Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология книга.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.26 Mб
Скачать

Қорытынды

Сонымен, біз әлеуметтік ілімнің ежелгі заманнан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі эволюциясын қарастырдық. Жалпы, ежелгі ағартушылық кезеңде дамыған әлеуметтік ілім мынадай бірқатар елеулі шектеулермен және кемшіліктермен сипатталады:

- басым болған идеологиялардың үстемдігі;

- түрлі жағдайларда немесе құбылыстарды дәлелдеуге нақты эмпирикалық логикалық дәйектер жетіспеген кезде құдыретті күшке және өзге де дәлелденбеген нәрселерге жиі жүгінетін ол кездің білімі барлық қағидалар мен тұжырымдардан қатаңдықты, қисынды үйлесімділікті және дәйектілікті талап ететін ғылыми өлшемдерге жауап бере алмады;

- қоғамның қазіргі күйін емес, оның болашағын суреттеу;

- әлеуметтік құбылыстарды шешетін диалектиканың болмауы. Қоғам әлдебір сыртқы күштер арқылы біржолата реттеліп жасалған немесе керісінше, тәуелсіздердің ыңғайы мен қалауына толық бейімделген қауым ретінде қабылданды. Қоғам қолдамаған кейбір өте сирек болатын әлеуметтік үрдістер заңды процесс ретінде емес, әлдебір тұрақты сурет немесе билеушілердің шексіз зорлық-зомбылығының жемісі ретінде қарастырылды.

- жалпы теориялық тұжырымдардың шынайы өмірден қол үзуі, қатаң бақылаулар мен басқа да объективті ғылыми рәсімдерге жүгінетін мәліметтердің болмауы. Сондықтан мұндай әлеуметтік ілім дәйексіз сипат алды.

Әлеуметтанудың дербес ғылыми пән ретінде бөлініп шығуы қоғамды тануда аталмыш шектеулер мен жетіспеушіліктердің орнын толтыруда пайда болған қажеттіліктермен тікелей байланысты. Қоғамды әлеуметтану жағынан зерттеу бірнеше шарттардың орындалуын талап етті.

Біріншіден, ол өзінің зерттеу объектісіне тікелей тәжірибелік ықпал етуден бас тартуы керек еді. Екіншіден, ол сол кездегі ғылыми қоғамдастықтың әлеуметтануды ғылым деп есептеуіне мүмкіндік беретін белгілі бір принциптермен, көзқарастармен және әдістермен толықтырылуы тиіс болды. Басқаша айтқанда, әлеуметтанудың қалыптасуы жөніндегі алғышарттардың бірінің пайда болуына қоғам идеясы мен қоғам туралы ғылым идеясының бірігуі әсер етті.

Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуының келесі бір алғышарты әлеуметтік детерминизм ұғымы болып табылады. Бұл ұғым бойынша, қоғамды былық пен зорлық-зомбылық емес, кеңістіктік және уақыттың реттелуі, себеп-салдарлар байланысы, құбылыстар мен процестердің басқаларына тәуелді болу шарттары билейді. Әлеуметтік заңдар идеясы әлеуметтанудың қалыптасуы мен құрылуында маңызды орын алады. Осы идеяға сәйкес әлеуметтік құбылыстар табиғи құбылыстар сияқты туынды айла-шарғыларға көнбейді, олар едәуір мықты және тұрақты болып келеді, сондықтан оларды белгілі бір шекте және тек олардың өздеріне сүйене отырып басқаруға болады; оларға түсінуге оңай кеңістіктік және уақыттық реттелу тән. Мұның барлығы әлеуметтік құбылыстар жөніндегі ғылымның қажеттілігін айқындай түседі.

Белгілі бір мағынада, әлеуметтану әлеуметтік дамуға жататын үш заңның белгіленуінен дамыды деп айтуға болады:

  1. әлеуметтік даму бар және ол тұрақты және әмбебап сипат алады;

  1. оның негізінде білімнің өсуі, ең алдымен, техника мен өнеркәсіптің дамуымен іс жүзіне асырылатын білімнің өсуі жатыр;

  1. қоғам өзінің дамуында жетіле түседі, яғни онда прогресс заңы әрекет етеді.

Соңғы заң алдыңғы екеуін белгілі бір мағынада қорытындылай келіп, әлеуметтанудың қалыптасуының алғышарттары ретінде маңызды орын алады.

Әлеуметтік заң туралы түсінік өзіне бір мезгілде енді-енді пайда болып келе жатқан әлеуметтануды онтологиялық және эпистинологиялық негіздеуді қамтыды. Алайда әлеуметтік заңдар бар және оларды танып-білудің тәсілдері табылуы мүмкін екендігі, сондай-ақ бұл тәсілдерді көрсетуді дәлелдеу талап етілді. Жаңа ғылымды құру үшін оның әдіснамалық мәртебесін бекіту қажет болды. Әлеуметтанудың тікелей пайда болуының алдындағы дәуірде әдіснама жағынан алғанда мінсіз, эталонды ғылым бір мезгілде ұтымды, эмпирикалық, тәжірибелік те болды. Дұрысын айтқанда, “табиғи”, ұтымдық-эмпирикалық және ғылыми білім бірін-бірі қайталайды.

Жоғарыда айтылған барлық идеялық алғышарттарды біріктіру ғылыми қоғамдастықта қалыптасқан эталонды жалпы ғылыми өлшемдерге сәйкес әлеуметтанушылық білімнің негізгі өлшемдерінің пайда болуына алып келді. Бұл қоғамдастық және оның әлеуметтік ортасы жаңа ғылымды құру мүмкіндігі мен қажеттілігін сезінді. Ол ғылым өзіндік сананы қалыптастырып, “ әлеуметтану ” деген атауға ие болды.

Көптеген ғалымдар мен әлеуметтік реформаторлар бұл кезде қоғам жөнінде ғылымның пайда болуына орай қоғамды жетілдіруге үміт артты. Олар жаңа ғылымның пайда болуын күтті және оны қалыптастыруға шақырды. Әрине, бұл жеткіліксіз еді. Жаңа ғылымды қалыптастыруға орасан зор күш-жігер талап етілді. Оны әлеуметтанушылық ойдың пионерлері жүзеге асырды. Солардың арқасында әлеуметтану өзінің жеке тарихы бар дербес ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады.