түрлері, өнім және қызметтің халықаралық сыныптамалары қолданылды.

Жалпы мемлекеттік статистика еліміздің экономика, мәдениет және халық тұрмыс деңгейінің дамуын сипаттайтын ақпаратты беретін ақпаратты жинақтау, өңдеу, жалпылау және талдау функцияларын атқарады. Осының нәтижесінде экономикадағы өзара байланыстарды анықтау, оның даму серпінін тану, халықаралық салыстыруларды жасау мүмкіндігі пайда болады. Ұлттық статистикалық жүйенің қызметі негізінде мемлекеттік және аймақтық деңгейлерінде тиімді басқару шешімдерін іске асыру орын алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және экологиялық салаларында болып жатқан құбылыстар және үрдістер жөніндегі статистикалық мәліметтерді жинақтау, қайта өңдеу, тарату сияқты қызметтерді атқарады.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің негізгі мақсаты статистикалық ақпарат пайдаланушыларының қажеттілігін толық қанағаттандыру, статистикалық өнім мен қызметтің сапасын арттыру, статистикалық ақпарат таралуының

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]