Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sisen_stat

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
567.38 Кб
Скачать

тиімді жүйесін құру болып табылады. Статистика Агенттігінің мақсаты келесі міндеттер арқылы өз шешімін табады.

Схема 1.1. Мемлекеттік статистика аясындағы міндеттер

Мемлекеттік статистика аясындағы міндеттер

Статистикалық

Статистикалық

әдіснаманы

қызметті

қалыптастыру

жүргізу

Тұтынушылардың статистикалық ақпараттағы қажеттілігін қанағаттандыру

Қазақстан Республикасында қазіргі жалпы ұлттық статистикалық қызметі келесі құрамда қалыптасты:

1)Мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі (ҚРСА), аймақтық статистикалық басқару органдары және аудандық жерлердегі статистикалық орталықтар.

2)Мемлекеттік мекемелер: облыстық деңгейдегі аймақтық ақпараттық-статистикалық орталықтар (АСО), соныменқатар, АСО-тың аудандық бөлімдері.

3)Республикалық кәсіпорындар: «ҚР-ның Статистика Агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығы» РМК-сі (АЕО); аймақтық мемлекеттік еншілес кәсіпорын (МЕК) АЕО ҚРСА.

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің құрамында келесі департаменттер бар:

11

1.координациялау;

2.баға және еңбек статистикасы;

3.әкімшілік-қаржылық жұмыстар;

4.статистикалық ақпарат талдау және басылымдарда басып шығару;

5.ұлттық есеп жүргізу;

6.әлеуметтік және демографиялық статистика;

7.өндіріс статистикасы;

8.қызметтер саласының статистикасы.

Статистика Агенттігі өз қызметінде 1992 жылы ЕЭК және 1994 жылы БҰҰ қабылдаған арнайы статистиканың негізгі қағидаларын орындауға тырысады. Осы қағидалар саланың статистикалық деректер, тиімділік және статистикалық қызметтің ашықтығын, сапа мен халықаралық салыстырымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

2010 жылы наурыздың 19 қабылданған «Мемлекеттік статистика жөніндегі» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес статистика органдары мыналармен қамтамасыз етуге міндетті:

1.статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, шынайылығын және жеткіліктілігін;

2.Қазақстан Республикасындағы экономикалық және әлеуметтік үрдістер мен олардың даму тенденцияларында болып жатқан тану, жалпылау мен талдаудың жан-жақтылығын, обьективтілігін;

3.Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген аясындағы статистикалық ақпараттың ашықтығын және қол жетімділігін.

4.Халықаралық тәжірибеде қолданылатын,

статистикалық

стандарттармен

қолдау алатын

әдістеме және есептелетін негізгі көрсеткіштердің

салыстырылымдығын.

 

ҚР Статистика

Агенттігі қызметін атқаруында

«Мемлекеттік статистиканың жүзеге асыруының 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес, келесі маңызды бағыттар анықталды:

1.ұлттық статистикалық сыныптамалар жүйесін енгізуі, статистикалық регистрлердің дамуы;

12

2.статистикалық бақылау әдістерін жетілдіру және кәсіпорын статистикасына ауысу;

3.макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесін және әдістемесін жетілдіру;

4.Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтікэкономикалық дамуының кешендік талдауын жүзеге асыру;

5.жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды қалыптастыру;

6.статистикалық мәліметтерді жариялау және тарату жүйесін жетілдіру;

7.статистика саласындағы кадрларды үздіксіз кәсіби оқыту жүйесін жетілдіру;

8.статистика саласындағы халықаралық

ынтымақтастық.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген жарғысына сәйкес ҚР-ның 2009 жылғы жалпы мемлекеттік есептіліктің статистикалық жұмыс жоспарына келесі бөлімдер енгізілген:

1.Есеп жүргізудің ұлттық статистикасы.

2.Қаржылық мекемелер статистикасы.

3.Ауыл, орман, балық шаруашылығы статистикасы.

4.Өнеркәсіптік өндіріс статистикасы.

5.Құрылыс және инвестиция статистикасы.

6.Инновация статистикасы.

7.Қызмет статистикасы.

8.Сауда статистикасы.

9.Байланыс және көлік статистикасы.

10.Еңбек және жұмысбастылық деңгейі статистикасы. 11.Үй шаруашылығы мен халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.

11.Әлеуметтік және экология статистикасы.

12.Демографиялық статистика.

13.Конъюнктуралық зерттеулер.

14.Статистикалық тіркелімдер.

Қазіргі уақытта Статистика Агенттігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасының 2008-2010

13

жылдарға арналған жетілдіру бағдарламасын іске асырып жатыр.

Бақылау сұрақтары

1.Статистикалық зерттеулерден нақты мысал келтіріңіз.

2.Статистика анықтамасы.

3.Негізгі статистикалық ұғымдар анықтамалары.

4.Статистикалық ғылым мен қызметтегі негізгі жіктеулер мен топтамалар.

Тапсырмалар

1.Негізгі статистикалық ұғымдар бойынша мысал келтіру керек:

статистикалық жиынтық, бірлік, белгі, өзгерме, көрсеткіш т.б.

2.Келесі белгілер сандық немесе сапалы екенін көрсету керек: а) қызметкерлер саны ә) адам жасы б) оқушы мамандығы

в) адамның әлеуметтік жағдайы г) үйдің қабат саны ғ) тауар айналымы д) жұмыскер кәсібі.

3.ЖОО-да қандай статистикалық жиынтықтарды сипаттауға болады.

4.Қаржы ұйымдарында қандай жиынтықтарды сипаттайды.

Тест

1. Қай белгі бойынша құрылған жұмысшылар тізімі дискретті болып саналады:

1)

кәсібі;

2)

отбасы жағдайы;

3) жалақы

4)

ЖІӨ;

5)

жалпы ұлттық табыс.

 

2. Қай белгі бойынша құрылған жұмысшылар тізімі дискретті болады:

1) білім деңгейі; 2) станок саны;

14

3)

жалақы;

4) жұмыс жасаудағы сағат саны;

5)

жұмыссыз болған сағат саны.

3. Қай белгі бойынша құрылған жұмысшылар тізімі дискретті болады:

1)

жұмыс өтілі;

2) кәсібі;

3)

өнім өндіру түрі;

4) жеке табыс салығы;

5)

жалпы табыс.

 

4. Қай белгі бойынша құрылған қатар сапалық белгі бойынша

құрылған болып есептеледі:

 

1)

отбасындағы бала саны;

2) тарифтік шама;

3)

кәсібі;

4) табыс көлемі;

5)

зейнетақы мөлшері

 

5. Қай белгі бойынша құрылған қатар сапалық белгі бойынша

құрылған болып есептеледі:

 

1)

әлеуметтік топтар;

2) тауар айналымы көлемі;

3)

коэффициент мөлшері;

4) процент деңгейі;

5)

жер үлестерінің ауданы.

 

15

Ұсынылатын әдебиет

1.Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы,

1999.

2.Әпенов С. Құқықтық статистика. Алматы, Жеті жарғы,

2004.

3.Нәрібаев К.Н., Жатканбаев Е.Б., Мұхтарова К.С. Экономикадағы ғылыми зерттеулердің әдістері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.

4.Теория статистики: учебник / Р.А Шмойлова, В.Г.Минашкина, Н.А.Садовникова, Е.Б.Шувалов; под ред. Р.А Шмойловой. – 5-изд. - М: Финансы и статистика, 2009.

16

Тақырып 2. СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

2.1.Статистикалық бақылаудың негізгі анықтамалары мен кезеңдері.

2.2.Статистикалық бақылаудың бағдарламалыәдістемелік және ұйымдастырушылық сұрақтары.

2.3.Статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастырушылық нысандары.

2.4.Статистикалық бақылаудың түрлері және тәсілдері.

2.1. Статистикалық бақылаудың негізгі анықтамалары мен кезеңдері

Статистикалық бақылау – бұл әлеуметтік және экономикалық өмір құбылыстарының зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі белгілер тіркеуде көрініс табатын ғылыми ұйымдастырылған бұқаралық бақылау. Оны мемлекеттік статистикалық органдар, ғылыми-зерттеу институттары, ұйымдардың статистикалық қызметтері өткізеді.

Статистикалық байқау оқып танылатын жиынтықтың бірліктер белгілерін арнайы есеп құжаттарында бағалау және тіркеу жолымен іске асырылады. Осылайша алынған деректер қоғамдық өмір құбылыстарын сипаттайтын айғақ болып табылады. Статистикалық болып анықталатын айғақты келесі кезеңде жалпыламалау үшін есепті құжаттарда тіркеуін қамтамасыз ететін, бақылау болып табылады.

Статистикалық байқау келесі талаптарға сүйеніп, өткізілуі керек:

1.статистикалық бақылаудың мақсаты мен тапсырыстарын қалыптастыру;

2.кеңістік тұрғыданда, уақыт қөз қарасынанда зерттелетін құбылыстардың бұқара (көптік) сипаты болуы керек;

3.жиналатын мағлұматтардың шынайылығы мен дәлдігі қамтамасыз етілуі тиіс;

4.деректердің салыстырмалы түрде біркелкі және салыстыруға келетіндей болу керек.

17

Мақсаты статистикалық деректерді алу болып табылатын, статистикалық байқау келесі кезендерді қамтиды: статистикалық ақпарат жинау, оны бастапқы өңдеу, бақылау нәтижелерін белгілі жиынтықтарға жиыстыру, алынған материалдарды жалпылау және талдау.

Статистикалық бақылаудың негізгі кезеңдері:

1.статистикалық бақылауды әзірлеу;

2.бұқара деректерді жинау;

3.деректерді өңдеуге дайындау;

4.статистикалық бақылау ұйымдастырылуын жетілдіру

жөнінде ұсыныстарды жасау.

Статистикалық байқау соңында статистикалық қызметтің өнімі ретінде статистикалық материалдар жиналып, тұтынушылар пайдалануына ұсынылады.

2.2. Статистикалық бақылаудың бағдарламалыәдістемелік және ұйымдастырушылық сұрақтары

Статистикалық бақылау оның мақсаты мен нақты тапсырыстарын дәл анықтаудан басталады. Содан соң, жиынтық бірліктерінен мағлұматтар алынуға тиісті зерзат шектеледі, жиынтық бірліктері анықталады.

Статистикалық байқау мақсаты болып құбылыстардың және үрдістердің даму заңдылықтарын анықтау үшін қажетті шынайы ақпарат алу болып табылады. Статистикалық бақылау мақсаты ойластырылған, статистикалық қызметте орындалуы сәтті тәмәмдалатын нақты тапсырыстарда іске асады.

Статистикалық бақылаудың негізгі ұғымдарын қарастырайық.

Статистикалық бақылау бағдарламасы – бұл зерттеу мақсатына сәйкес келетін, статистикалық ақпарат жинаудың сұрақтар тізімі: өткізілетін орны және уақыты, жауапты тұлғалары, өңдеу тәсілдері және т.б..

Статистикалық бақылау зерзаты – бұл зерттеуге жатқызылатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің белгілі көп бірліктерін шектеу. Мысалы: майлы дақылдарды өсіру үшін жер үлескерлерін қарастыру; студенттер және т.б.

18

Статистикалық бақылаудың есепті бірлігі - бұл оқып танылатын жиынтық бірліктері туралы мағлұматтарды беретін субъект. Мысалы, студенттер туралы санды, сапалық мағлұматтарды беретін ЖОО-ң басшылары, Білім және ғылым министрлігі статистикалық бақылаудың есепті бірлігі болып саналады.

2.3. Статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастырушылық нысандары

Статистикалық ақпарат қалыптасуда бастапқы статистикалық деректер, әкімшілік деректер, мемлекеттік органдар статистикалық ақпараты және өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың статистика органдарының статистикалық ақпараты пайдаланады. Статистикалық қызметте осы ақпарат жинауда аса маңызды рөлді статистикалық бақылаудың негізгі нысандары атқарады.

Статистикалық бақылаудың негізгі нысандары

болып табылады:

1.статистикалық есептілік;

2.арнайы ұйымдастырылған бақылау;

3.тіркелім.

Статистикалық есептілік әлеуметтік қоғамдағы статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастырушылық нысаны болып табылады. Есептілік – бұл кәсіпорын, мекеме, ұйымның өндірістік, қаржылық, коммерциялық және өзге де іс-әрекеті туралы арнайы статистикалық нысанда статистикалық мәліметтері бар, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік құзырлы органдарға тапсырылатын ресми құжат. Есептілік бастапқы есеп пен бухгалтерлік есеп құжаттарының мәліметтері негізінде қалыптасады және олардың жалпыламасы болып табылады.

Статистикалық есептілікке келесі бірқатар талаптар қойылады:

1. есептілік нысандарын статистиканың мемлекеттік органдары бекітеді;

19

2.есептілікті меншік түріне қарамастан экономиканың барлық субъектілері міндетті түрде белгіленген уақытта жасап, тапсырады;

3.есептіліктің заңды күші бар;

4.есептіліктің құжаттылық дәлелдемесі (бастапқы есеп құжаттары) бар.

Статистикалық есептілік қатаң түрде бекітілген нысаны

бойынша орындалады. Реквизиттері көрсетілген барлық нысандардың тізімдемесі, есептілік табелі деп аталады.

Есептіліктің әрбір нысанында келесі мәліметтер болуға

тиісті:

-аталымы;

-нөмірі мен бекітілімнің уақыты;

-кәсіпорынның аталымы, оның мекен-жайы мен кімге бағынатыны туралы мәліметтер;

-есептілік жіберілетін мекен-жайлар;

-мерзімділік, тапсыру уақыты, жеткізу әдісі;

-мазмұнының кесте түріндегі бөлігі;

-есепті мәліметтерді әзірлеу мен шынайлылығына жауапты, яғни есептілікке қол қоюға міндетті

лауазымды тұлғалар құрамы.

Экономика және әлеуметтік субъектілерінің статистикалық есептерінде статистикалық бақылау мен жалпылауда өндіріс, сауда және өзге қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері орын табады.

Материалдық өндірістің түрлі салаларындағы өндірістік үрдіс жағдайының түрлілігі, нақты жағдайдағы ұдайы өндіріс үрдісінің ерекшелігі, әр түрлі көрсеткіштерінің маңыздылығын есепке алу қажеті, есептіліктің әр түрлілігіне негіздеме болады. Ағымдағы есептілік типтік және мамандандырылған болады. Типтік есептілік экономика саласындағы барлық кәсіпорындарға қатысты бірдей нысан мен бірдей мазмұнды болады. Мамандандырылған есептілік саланың жекелеген кәсіпорындарының арнайы сәттерін көрсету үшін қолданылады.

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]