Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SMS posledni variants.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
155.91 Кб
Скачать

59. Өлшеу құралдары, түрлері.

Өлшемдік түрлендіргіш - өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы (8-сурет). Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструкторлың сұлбасына (сызбасына) кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш кернеуді күшейту үшін, компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет болуы мүмкін. Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін - шығушы шама деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық сипаты болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы шамалар қатынасы саналады.

Түрлендіргіштер мынадай болып бөлінеді: алғашқы (өлшенетін шаманы тікелей қабылдайтын), шығысында шама тіркеу немесе арақашықтықта тасымалдау үшін ыңғайлы түрге ауысатын - тасымалдаушы; алғашқылармен бірге жұмыс істейтін және физикалық шаманың тегін өзгертуге әсер етпейтін - аралық түрлендіргіштер.

Өлшенетін шаманың сан мәнін алу бойынша 4-ке бөлінеді: тікелей, жанама, жиынтық және бірлесіп өлшеулер.

Тікелей өлшеу деп өлшенетін шаманың мәнін бірден эксперимент көмегімен өлшеу. Жалпы практикадағы өлшеу осы тікелей өлшеу бола алады. Тікелей өлшеуге мысал келтірер болсақ онда сызғышпен өлшеу, штангенциркульмен өлшеу немесе таразымен салмақты өлшеуді атап өтсек болады.

8-сурет. Өлшеу тізбегі: 1-2- сезімтал элементі бар алғашқы. өлшеуіш түрлендіргіші; 3 - аралық өлшеуіш турлендіргіштер

Өлшеуіш аспаптар

Өлшеуіш аспаптар - өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары.

Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр, вольтметр, термометр жатады.

Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар ғылыми мақсаттарда кең қолданылады, сондай-ақ сәулелену көздерінің жарыңтығы, сығылған ауаның қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең қолданылады.

Өлшеуіш қондыргылар мен жүйелер

Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық баңылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.

Өлшеуіш жабдықтар

Өлшеуіш жабдыңтар - шаманы өлшеудің қосалңы құралдары. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады. Өлшеуіш жабдықтар қосалңы құралдың өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер нәтижелеріне белгілі бір қателіктерді енгізетінін ескерген жөн. Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар. Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылрылардың, технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар лабораториялық (ғылыми-зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін), алаңдық (ұшақтар, автомобильдер, кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір түрі айрықша көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Осылайша, өлшемнің лабораториялық құралдары - ең дәл және сезгіш, ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Өндірістік құралдар өндірістік процестің түрлі факторлары: температура, ылғалдылық, т.б. сияқты факторлардың әсеріне қарсы тұру қасиетіне ие. Алаңдық құралдар сыртқы әсер етулердің кең шектерінде үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істейді

60. Нормалау деп өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының іс жүзіндегі мәндері олардың номиналды (нақты) мәндерінен рұқсат етілген шекке дейін ғана ауытқуын анықтауды айтады. Метрологиялық сипаттамаларды нормалау арқылы олардың бірін-бірі ауыстыра алатындығы мен өлшемнің бірегейлігі қамтамасыз етіледі. Метрологиялық сипаттамалардың реалды мәндері (іс жүзіндегі мәндері) өлшеу құралдарын жасау кезінде анықталады, содан соң жұмысқа пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады. Егер сипаттамалардың біреуі талапқа сай келмейтін болса, онда мұндай өлшем құралы қайта жөндеуге жіберіледі, не мүлдем қолданудан шығарылады. Метрологиялық сипаттамаларға қойылатын нормалар (талаптар) стандарт арқылы тағайындалады. Сөйтіп өлшем құралының нормаланған жағдай мен жұмыс жағдайында қолданылу айырмашылығы белгіленеді. Өлшем құралдарының қолданылуының нормаланған жағдайы мен жұмыс жағдайы олардың нормативтік-техникалық құжаттарында көрсетіледі. Нормаланған жағдайда метрологиялық сипаттамалардың мәндері әсер етуші факторларға тәуелсіз болады. Өлшем құралдарының көптеген типтері үшін нормаланған жағдайда температура - (293±5) К, салыстырмалы ылғалдық - (65 + 15)%, ток кернеуі - 220 В± 10 %. Нормаланған жағдаймен салыстырып қарағанда, жұмыс жағдайында әсер етуші шамалардың өзгерісі көбірек, сондықтан метрологиялық сипаттамалар әсер етуші факторларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Жұмыс жағдайынан тыс шектерде метрологиялық сипаттамалардың мәндері белгісіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]