Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sisen_stat

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
567.38 Кб
Скачать

Есептілік мерзімі бойынша ағымдағы (күн сайын, апта сайын, екі апталық, айлық, тоқсандық) және жылдық болып бөлінеді.

Мысалы, 1-ӨҚ (ай, тоқсан, жыл) «Кәсіпорынның (ұйымның) өндірістік-қаржылық қызметі туралы есебі» нысанын кәсіпкерлікпен айналысатын, қызметкерлердің тізімдік саны 50 адамнан асатын заңды тұлғалар тапсырады. Аталған есептілікті білім, денсаулық сақтау ұйымдары, банктер, сақтандыру компаниялармен қоғамдық ұйымдар тапсырмайды.

Есептілік мағлұматтарды жеткізу әдісіне байланысты телеграфты, пошталық, телетайпты, электронды болып бөлінеді.

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау

есептілікте жоқ мағлұматтарды алу мақсатымен немесе есептіліктегі деректерді тексеру үшін қолданылады.

Осындай байқаулар мысалдары: халық санағы, мал, құрылыс, қондырылмаған құрал-жабдықтар санақтары. Сонымен қатар, арнайы байқауға бюджеттік және т.б. байқаулар жатады.

Халықтың ұлттық санағы Қазақстанда 1987 жылдан бастап әр он жыл сайын өткізілді. Санақтардың мақсаты - халық саны және құрамы туралы деректер жинау болып табылады.

2009 жылдың 25 ақпан – 6 наурыз аралығында Қазақстанда Ұлттық халық санағы өткізілді. Санақ барысында алынған мәліметтер кейіннен ел тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында мемлекет пайдаланылады.

Ұлттық санақ-2009 жүргізуге негіз болғандар:

1)2005 ж. «Халық санағы және тұрғын үй қорының 2010 жылғы дүниежүзілік бағдарламасын» қолдау туралы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің қарары;

21

2)2006 жылы аталған бағдарламаны ТМД қатысушы елдерінің қолдауы;

3)1997 жылғы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Санақ-2009 адам тұруы мүмкін тұрғын және басқа да үй-жайларды аралап шығу арқылы жауап алу тәсілімен жүргізілді. Балама ретінде азаматтарға санақтан өз бетінше өту ұсынылды.

Халық санағының қорытындылары бойынша еліміздегі 16 372 000 тұргын есепке алынды; оның ішінде қалалықтардың үлес салмағы 54 %, ал ауылдықтардың 46 % екені болып анықталды.

Статистикалық тіркелім - бұл белгіленген басталуы мен тәмәмдалу кезең үрдістері бар ұзақ мерзімді статистикалық бақылау нысаны. Статистикалық практикада қазірде кәсіпорындар мен тұрғындар деңгейінің регистрлары жүргізілуде, сонымен қатар шаруашылық субъектілері және тұрғын үйлер регистрлері бар.

Нақты айтқанда, тіркелімдер жүйесінде келесі түрлері

бар:

1.әкімшілік тіркелім;

2.статистикалық тіркелім;

3.жеке кәсіпкерлер тіркелімі;

4.ауылшаруашылық құрылымдар тіркелімі;

5.тұрғын үй тіркелімі және т.б.

Статистикалық ақпаратты қалыптастыруда статистикалық қызметте келесі тіркелімдер орын алады:

1)статистикалық бизнес-тіркелім;

2)халықтың статистикалық тіркелімі;

3)ауылшаруашылық статистикалық тіркелімі;

4)тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі.

Статистикалық бизнес-тіркелімде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың жекелеген бөлімшелері туралы акпарат қалыптасқан.

Халықтың статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүретін нақты тұлғалар,

22

сонымен қатар уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жүрген азаматтар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылық статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін субъектілер туралы ақпар береді.

Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасындағы меншіктің барлық түрлері бойынша тұрғын үйлер туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

2.4.Статистикалық бақылаудың түрлері және тәсілдері

Статистикалық бақылау түрлері айғақтарды тіркеу уақыты бойынша, жиынтық бірліктерін шектеу бойынша айқындалады.

Тіркеу уақыты бойынша статистикалық бақылау түрлері: үздіксіз (ағымдағы), мерзімді, бірмезетті.

Жиынтық бірліктерін қамту бойынша статистикалық бақылау былай бөлінеді:

1.жаппайбақылау;

2.жаппай емес (жартылай аталатыны да бар) бақылау;

3.ішінарабақылау;

4.негізгі бұқарабақылау;

5.монографиялықбақылау.

Бірліктер жиынтығын қамтамасыз ету тұрғысынан статистикалық жаппай емес бақылау барысында ақпарат қысқа мерзімде алынып, аз шығындар шығындалады жаппай бақылаумен салыстырғанда.

Іріктеме бақылау келесіге сипатталып сүйенеді, яғни ақпарат зерттелінетін объектінің бірліктерінен арнайы әдістеме бойынша жиналады. Бұл бақылау статистикалық іс-тәжірибеде аса маңызды болғандықтан бөлек қарастырылады.

Негізгі бұқара бақылау түрінде жиынтықтың ең елеулі, ең үлкен үлес салмағы бар бірліктеріне көңіл бөлінеді.

Монографиялық бақылау - бұл жекелеген жиынтық бірліктерін арнайы зерттелуіне негізделген бақылау.

Статистикалық бақылау тәсілдері келесі тізіммен көрсетіледі:

1. тікелей ұйымдастырылған;

23

2.құжаттылық;

3.сұрау:

а) экспедициялық; ә) өзін өзі тіркеу;

б) корреспонденттік (сұхбаттасу); в) анкеталық; г) респондент, өзі келіп жауап беру.

Тікелей қатысу тәсілі бойынша тіркеушілер статистикалық бақылауда тікелей өлшеу, салмақ өлшеу, есептеу немесе жұмысты тексеру және т.б. арқылы арнайы статистикалық формулярларға сәйкесті жазбаларды жазады.

Құжаттылы тәсілде статистикалық ақпарат көзі ретінде есепті сипатына ие құжаттарды пайдалану статистикалық бақылауға негіз болып табылады.

Сұрау - респонденттен, яғни жауап беретін есепті бірліктен алынуы тиісті статистикалық мағлұматтарды өзінен сұрап алу арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары

1.Статистикалық бақылау анықтамасы.

2.Статистикалық бақылаудың бағдарламалы-әдістемелік сипаттамалары.

3.Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық сұрақтары.

4.Статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастырушылық нысандары.

5.Статистикалық бақылаудың түрлері және тәсілдері.

Тапсырмалар

1.Статистикалық бақылауға бағдарлама құра. Әлеуметтікэкономикалық құбылыстардың қандай да бір мәліметтерді жинақтаудағы статистикалық бақылау жүргіз.

2.Нақты статистикалық бақылауды ұсынып, оны сипаттау керек: мақсаты, тапсырыстары, өткізілетін орны, уақыты, жауапты қызметкерлері және т.б.

3.Нақты статистикалық бақылау бойынша келесі сұрақтардың жауаптары негізінде таңдау жасау керек:

24

1)есептілік немесе бақылау;

2)жаппай немесе іріктеме;

3)ағымдағы немесе мерзімді, немесе бір жолғы;

4)мемлекеттік немесе ведомстволық;

5)типтік немесе мамандандырылған;

6)пошталық немесе электрондық;

7)тікелей қатысу немесе құжаттар арқылы.

3. Нақты статистикалық есептіліктің нысаны негізінде реквизиттерін (ұйымдастырушылық мәліметтерін) көрсету керек.

Ұсынылатын әдебиет

1.Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы, Экономика, 1999.

2.Әпенов С. Құқықтық статистика. Алматы, Жеті жарғы,

2004.

3.Нәрібаев К.Н., Жатканбаев Е.Б., Мұхтарова К.С. Экономикадағы ғылыми зерттеулердің әдістері: Оқу құралы.

– Алматы: Қазақ университеті, 1999.

4.Теория статистики: учебник / Р.А Шмойлова, В.Г.Минашкина, Н.А.Садовникова, Е.Б.Шувалов; под ред. Р.А Шмойловой. – 5-изд. - М: Финансы и статистика, 2009.

25

Тақырып 3. СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТОПТАУ

3.1. Статистикалық жинақтау.

3.2. Топтау әдісі және оның түрлері.

3.3.Статистикалық топтау жүргізудің әдіснамасы.

3.4.Статистикалық таратпалы қатарлар.

3.1. Статистикалық жинақтау

Статистикалық бақылау зерттелінетін әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үрдістердің жекелеген бірліктер сипаттамасы туралы мағлұматтар алу мүмкіндік береді. Осыдан кейінгі мамандардың жұмысы жиналған деректерді жалпылау үшін жинақтаумен жалғасады; жинақтау жұмысы нәтижесінде зерттелінетін тұтас жиынтық бойынша толық көрініс орын табады. Мысал ретінде келесі деректерді келтіруге болады:

-2009 жылы Қазақстан Республикасында өткізілген халық санағы бойынша алынған мәліметтер – 16 млн. 372 мың тұрғын саны;

-2009 жылдың Ақтөбе облысы бойынша ЖӨӨ көлемі -

804,3 млрд. теңге;

-экономика салалары бойынша жалпы өнім көлемі;

-студенттер саны және т.б.

Статистикалық жинақтау - бұл жекелеген айғақтарды жүйеге келтіру болып табылады. Оны өткізген соң, зерттеу нәтижесінде жиынтық және оның құрамдас бөліктеріне байланысты жалпылама статистикалық көрсеткіштер алуға мүмкіндік пайда болады. Статистикалық жинақтау негізінде зерттелінетін құбылыстар мен үрдістер талдауы және болжауы іске асады.

Статистикалық жинақтау жүргізу ғылыми дәлелденген арнайы жасалған бағдарламаға сүйенеді. Аталған бағдарламалар өңдеу кестелерінің жүйесін қамтиды, кестелерді толтырып, қорытындыларын шығарып, мамандар іздеуге тапсырылған көрсеткіштер бойынша мәліметтер алады. Жиналған ақпаратқа түсіндірмелерді беру негізінде зерттелінетін әлеуметтік-

26

экономикалық құбылыстар мен үрдістерге және / немесе олардың жекелеген бөліктеріне сипаттама беріледі.

Бастапқы статистикалық материалдың статистикалық жинақтауы келесі кезеңдерді қамтиді:

1.жинақтаудың мақсаты мен тапсырыстарын анықтау;

2.топтау белгілерін, топ санын және санды белгілер үшін аралық мөлшерін анықтау;

3.қарастырылатын жиынтықтың топ және топ ішіндегі топтарды қалыптастыру;

4.техникалық жұмыстар: жиналған деректердің

толықтығы мен сапасын тексеру, тұтас жиынтықты толығымен сипаттайтын көрсеткіштерді алу.

Сөйтіп, статистикалық жинақтау кезінде жиынтық бойынша жиыстырылған деректер, сонымен қатар, дәл сол уақытта жекелеген топтар бойынша саналуан белгілер бойынша түрлі дәрежедегі мағлұматтар алынады.

3.2. Топтау әдісі және оның түрлері

Топтау – бұл статистикалық жиынтықты жекелеген құрамдас бөліктерге бөлу арқылы біркелкі топтарды құру үрдісі немесе зерттелетін бірліктерді қазіргі мезеттегі белгілер бойынша жеке жиынтықтарға біріктіру. Мысалы:

-сапалы белгілер негізінде тұрғындарды топтамаларға бөлу: балалар, орта буын, қарттар;

-мамандықтар топтамалары: есепші, қаржыгер т.б.;

-санды белгі негізіндегі топтамалар: 0-4, 5-9, 10-14

жас аралығындағы балалар

саны арқылы

балалардың жалпы санын анықтау;

 

-ЖОО-ғы 1 курс, 2 курс, т.с.с. курстардағы студенттер жиыны негізінде студенттердің жалпы санын анықтау және т.б.

Статистикада стандарттар есебінде қолданылатын, сыныптамалар-жіктемелер аталатын ерекше түрлі топтамалар кең қолданылады. Оларды пайдалану зерттелінетін әлеуметтік-

27

экономикалық құбылыстар мен үрдістердің сапалы белгілер сан алуандығына негізделеді.

Сыныптамалар статистикада – бұл құбылыстар мен үрдістерді олардың белгілі бір белгілер бойынша біркелкі немесе әр түрлі топ, саны, таңбаларға сәйкес жүйелендіріп бөлужіктеу.

Схема 3.1. Статистикалық сыныптамалар деңгейлері

Статистикалық

сыныптамалар

деңгейлері

Халықаралық деңгей

Мемлекетаралық деңгей

Мемлекеттік деңгей

Статистикалық сыныптамалар келесі қағидаларға сәйкес қолданылады:

1.халықаралық деңгей – дүние жүзіндегі барлық елдер үшін бірдей;

2.мемлекетаралық деңгей – дүние жүзіндегі топ елдер үшін бірдей;

3.мемлекеттік деңгей – осы немесе басқа елде

қолданылады.

Халықаралық деңгейдегі ең маңызды сыныптамалар: А. Экономикалық сыныптамалар – Халықаралық

стандартты салалық сыныптама және басқалары.

Ә. Әлеуметтік сыныптамалар – Халықаралық стандартты сыныптамалар: кәсіптер, білім беру, аурулар мен проблемалар сыныптамалары.

28

Мемлекетаралық деңгейдегі сыныптамалар мысалы: Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптамасы (ЭҚЖС), Қызмет түрлері бойынша өнім сыныптамасы, Өнеркәсіптік өнім түрлерінің сыныптамасы, Құрамдастырылған номенклатура.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік деңгейінде келесі сыныптамалар қолданылады: экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптамасы (ЭҚЖС); Қызмет түрлері бойынша өнім сыныптамасы; Өнеркәсіптік өнім сыныптамасы; Сауда қызметтері түрлері бойынша тауарлар номенклатурасы және т.б.

Барлық статистикалық топтамаларды шартты түрде келесідей бөлуге болады:

1)тұрпатты (типтік, типологиялық);

2)құрылымдық;

3)талдаулық (аналитикалық).

Тұрпатты топтамалар зерттелетін әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үрдістердің типтерін анықтауға, алғашқы статистикалық материалдарды теориялық тұрғыдан жалпылауға және қажетті статистикалық көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.

Құрылымдық топтамалар құбылыстардың белгіленген типтерінің құрамы мен құрылымын сипаттау үшін қолданылады; олардың көмегімен зерттелінетін жиынтықтардың құрамы бейнеленеді. Көбінесе, құрылымдық топтамалар сапалық тұрғыдан біртекті топтар үшін, ал кей кезде, жиынтықтарды бөліктерге бөлу мүмкіндік болмаған жағдайда жүргізіледі.

Талдаулық топтамалар зерттелінетін құбылыстар мен үрдістер арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Оларға мысал ретінде, кәсіпорындардың топтары бойынша негізгі қорлардың құны мен табыс мөлшері арасындағы, немесе еңбек өнімділігінің деңгейі мен еңбекақы арасындағы байланыстар немесе өзге де байланыстар, бола алады.

Талдаулық топтамаларға қатысты статистикада тәуелді құбылыстарды нәтижелік, ал оларға әсер ететін құбылыстарды факторлық деп атады. Көбінесе, топтамалық құбылыс

29

факторлық, ал белгіленген топты сипаттайтын құбылыс (көрсеткіш) – нәтижелік болып табылады.

Талдаулық топтау, құбылыстар арасындағы байланыс орнатумен қатар, осы байланысқа әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Белгілі бір үйлестіріліп келген бірнеше топтастырулық белгілер негізінде топтастырулар жасалса, құрамдастырылған топтау орын алады. Ол атрибуттық белгілерден бастап, көрсеткіштердің өзара байланыс қисынын ескеріп, топтастырулық белгілерді белгілі ретімен орналастырып қойған жағдайда, орындалады.

3.3. Статистикалық топтау жүргізудің әдіснамасы

Топтау жүргізудің әдіснамасына сай жиынтық бірліктерінің топтар бойынша оңтайлы бөлінуы, топ саны және аралық мөлшері туралы сұрақтар шешімін табады. Бөлінген топтарда салыстырмалы бірдей бірліктердің жеткілікті саны, яғни топтардың сапалы біркелкілігі болады деп, ойластырылады.

Топтарды қалыптастыру кезіндегі сандық аралық, құбылыстар мен үрдістердің нақты жағдайларда дамуына байланысты, тең немесе тең емес болуы мүмкін.

Топтау жүргізу үшін, егер зерттелініп отырған құбылыстардың өрісі (тербелісі) белгілі болса, зерттелетін жиынтықтың бірлік санын топтардың берілген санына бөледі.

Топ саны шамамен американ оқымыстысы Стерджестің формуласымен анықталады:

n=1+3,322 lgN

Жиынтықтың 200 бірлігі бар болған жағдайда топ саны 9 бірлікті құрайды:

1+3,322lg 200=9

Кейін, формула бойынша тең аралықтар шамасын анықтайды:

h =

(xmax - xmin)

n

 

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]