Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать

38. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері

Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;

 Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

39. Саудадағы техникалық кедергілер түсінігі

арастырылып отырған келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының (1993 жылы бұрынғы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім осы ұйым түрінде қайта құрылды) халықаралың стандарттау шеңберіндегі жұмыстар ережелеріне арналған 40 құжаттың бірі. Бұл ережелер мыналар:

  1. Үйлестіру. Егер халықаралық стандарттар (ерікті техникалық құжаттар ретінде), регламенттер (міндетті түрде орындалуға тиісті құжаттар) немесе сәйкестікті бағалау ережелері (сертификаттау жұмыстарында) болса, онда Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшелері оларға сәйкес келмейтін ұлттың құжаттарды дайындамауға тиісті.

  2. Ұлттың режим және дискриминацияламау. Шетелдік өнімдердің сапасын бағалау жағдайының қолайлылығы отандық өнімдерді бағалау жағдайынан кем болмауы тиісті, яғни шетелдік өнімдерге қойылатын талаптар отандық өнімдерге қойылатын талаптардан қатаң болмауға тиісті.

  3. Хабарлау және айқындылық. Егер жекелеген елдердің халықаралық нормативтік құжаттардан өзгеше құжаттар қабылдау туралы ниеті болса, онда ол ДСҰ секретариятына оның дәлелді себептерін және құжат жобасының қысқаша мазмұнын хабарлауға тиісті. Барлық қабылданған нормативтік құжаттар жедел жариялануы керек. Олар барлық ел ішіндегі және сыртқы мүдделі жақтардың қол жеткізуіне (айқындылың) ыңғайлы болуы қажет.

  4. Стандарттау туралы ақпарат. ДСҰ мүше болу олардың арасындағы сауда қатынастарында кедергі болуы мүмкін деген стандарттау жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы ескертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты ДСҰ әрбір мүшесі бір немесе бірнеше ақпараттық орын ашады. Бұл орындарда ешбір қиындықсыз елде қолданылып жүрген және дайындалып жатқан стандарттар, регламенттер ж.б. жөнінде ақпарат алуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]