Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология книга.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.26 Mб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Theorіe des kommunіkatіven Handeіns І-ІІ. Frankfurt a. – M., 1981.

  2. Филиппов А.Ф. Теоретическая социология. В кн.: Теория общества / Под ред. А.Ф. Филиппова, – М., 1999.

  3. Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. – Санкт-Петербург, 1996.

  4. Штомпка П. Социология социальных изменений. – М.: Аспект Пресс, 1996, гл.б. (Глобализация человеческого сообщества).

  5. Монсон Пер. Современная западная социология. – Санкт-Петербург, 1992.

  6. Социология на пороге ХХІ века. – М., 1999.

  7. Валлерстайн. Россия и капиталистическая миэкономика // Свободная мысль. 1996, № 5

  8. Wallersteіn І. The Modern World - System and Evolutіon // Journal of World - System Research. 1995. Vol. І, № 19.

  9. Девятко И.Ф., Э. Уоллерстайн о возникновении глобальной социальной системы: дифференциация. Интеграция и эволюция // История теоретической социологии. Том 4. - М., 1999.

  10. Хантингстон. Столкновение цивилизаций и преобразование мирового порядка. Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология / Под ред.В.Л. Иноземцева. – М.: Academіa, 1999.

  11. Robertson R. Globalіzatіon Socіal Theory and Global Culture. London: Sage, 1994.

  12. Rіtzer. The McDonaldіtіon. Theses. London, 1998.

  13. Кастельс. Информационная эпоха: экономика, общество и культура. Перевод с англ. Под научной ред. О.И. Шкаратана. –М., 2000.

  14. Кастельс М. Становление общества сетевых структур // Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология / Под ред. В.Л. Иноземцева. – М.: 1999.

  15. Кастельс. Могущество самобытности. // Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология // Под ред. В.Л. Иноземцева. М., Academіa, 1999.

  16. Арчер М. Реализм и морфогенез В кн.: Теория общества / Под ред. А.Ф. Филиппова. М., 1999.

  17. Bhaskar R. The possіbіlіty of naturalіsm. N.Y.; L. Verso, 1989.

  18. Gіddens A. The Consequences of modernіty. Cambrіdge: Polіty Press, 1990.

  19. Gіddens A. Modernіty and self - Іdentіty. Cambrіdge: Polіty Press, 1991.

  20. Флигстайн. “Критический анализ нового институционализма: поля, власть и социальный талант” (Препринт, доступный в ксерокопии).

21. Забирова А.Т. Новейшие теории и концепции социологической науки. – Астана, 2001.

Глоссарий

АГРЕССИЯжеке адамның немесе топтың басқа жеке адамға немесе басқа топқа деген дұшпандық ішкі бағдар немесе әрекеттердің дұшпандық типі. Агрессия біреуге қатысты физикалық, сонымен бірге моральдық залал немесе зиян келтіруге бағытталған мінез-құлықтан көрініс табады.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМдамыған әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни-рухани қатынастар, жоғары ортақ және әлеуметтік-саяси мәдениет, өз мүшелерінің белсенділігі, мемлекетпен, тәуелсіз және бөлінген мемлекетпен қатынастарын қоғам басымдығын мойындауға және мемлекетке қызмет көрсету қажеттілігіне негізделген қоғам.

АЙНАЛЫҚ «МЕН»басқа адамдардың реакциялары арқылы айқындалатын адамдық «МЕН».

АМАЛЬГАМИЗАЦИЯнәтижесінде бір топқа немесе бір ұлтқа айналатын екі немесе одан да көп этникалық топтар немесе ұлттардың биологиялық араласуы.

АНОМИЯәлеуметтік ауытқушылықтар мен үстемдік етуші мәдениеттің әлдеқайда маңызды нормаларынан бас тартуға алып келетін бір немесе одан да көп тұлғалардың қоғамның тұрақты негізгі институттарымен кіріге алмайтын жағдайы.

АНЫҚТАЛҒАН (БЕРІЛГЕН) МӘРТЕБЕжеке адамға оның талаптары мен қабілеттеріне қарамастан қоғаммен немесе топпен алдын ала берілетін әлеуметтік позиция.

АССИМИЛЯЦИЯтұлғалар мен топтар бүкіл қатысушылармен ортақ мәдениетке келетін өзара мәдени ену процесі.

АУДИТОРИЯкоммуникатормен (ақпараттары бар және оны бұл қауымдастыққа жеткізетін жеке адаммен немесе топпен) өзара байланыспен біріккен адамдардың әлеуметтік қауымдастығы.

АУТТОПжеке адам оған қатысты теңестірушілік пен қатыстылықты сезінбейтін адамдар тобы. Мұндай топтың адамдары жеке адамға «біз емес» немесе «бөтен» болып көрінеді.

ӘДЕТ-ҒҰРЫПадамдар оның өткендегі пайдалылығы үшін қабылдайтын құндылықтар мен нормалар және ұрпаққа беріле алатын дағдылар.

ӘЛЕУМЕТТАНУқоғам құрылыстарын, олардың элементтер мен тіршілік ету шарт­тарын, сонымен бірге сол құрылымдағы әлеуметтік процестерді зерттейтін ғылым.

ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ЖАСЫРЫНДЫЛЫҚбелгілі бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің, оның қырлары мен белгілерінің сыртқа көрінбеуі мен жасырындылығы.

ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ПАРАДИГМАтеорияның әлеуметтік мәселелерді көтеру мен шешудегі тұжырымды-әдіснамалық жолдарын анықтайтын, берілген сатыда әлдеқайда ортақ, бастапқы және маңызды деп танылған негіздер жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТЕНУжеке адамның топ нормаларында «Мен»-нің қалыптасуы арқылы жеке адамның тұлға ретіндегі ерекшелігі айқындалатын процесс.

ӘЛЕУМЕТТЕНУ АГЕНТТЕРІ бұл процеске бағытты түрде әсер ете отырып, әлеуметтенуді жүзеге асырушы немесе оны қолдаушы барлық адамдар.

ӘЛЕУМЕТТІК АГРЕГАЦИЯбелгілі бір физикалық кеңістікте жиналған және ешбір саналы өзара байланысты жүзеге асырмайтын адамдардың белгілі бір саны.

ӘЛЕУМЕТТІК АРАҚАШЫҚТЫҚ әлеуметтік топтар арасындағы жақындылық пен бөтенденудің дәрежесін анықтайтын шама.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРЕКЕТ – адамның әрекет етуші тұлғаның немесе бірнеше тұлғалардың болжайтын мәніне сәйкес басқа адамдар әрекеттерімен қатынасқа түсетін немесе оларға бағытталатын әрекеті (оның сыртқы немесе ішкі сипатына, араласуына немесе қабылдануына қатыссыз).

ӘЛЕУМЕТТІК БАЙЛАНЫСадамдардың физикалық немесе әлеуметтік кеңістіктердегі жанасуынан туындайтын уақытша, тез үзілетін әлеуметтік байланыстардың типі.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАНЖАЛнақ осы марапаттауға қол жеткізуге бел буған бәсекелесті ығыстыру тіпті жою арқылы, өз айтқанына бағындыру арқылы марапаттауға қол жеткізуге деген ұмтылыс.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗАҢәлеуметтік объектілер арасындағы салыстырмалы түрде тұрақты және жүйелі түрде қайта туындап отыратын қатынастар.

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТбір субъект әрекеті басқа субъектілердің жауапты әрекеттерінің себептері сонымен бірге салдары болып табылатын циклді тәуелділікпен байланысқан өзара шартталған әлеуметтік әрекеттер жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСәлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік өзара қарым-қатынастар жүйелерінде жаңа қырлар мен элементтердің пайда болу процесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ИКЕМДІЛІКжеке адамның немесе әлеуметтік объектінің адамдардың әрекеттерінің арқасында құрылған немесе қалыптастырылған құндылықтардың бір әлеуметтік позициядан екіншісіне өтуі.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТмаңызды қоғамдық құндылықтар мен рәсімдерді біріктіріп, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен әлеуметтік норманың ұйымдасқан жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАДАҒАЛАУқоғам немесе әлеуметтік топ өз мүшелерінің рөлдік талаптар мен күтулерге деген конформды мінез-құлық көрсетуін кепілдей алатын құралдар жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСмәні бойынша бір-біріне қатыстылығы бар өзара қайталанатын әрекеттердің саналанған және сезімдік негізде қабылданатын жиынтықтары.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЗҒАЛЫСқоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы әлеуметтік өзгерістерге қарсылық көрсетуді немесе оларды қолдауға бағытталған ұжымдық әрекеттер жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМбелгілі бір шекара аймағында өзара әрекет етуші белгілі бір тәртіппен орналасқан, реттелген бөліктерден құралған әлеуметтік топ немесе қоғамның ішкі құрылысы.

ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕжеке адамның топ немесе топтардағы басқа топтармен қарым-қатынастардағы алатын позициясы немесе рангі.

ӘЛЕУМЕТТІК НЕКЕәйел мен еркектің отбасылық одағы негізінде жатқан әйел мен ер адам арасындағы және олардың ата-ана ретіндегі балаларымен қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік институт.

ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА - әлеуметтік топ мүшелерінен қолдау табатын және біріккен келісілген әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жүріс-тұрыстың белгілі бір кескінін құрайтын түсініктер жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ОҚШАУЛАУәлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттердің тоқтатылуы немесе күрт қысқаруы нәтижесінде жеке адамның немесе әлеуметтік топтың басқа жеке адамдар немесе әлеуметтік топтардан шеттетілуі орын алатын әлеуметтік құбылыс.

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЛШЕУсандық көрсеткіштер мен бағалықтар негізінде әлеуметтік құбылыстар мен процестер жөніндегі әлеуметтік ақпаратты алу және зерттеу процесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕССкөптеген әлеуметтік әрекеттер ішінен бөліп көрсетуге болатын қайталанатын және біржақты бағытталған әрекеттердің жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛбелгілі бір әлеуметтік мәртебесі бар адамнан күтілетін жүріс-тұрыс. Ол осы мәртебеге тиісті құқықтар мен міндеттер жиынтығымен шектеліп отырады.

ӘЛЕУМЕТТІК САНАТжеке адам бір немесе бірнеше ұқсас сипатамаларымен біріктіретін әлеуметтік қауымдастық.

ӘЛЕУМЕТТІК СТЕРЕОТИПбасқа топтың немесе адамдардың басқа санаттағы топ мүшелерінің пікірлерімен ұқсас бейнелері.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРТІПжеке адамның, олардың арасындағы өзара әрекетінен, жасырын түрде әрекет ететін, бұл жүйенің жақсы қызмет етуі үшін қажетті жұмыстың орындалуына ықпал ететін дағдыларынан, дәстүрлерінен құралған жүйе.

ӘЛЕУМЕТТІК ТОП - әрбір топ мүшесінің басқалардың тарапынан күтетін бөлісуі негізінде өзара бір-біріне әсер ететін жеке адамдар жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК УӘЖДЕМЕтұлға немесе топтың олардың қажеттіліктерінен келіп туындайтын және әрекет пен белсенділіктің бағыттылығын анықтайтын сол белсенділік пен әрекетке деген іштей ұмтылыс.

ӘЛЕУМЕТТІК ШКАЛАсауалнама, бақылау мен құжаттарды талдау барысында алынатын әлеуметтік ақпаратты бағалау немесе реттеу үшін қолданылатын зерттеу құралдарының өлшеуші бөлігі.

БАСҚАРУқызметтің ұйымның барлық элементтеріне бағытталуын қамтамасыз етіп, ұйым мен оның бөліктерін қойылған мақсаттардан ауытқуын мүмкіндігінше болдырмайтын ұйымның арнайы органының ерекше функциясы.

БАСТАПҚЫ ТОПжеке адамдардың алғашқы әлеуметтенуі жүзеге асырылатын және ондағы қатынастар интимді, тұлғалық, бейресми сипатқа ие топ.

БӘСЕКЕбірдей мақсаттарға ұмтылатын бәсекелестерді басып озу немесе ығыстыру арқылы марапаттауға жетуге деген талпыныс.

БЕДЕЛ – бекітілген және заңдастырылған басқа адамдардың әрекеттері мен мінез-құлығын басқару құқығы.

БЕЙІМДЕЛУескі ортада қабылданған құндылықтар мен нормалардың қажеттіліктерді қанағаттандырмай, белгілі бір дұрыс жүріс-тұрыс үлгісін қалыптастырмайтын жағдайдағы женке адамның немесе топтың жаңа ортаның мәдени нормаларын, құндылықтары мен эталондарын қабылдауы.

БИЛІКтіпті қарсыласудың орын алуына қарамастан, әлеуметтік қатынастармен тіркелген айтқанынан қайтпаудың кез келген мүмкіндігі.

БЮРОКРАТИЯқызметтері мен лауазымдары иерархияны құрайтын және олардың әрекеттері мен жауапкершіліктерін анықтайтын ресми құқықтары мен міндеттерімен ерекшеленетін ресми тұлғалардан құралған ұйым.

ВАЛИДТІЛІК өлшеу берілгендерінің өлшеу объектісіне сәйкестілік дәрежесін көрсететін әлеуметтану зерттеуіндегі өлшеу сапасының негізгі көрсеткіші.

ВЕРИФИКАЦИЯәлеуметтік объект теоретикалық моделінің шынайы өмірде тәжірибелі, эмпирикалық салыстыру арқылы ақиқаттылығын тексеру.

ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТТЕУнегізінде жынысы бойынша ерекшеленетін адамдардың, яғни берілген мәдениет жағдайындағы әйелдер мен ер адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жататын зерттеу түрі.

ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУәлеуметтік объектіні ол үшін табиғи болып табылатын жағдайларда тікелей және жан-жақты әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу.

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚжалпы қабылданған нормаларға сәйкес келмей, нәтижесінде сол нормалардан таюға әкелетін жеке адам немесе топтың жүріс-тұрыс үлгісі.

ДӘСТҮРадамдарға қоршаған ортамен, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға ең жақсы мүмкіндік туғызатын тиімді жүріс-тұрыс үлгілерінің жиынтығы.

ЕКІЛІК ТОПмүшелерінің арасындағы қатынастар мен әлеуметтік байланыстар атаусыз сипатқа ие топ. Мұндай топтар, әдетте, ортақ мақсаттарға жетуге бағытталған және олар жоқ болған жағдайда бірден ыдырайды.

ЖАЛПЫЛАМА ЖИЫНТЫҚзерттелуі қажет және белгілі бір ортақ әлеуметтік мәні бар белгілердің белгілі бір сапалы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бүкіл жиынтығы, жалпылама жиынтықтың бір бөлігі ретіндегі іріктелген ерекше объект болып табылады.

ЖАНЖАЛДЫҢ ДАҒДАРЫС НҮКТЕСІжанжалды әсерлердің жоғары дәрежелі қарқынымен сипатталатын жанжал дамуындағы белгілі бір мезет.

ЖАСЫРЫН ФУНКЦИЯЛАРәлеуметтік институттың қиын айқындалатын, қасақана жүзеге асырыла бермейтін және қабылдана бермейтін, ал егер қабылданса, онда қосалқы саналатын функциялар бөлігі.

ИКЕМДІЛІКТІҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫбелгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік позицияларды тік және көлденең бағытта өзгертетін жеке адамдар санын білдіретін әлеуметтік икемділік сипаттамаларының бірі.

ИНСТИТУТТАНДЫРУәлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдердің анықталу және бекітілу, оларды кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында әрекет етуге тиісті жүйеге келтіру процесі.

ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯкәсіби түрде жоғары маманданған ой еңбегімен айналысатын және сол үшін қажетті арнайы жоғары немесе орта білімі бар адамдардың әлеуметтік тобы.

ИНТЕРВЬЮжоспар бойынша сөйлесу нысанында, яғни сұрақ-жауап түрінде жүзеге асрылатын зерттеудің сұрау тәсілі.

ИНТОПжеке адам оған қатысты тепе-теңділік пен қатыстылықты сезінетін топ немесе әлеуметтік санат. Жеке адам бұл топтың мүшелерін «өзіндей» көреді.

ИНФИЛЬТРАЦИЯжеке адамдардың жоғарыға қарай бағытталған тік икемділік процесі барысында мәртебесі бойынша әлдеқайда жоғары әлеуметтік қабатқа (стратқа) өтуі.

КАСТАЛЫҚ ЖҮЙЕәр түрлі каста өкілдерінің арасындағы байланыстар мен некелерге шектеу қойылған белгілі бір рөлдері бар жабық эндогамды, иерархиялы жіктелген страталар ретінде келетін әлеуметтік құрылымның бір түрі.

КВАЗИТОПтұрақты күтушілері жоқ, ал мүшелер арасындағы өзара әрекеттер, әдетте, бір жақты болып келетін қасақана пайда болмайтын әлеуметтік топ.

КОНТЕНТ-ТАЛДАУәлеуметтану ақпаратының мазмұнын сандық талдаудың әдісі.

КОНТРМӘДЕНИЕТүстем етуші мәдениет үлгілеріне қарама-қарсы келетін топта қабылданған мәдени үлгілердің жиынтығы.

КОНФОРМИЗМтоптық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-тұрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан таймауға мәжбүрлейді.

КООПЕРАЦИЯбір немесе бірнеше әлеуметтік топтардың өкілдері бір мақсатқа жету жолында бірігіп, ұйымдасқан түрде әрекет ету процесі.

КӨЛДЕНЕҢ ИКЕМДІЛІКжеке адамның немесе әлеуметтік объектінің бір әлеуметтік ұстанымнан сол сатыдағы әлеуметтік ұстанымға өтуі.

КӨШІ-ҚОН жеке адамдар немесе әлеуметтік топтардың басқа ауданға, географиялық аймаққа немесе елге жер аударудан көрініс табатын тұрақты мекен жайын өзгерту процесі.

КІШІ ТОПқоғамдық қатынастар жеке байланыстар нысанында құрылатын топ. Топ жеке адамдардың шектелген санынан құралып, үлкен топтардан көптеген әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларымен ерекшеленеді.

ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН МӘРТЕБЕжеке адамның иемденетін және оның жеке таңдауы, жеке талпыныстары мен басқа жеке адамдармен бәсекесімен бекітілетін әлеуметтік позициясы.

ҚОСЫЛҒАН БАҚЫЛАУәлеуметтанушы зерттелуші топтар мен т.б. әлеуметтік объектілердің күнделікті өміріне қосылатын алғашқы ақпаратты жинау әдісі, тәсілі, әлеуметтанушылық зерттеу нысаны.

ЛИДЕРЛІКжеке адамның топтық лидер рөліне тән қасиеттерді көрсете білу қабілеті.

МАРГИНАЛ ТҰЛҒАекі немесе одан да көп мәдениеттердің шекарасында аралық ұстанымды иемденіп, толық емес болса да, белгілі бір дәрежеде әрбіреуіне ассимиляцияланған жеке адам.

МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСқоғамның үстем мәдениеті мен субмәдениетінде жаңа мәдени мезеттер мен кешендердің пайда болу процесі.

МӘДЕНИ РЕЛЯТИВИЗМмәдениеттің топтардың дәлелдері мен құндылықтарын тек өз мәдениетінің тұрғысынан қарастыратын жағдайындағы басқа мәдениеттерге деген белгілі бір әлеуметтік топ мүшелерінің басқа топтардың дәлелдері мен құндылықтарын ұғына алмайтындай көзқарас.

МӘДЕНИ ҮЛГІбелгілі бір адамдар санымен қабылданып, олардан қолдау тапқан норма немесе құндылық, мәдени элемент немесе мәдени кешен.

МӘДЕНИЕТқоғам мүшелерімен өндірілетін, әлеуметтік тұрғыдан қабылданып, қолданатын және ұрпақтан-ұрпаққа өту қабілеті бар рухани және материалдық өнімдерден құралған белгілі бір күрделі жүйе.

МОДАЛЬДЫ ТҰЛҒАқоғам мүшелерінің көпшілігі қолдайтын мәдени үлгілерді ұстанатын адам.

МОНИТОРИНГқұбылыстар мен процестерді болжау және бақылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды тұрақты, жүйелі жинақтау.

МОРАЛЬДЫҚ НОРМАбір әрекеттердің орындалуы мен екіншілерінің шектелуін талап ететін идеялар мен жақсылық пен жамандық жөніндегі түсініктердің жүйесі.

НОРМАТИВТІ МӘДЕНИЕТдұрыс жүріс-тұрыс стандарттарын ұсынатын, белгілі бір әлеуметтік әрекеттерді рұқсат етіп, ұсынып, шектейтін мәдени үлгілер жиынтығы.

ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫортақтық деңгейі бойынша теоретикалық және эмпирикалық зерттеулер арасында орналасқан және әлеуметтанудың белгілі бір бөліктері шекарасында олардың арасындағы өзара байланысын қамтамасыз ететін әлеуметтану теориялары.

ОТБАСЫбалалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

ПИЛОТАЖДЫҚ ЗЕРТТЕУақпарат жинау құралдарын, ұйымдастыру әдістері мен бұқаралық зерттеу жүргізудің рәсімдерін сынап көру мақсатында зерттеудің әдіснамалық бағытталуын арнайы бақылап көру.

РЕСПОНДЕНТсауалнама немесе интервью барысында сұралатын немесе сұралған адам.

РЕФЕРЕНТТІК ТОПжеке адам өзі үшін эталон ретінде көрінетін және өзінің мінез-құлқы мен өз-өзін бағалауда сол топтың пікірлеріне, нормаларына және құндылықтарына қарайтын адамдардың нақты және шартты әлеуметтік қауымдастығы.

РЕФЛЕКСИВТІ БАСҚАРУшешім қабылдау негіздері бір субъектіден екіншісіне өтетін басқару тәсілі.

РӨЛДЕР БӨЛІНІСІжеке адамның уақтылы өмірінен белгілі бір рөлді ығыстырып, оны санадан өшіру жолымен, бірақ осы рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауаптық қабілетті сақтау арқылы рөлдік қозуды төмендету үшін қолданатын салаланбаған әдістердің бірі.

РӨЛДЕРДІ РЕТТЕУсоның барысында жеке адам белгілі бір рөлді орындау жауапкершілігінен босай алатын сараланған және арнайы ресми рәсім.

РӨЛДЕРДІҢ ҰТЫМДЫЛЫҒЫтұлғаның өзі үшін әлеуметтік және жекелік тұрғыда жағымды түсініктер арқылы белгілі бір жағдайларды ауыр қабылдаудан сақтану үшін қолданатын сараланбаған әдістердің бірі.

РӨЛДІК ЖАНЖАЛжеке адамның сәйкес келмейтін, қарама-қайшылықты міндеттер мен талаптардан құралған бір немесе бірнеше әлеуметтік рөлдерді орындауымен байланысты туындайтын жанжал.

РӨЛДІК ЖҮРІС-ТҰРЫС жеке адамның әдетте күтілетін жүріс-тұрысы ретінде танылатын әлеуметтік рөлді жай ғана орындаудан ерекше, белгілі бір әлеуметтік рөлі бар нақты жүріс-тұрысы.

РӨЛДІК КҮТУЛЕР (ЭКСПЕКТАЦИЯАР)тиісті әлеуметтік рөлдердің орындалуына қойылатын бейресми талаптардың жиынтығы ретінде көрініс табатын топтар мен ұйымдардағы адамдардың жүріс-тұрысын реттеу механизмінің ерекше бөлігі.

САУАЛНАМАзерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуін әлеуметтану өлшем тәсілі.

СУБМӘДЕНИЕТүстемдік етуші мәдениетпен тығыз байланысты, сонымен бірге одан ерекшеленетін мәдени үлгілердің жиынтығы.

ТІК ИКЕМДІЛІКжеке адамның немесе әлеуметтік объектінің бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне өтуге ықпалын тигізетін өзара әрекеттер жиынтығы.

ТІЛадамдық қарым-қатынастың негізгі құралы, адамдар, топтар мен олардың бірлестіктері арасындағы өзара әрекеттің саналы негізі, олардың жүріс-тұрысын реттеу, қоғам мен саясаттың жүргізілуін басқару құралы.

ТОБЫРортақ қызығушылықтарымен бір физикалық кеңістікке жұмылдырылған адамдардың уақытша жиналысы.

ТҰЛҒАадамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

ҰЙЫМөзара байланысты ерекше мақсаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ.

ҰЙЫМНЫҢ СЫРТҚЫ АЙНАЛАСЫұйым қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін физикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және экономикалық шарттардың жиынтығы.

ҮСТЕМДІК ЕТУШІ МӘДЕНИЕТбүкіл қоғам мүшелерімен қабылданып қолданатын мәдени үлгілер жиынтығы.

ФРУСТРАЦИЯ - мақсатқа жету жолында жеңу мүмкін емес (немесе субъективті қабылданатын) қиыншылықтардан объективті негізде туындайтын жүріс-тұрыс пен уайым ретінде танылатын адамның психикалық қалпы.

ЫҚПАЛДАСУмемлекеттердің, олардың экономикаларының, әлеуметтік және саяси құрылымдарының, мәдениеттерінің және т.б. бөліктері мен элементтерінің өзара байланысу, өзара әрекеттесу, жақындасу мен бірігу процесі және оның нәтижесі.

ІРІКТЕУтікелей зерттеуге тиісті әлеуметтанушылық зерттеу объектісі элементтерінің белгілі бір дәрежеде шектелген жиынтығы.

ЭКЗОГАМИЯнекелік серігін таңдаудағы шектеу. Мұнда топ мүшесі серігін осы топтан тыс топтардан таңдауы тиіс.

ЭНДОГАМИЯнекелік серігін таңдаудағы шектеу. Мұнда топ мүшесі серігін тек өз тобының ішінен таңдайды.

ЭТНОЦЕНТРИЗМбір топ орталық, ал қалғандары осы топқа негізделіп бағаланатын жағдайдағы қоғамға деген көзқарас.