Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sisen_stat

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
567.38 Кб
Скачать

Мұндағы:

h – тең аралығының шамасы,

xmax – құбылыс белгісінің жоғарғы мәні, xmin – құбылыс белгісінің төменгі мәні.

Белгiленген топтардағы аралықтар келесідей болып құрылады:

1.xmin – (xmin+һ), құбылыс белгісінің төменгі мәнінен құбылыстың төменгі мәніне аралық шамасы қосылған мәніне дейін;

2.(xmin+ h) – [(xmin+h)+ h];

3.[(xmin+h) + h] – ([( xmin+h)+ h)]+ h) және т.с.с.

Әрбір құрылған аралықтың барынша аз мәні аралықтың төменгі шегі, ал барынша үлкен мәні – жоғарғы мәні аталады. Бірінші және соңғы аралықтар сәйкесті ашық төменгі және ашық жоғарғы шегін иеленуі мүмкін. Мысалы, 25 жасқа дейін, 10 % жоғары. Ашық аралықтар есептеулер жүргізгенде тең аралықтың мөлшерін есепке ала отырып, жабық аралықтарға өзгертіледі.

3.4. Статистикалық таратпалы қатарлар

Таратпалы қатарлар – бұл белгіге ие және бірлік саны мәлім болатын топтамалар, осы топтамалардың орналасуы белгілі тәртіп бойынша іске асады. Таратпалы қатарлардағы жиынтықтың бірлік саны жиілік деп аталады; жиіліктер бөлшек түрінде жазылатын болса, онда мәліметтерде бірліктердің үлес салмағын пайдаланатынын көреміз.

Таратпалы қатарлар санды және сапалық белгілер негізінде құрылады. Сандық тарапталы қатарлар өзгермелі (вариациялық) қатарлар болып аталады. Олар үзілісті (дискретті) және үзіліссіз болып бөлінеді. Мысал ретінде, шағын зерттеудегі бір адамға шаққандағы бес-алты сөздегі SMS-ті теруге кеткен орташа уақытты келтіреміз.

31

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 3.1.

 

 

SMS-ті теру уақыты, мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

SMS саны

1

 

2

3

 

4

 

5

SMS-ті теру

0,5

 

1,1

1,8

 

2,2

 

2,9

уақыты

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы кестеде келтірілген вариациялық қатар үзіліссіз қатар болып саналады. Дискретті қатарларда отбасыдағы адам, балалар, телефон саны немесе кәсіпорындар және т.б. саны орын алады.

Жиіліктер жинақталған түрінде келтірілсе, онда вариациялық қатарлар кумулятивті деп аталады.

Бақылау сұрақтары

1.Статистикалық ақпаратты жинақтау анықталымы.

2.Статистикалық топтау анықталымы, міндеттері.

3.Статистикалық топтау жүргізудің ережелері.

4.Статистикалық сыныптамалар сипаттамалары.

5.Статистикалық таратпалы қатарлар сипаттамалары.

Тапсырмалар

1.Статистикалық топтау түрлері бойынша мысалдарды келтіру.

2.Есептер: статистикалық топтау жүргізудің ережелерін пайдалана отырып, белгілі жиынтықты қарастырып, топтау жүргізініз, ұсынылатын үлгідегі кестены толтырыңыз:

Белгі бойынша топтау

Белгі мәндерінің

Аралықтағы

Аралықтағы

Орта мәні

 

аралығы

бірлік саны

бірлік мәндерінің

 

 

 

 

қосындысы

 

1

...

...

...

...

2

...

...

...

...

...

...

...

...

...

 

Барлығы

 

 

 

32

Ұсынылатын әдебиет

1.Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы, Экономика, 1999.

2.Әпенов С. Құқықтық статистика. Алматы, Жеті жарғы,

2004.

3.Нәрібаев К.Н., Жатканбаев Е.Б., Мұхтарова К.С. Экономикадағы ғылыми зерттеулердің әдістері: Оқу құралы.

– Алматы: Қазақ университеті, 1999.

4.Теория статистики: учебник / Р.А Шмойлова, В.Г.Минашкина, Н.А.Садовникова, Е.Б.Шувалов; под ред. Р.А Шмойловой. – 5-изд. - М: Финансы и статистика,

2009.

33

Тақырып 4. СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

4.1.Статистикалық көрсеткіштердің негізгі сипаттамалары.

4.2.Абсолютті көрсеткіштер.

4.3.Қатысты көрсеткіштер.

4.4.Статистикалық көрсеткіштерді пайдалану нысандары.

4.1. Статистикалық көрсеткіштердің негізгі сипаттамалары

Статистикалық зерттеу кезінде және одан соң сан алуан статистикалық көрсеткіштер есептеуі және сарапталуы іске асады.

Статистикалық көрсеткіш – бұл зерттелінетін жиынтықтың сапасы мәлім болған жағдайдағы, яғни оның ішкі мазмұнына тікелей байланысты, құбылыстың санды сипаттамасы. Жалпы алғанда, құбылыстар статистикалық көрсеткіштердің жүйесі негізінде сипатталады; бұл жүйенің мақсаты - нақты статистикалық міндеттерді шешу болып табылады. Мысал. Кәсіпорынның мәні - бұл табыс алу мақсатын іске асыру үшін, құрал жабдықтар мен еңбек ресурстарының тиімді бірігуі негізінде өнім өндіру. Осы кәсіпорынның, неғұрлым, толық экономикалық сипаттамасы статистикалық көрсеткіштердің жүйесіне негізделеді: қызметкерлердің саны, пайда мөлшері, тиімділік деңгейі, еңбек өнімділігі және т.б. Жекелеген көрсеткіштермен салыстырғанда осы жердегі сипаттама, неғұрлым, толық болып саналады.

Статистикалық көрсеткіштерді статистикалық белгілермен салыстырғанда, олардың айырмашылығы есептеп алынуда: жиынтық бірліктерін қарапайым есептеу, белгі мәндерін қосу, күрделі екі немесе одан көп есептеуді салыстыруда орын алады.

Барлық статистикалық көрсеткіштер бірліктерді қамтамасыз етуде былай бөлінеді:

34

-жеке – жиынтықтың жеке бірліктерін сипаттайтын;

-жинақталған – белгілі көп бірлік немесе зерзатты бейнелейтін.

Уақыт белгісі тұрғысынан көрсеткіштер былай бөлінеді:

-мезгілдік, мысалы, кәсіпорынның қоймасындағы материалдар қалдықтары; халық саны;

-аралық, мысалы елдің жылдық ЖІӨ көлемі.

Кеңістік көзқарасынан статистикалық көрсеткіштер быдай бөлінеді: жалпыаумақтық, аумақтық, жергілікті (локальды).

Бейнелеу нысаны бойынша статистикалық көрсеткіштер келесідей бөлінеді: абсолютті, қатысты және орташа шамалар. Орташа шамалардың сипатталуы көлемді болғандықтан, әдетте, олар бөлек тақырыпта қарастырылады.

4.2. Абсолютті көрсеткіштер

Абсолютті, яғни нақты шамалар, статистикалық көрсеткіштердің бастапқы нысаны болып табылады, олар құбылыстардың нақты мөлшерлерін көрсетеді: салмағы, ұзындығы, аумағы, көлемі, саны және т.б. Абсолютті шамалар әрқашанда мөлшерлердің өлшем бірліктері атауына ие болады: килограмм, шаршы метр, баррель, адам және т.б.

Бірліктерді қамтамасыз етуде, уақыт белгісінен, кеңістік көзқарасынан абсолютті көрсеткіштер статистикалық көрсеткіштердей сипатталады.

Абсолютті көрсеткіштер бейнелеу формасы бойынша натуралды (табиғи), еңбектік және құнды болып бөлінеді.

Натуралды өлшем бірліктерінің көмегімен әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үрдістерге натуралды-заттық сипаттама береді: жасалған бөлшектер саны; жылқы және ұсақ мүйізді мал т.б. саны.

Еңбектік бірліктерді қолдану - әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үрдістерді өлшеуде оларды еңбек шығындары арқылы көрсетуге негізделеді; өндірілген өнімдер оларға жұмсалған жұмыс уақытымен немесе адамдардың жасалған еңбегімен сипатталады. Негізгі еңбектік

35

өлшем бірліктеріне жатады: адамдар саны, адам-сағат саны, адам-күн, адам-жыл және т.б.

Құндық өлшем бірліктері құбылыстар мен үрдістерді ақшалай бірлік саны арқылы бейнелеу үшін қолданылады: өнім бағасы, негізгі құралдар құны, материалды шығындар, жалпы табыс және т.б..

4.3. Қатысты көрсеткіштер

Қатысты статистикалық көрсеткіштер – бұл құбылыстар деңгейлерінің арасындағы сандық қатынасты білдіретін мөлшерлер. Кез-келген қатысты көрсеткіш бір аттас статистикалық мөлшерлерді бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ, қалалық немесе ауылдық тұрғындардың үлесін, әрбір осы топ тұрғындарының санын жалпы тұрғындардың санына бөлу арқылы анықтайды.

Салыстырмалы немесе есепті мөлшер дегеніміз салыстыруға жататын шама (бөлшектің алымы) ағымдағы болып табылады. Салыстыру жүргізетін шама (бөлшектің бөлімі), әдетте, салыстырмалы көрсеткіштің негізі болып табылатын, салыстыру базасы немесе базистік мөлшер деп аталады.

Қатысты шама мыналарды көрсетеді:

1)салыстырылатын мөлшер базистік немесе басқа мөлшерден неше есе көп немесе кем;

2)жиынтықтың бірінші (екінші, n-ші) бөлігі немесе тобы осы жиынтықта қанша үлесін алатынын;

3)бөлек жағдайларда қатысты шама бір шамадағы бірліктердің 100, 1000, 10000 және т.б. базистік бірлік немесе басқа шаманың қаншасы келетіндігін

көрсетеді.

Қатысты мөлшерге негізделе отырып, көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сипаттамасын анықтауға болады: жоспардың орындалу пайызын; уақыттағы өзгеруді – серпінді және т.б..

Қатысты шаманың қандай қатынасты білдіретіндігіне, яғни мазмұнына қарай, олардың келесі түрлерін ажыратады:

1) жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы;

36

2)жоспарды орындаудың қатысты шамасы;

3)серпіннің қатысты шамасы;

4)құрылымның қатысты шамасы;

5)координацияның қатысты шамасы;

6)интенсивтіліктің қатысты шамасы;

7)экономикалық дамудың қатысты шамасы;

8)салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы.

Жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіш мәнін оның жоспарлы немесе басқа базалық деңгейіне қатынасын білдіреді:

Кж yжос ,

0 y0

yжос - жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіштің

мәні;

y0 - талданатын көрсеткіштің базалық мәні . Жоспарды орындаудың қатысты шамасы – көрсеткіштің

нақты және жоспарлық деңгейлерінің арасындағы қатынасты көрсететін мөлшер. Көбінесе, олар пайыздық шамамен көрсетіледі.

Динамиканың қатысты мөлшері әр түрлі сәттер немесе уақыт кезеңдерде алынған көрсеткіштер деңгейінің қатынасын білдіреді. Олар құбылыстар өзгеруінің бағытын, өзгерістің жылдамдығы немесе даму қарқынын сипаттайды.

Жоспар орындаудың және динамиканың қатысты шамалары сәйкесті формулалар негізінде есептеледі:

K 1

y1 ;K i

yi ,

жос

yжос i 1/ 0

yi 1/ 0

y1 - талданатын көрсеткіштің ағымдағы (есепті) мәні. Құрылымдық қатысты шамасы – бұл қарастырылатын

тұтас жиынтықтың (N) және оның бөліктері өлшемдерінің (n) қатынасын көрсететін мөлшер (d): тұрғындардың арасындағы сәйкес келетін жастағы студенттер үлесі; сол немесе басқа белгіге ие бірліктердің үлес салмағы және т.б.:

37

d Nn

Координацияның қатысты мөлшері тұтас жиынтықтағы бөліктерінің өзара қатынасы ретінде шығарылады: жиынтықтың бір құрамдас бөлігі салыстыру базасы ретінде қабылданып, оған деген барлық басқа бөліктердің қатынасы қарастырылады. Мысалы, жиынтықтың қайсысы бір белгілер бойынша алынған ірі бірліктері ұсақ бірлік шамасына ара қатынасы немесе ұсақтың ірілеріне ара қатынасы:

xi .

xmax/ min

Интенсивтіліктің қатысты шамасы белгілі ортадағы құбылыстың таралу, даму деңгейін көрсетеді: тұрғындардың 10000 адамға шаққандағы дәрігерлер саны немесе тұрғындардың пневмониямен, құс тұмауымен т.б. ауыруы және т.б..

Салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы жиынтықтың біртекті белгілерін (бірнеше кәсіпорындар пайдасының өлшемі) немесе біртекті емес белгілерін салыстыруға мүмкіндік береді:

хі : хп; хі : уп

Мысалы, экспорт пен импорт араларындағы қатысты мөлшер. Экономиканың даму деңгейінің қатысты шамасы – тұрғындардың жан басына шаққандағы түрлі өнім түрлерін өндірудің өлшемі; бір адамға шаққандағы кейбір азық-түліктік,

азық-түліктік емес тауарларды сипаттайтын көрсеткіштер.

4.4. Статистикалық көрсеткіштерді пайдалану нысандары

Статистикалық бақылау кезінде және оның нәтижелерінен алынған статистикалық көрсеткіштерді кесте және график әдісі арқылы, яғни көрнекі түрінде пайдалануға болады.

Статистикалық кестелер – бұл бағандар мен жолдардың атауларға ие жүйелері. Кестелердегі бағандар мен жолдар атауларға ие және оларда әлеуметтік-экономикалық

38

құбылыстар мен процестердің санды, әріптік немесе өзге белгілеулері/мәндері келтіріледі.

Кестелі әдістің мәнін, «статистикалық сөйлем» ұғымын пайдаланып, түсіндіруге болады. Осындай сөйлемнің негізгі элементтері болып бастауыш пен баяндауыш саналады. Кестенің бастауышы – бұл санды мәндерге ие зерзат; мысалы, жыртылған, егілген жер алқаптары. Баяндауыш – бұл қарастырылатын жиынтықты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, яғни осы алқаптардың көлемі.

Статистикалық кестелер келесі негізгі түрлері бойынша бөлінеді:

1.қарапайым кестелер, бұл кестелерде бастауыш қандай да бір топтарға бөлінбей, тұтастай қарастырылады;

2.топтық кестелер, бұл кестелердегі бастауышта жиынтықтың қандай да бір құрамдық бөліктері орын алады;

3.құрамдастырылған кестелер, олардағы бастауышта

зерттелетін жиынтық екі немесе одан да көп белгі бойынша топтастырылып, қарастырылады.

Статистикалық график - зерттелетін әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды мәндерін координата жүйесінде орналастыру, көрнекі пайдалану.

Графикалық бейнесінің нысаны бойынша графиктер сызықты, кеңістіктік, көлемдік болып бөлінеді. Сызықты графиктер статистикалық қисықтар түрінде құрылады. Кеңістіктік графиктер баған, жол, шаршы, дөңгелек, фигура, нүкте, секторлар т.б. түрінде құрылады. Көлемдік графиктер кеңістіктік бөлінулер деп, қарастырылады.

Құру әдісіне байланысты графиктер диаграммалар және статистикалық карталар болып бөлінеді.

Статистикалық таратпалы қатарларда графиктердің ерекше түрлері қолданылады: полигон, гистограмма, кумулята, огива.

39

Бақылау сұрақтары

1. Статистикалық көрсеткіштердің негізгі сипаттамалары.

3.Абсолютті көрсеткіштер анықталымы, олардың түрлерін сипаттау.

4.Қатысты көрсеткіштер сипаттамалары.

4.Қатысты көрсеткіштердің түрлері.

5.Қатысты көрсеткіштерді есептеу тәсілдері.

6.Статистикалық кестелерді сипаттау.

7.Статистикалық графиктердің және олардың түрлерінің сипаттамалары.

Тапсырмалар

1. Ақтөбе облысы бойынша 7 наурыз 2009 жылға арналған халық санағы туралы мәлімет жиналған:

Аудандар

1999

2009

Оның ішінде

Байырғы

 

жылғы

жылғы

 

 

тұрғындардың

 

халық

халық

ерлер

әйелдер

саны

 

 

 

 

санағы

санағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе

281638

394243

183311

210932

284664

қаласы

 

 

 

 

 

Алға

37004

38781

18923

19858

30168

Әйтеке би

34628

26091

12973

13118

24270

Байғанин

24652

20964

10801

10163

20856

Қарғалы

19172

17017

8257

8760

10269

Қобда

27636

20186

9952

10234

16966

Мәртөк

31084

30414

14855

15559

17885

Мұғалжар

63812

62350

30240

32110

56061

Ойыл

20865

19287

9698

9589

19147

Темір

35946

34682

17205

17477

33117

Хромтау

43814

39975

19581

20394

29980

Шалқар

46697

46424

22503

23921

46179

Ырғыз

15610

14614

7277

7337

14571

Облыс

682558

765028

365576

399452

604133

бойынша

 

 

 

 

 

барлығы

 

 

 

 

 

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]