Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология книга.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.26 Mб
Скачать

Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы

Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның (АҚШ) мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон әлеуметтанушылар арасында алғашқылардың бірі болып “жаһандану” терминін қолдана бастады. Робертсонның басты жорамалы, мемлекеттердің халықаралық жүйесі Толкотт Парсонстың атақты AGІL схемасы шеңберінде бейнелене алады дегенге келіп саяды. Робертсон теориясының мәдени центристігі мемлекеттер ықпалдасуының басты бағытын мәдени жүйеленудің орнығуы деп есептеуінен көрінеді.

Робертсон қазіргі замандағы әлем жаһандануының мынадай сатыларын көрсетеді: А кезеңі немесе жаңадан пайда болу кезеңі, ол XV-XVІІІ ғасырлар деп көрсетілген. Жаһандық әлемнің пайда болуына Еуропада діни тұтастықтың бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және адамзат туралы алғашқы мәліметтер әсер етті. Б кезеңінде жаһандық жүйе пайда болды (1750- 1850). Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, азаматтық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдени салыстырмалылық жүреді: халықаралық көрмелер пайда болады, еуропалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі дүниеге келеді. В кезеңі жаһандық әлемнің шарықтау сатысы ретінде түсіндіріледі (1875-1925). Бұл кезеңде әлемді төрт жүйелену: экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде ұғыну айқындала түседі және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады. Алғашқы халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдер заңды түрде бекітіледі. Г кезеңі гегемония үшін күрес кезеңі (1925-1969). Бұл екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар кезеңі, әлемдік саяси-құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі. Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен бірге “үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және соңғысы, Д кезеңі - белгісіздік кезеңі (1969 жылдан осы кезге дейін). Сыртқы кеңістікті зерттеу кезеңі, бұл жерде ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы халықаралық пікірталастардың шығуы және кейінгі материалистік құндылықтарды насихаттайтын пайымдаулардың таралуы туралы сөз болып отыр. Жаһандық феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу сатысы, шын мәніндегі жаһандық бұқаралық-медиа, ғарыштық коммуника­циялар дүниеге келеді. Халықаралық қатынастар күрделілене түседі.

Энтони Гидденстің жаһандану теориясы

Энтони Гидденс - теориялық әлеуметтану мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан қазіргі заманғы ірі әлеуметтанушылардың бірі.

Гидденс, Р.Робертсон секілді, жаһандануды жаһандық модернистік жобаның бір бөлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін бөліп көрсетеді:

(1) кеңістік пен уақыттың өзгеруін ол іс-әрекеттің белгілі бір кеңістікке үйреншікті болуының азаюы және әлемдік ауқымдағы оқиғалардың үндесуі деп түсінеді, бұл жерде әңгіме жаһандық коммуникацияның пайда болуы жайында болып отыр;

(2) әлеуметтік институттар жергілікті жерлерден (“орындардан”) қол үзсе “жеміссіз” болып қалады. Тек үлкен жүйелер ғана өзгеріп қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік тәжірибенің жергілікті және тіпті жеке астарлары өзгереді, бұл қақтығыс пен әлеуметтік жіктеудің жаңа жүйелерін тудыратын көптеген қарама-қайшылықты процестерді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, Гидденс Валлерстайнға қарағанда жаһандануды таза экономикалық процесс және феномен ретінде түсіндірмейді;

(3) әлеуметтік білімнің әсері, тәжірибелік білімге деген бағдар өсе түседі. Қазіргі әсерлі қоғамның өзін Гидденс жүрісін жылдамдата беретін күйме бейнесінде елестетеді. Осы заманғы институттардың бәрі әмбебаптылық жағына қарай өзгереді: капитализм, индустриалану, қадағалау, күштеу құралдарын монополиялау, халықаралық еңбек бөлінісі, әлемдік әскери тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды. Әрине, Гидденс стандарттау үрдісінің әсіресе түрленім нысанында болатынын көрсетеді, себебі капиталистік өндіріс пен бөлу қазіргі заман институттарының басты құрамдас бөліктерін қалыптастырады.

Энтони Гидденстің жаһандану теориясындағы басты нәрсеге - модерннің жергілікті әдет-ғұрып пен дәстүрге тигізетін ықпалына, жергілікті және жаһандық диалектикаға назар аудару қажет. Гидденстің ойынша, жеке адамның таңдау мүмкіндігі жоқ әлеуметтік мәжбүрлеу жағдайы ретіндегі іс-әрекетке ешқашан ортақ бола алмайды. Таңдаудың болмауы әрекеттің оған берілетін жауаппен алмастырылғанын білдірмейді. Агенттілік тікелей немесе жанама түрде құрылымның бір бөлігі болуы мүмкін. Перифериядағы іс-әрекеттің әлем-жүйені ұстап тұруда өмірлік маңызы бар. Гидденс жеке адамдарды өзінің салдары бойынша жаһандық болып табылатын әлеуметтік ықпалды жүргізушілер ретінде көрсетеді. Дәл осы сарында жергілікті өзгерістер мәселесі кеңістік пен уақыттағы байланыстардың кеңеюі ретінде ұғынылатын жаһанданудың бір бөлігі болып отыр.

Сонымен, біз Энтони Гидденстің жаһандану теориясы, мәселен Валлерстайнның әлемдік жүйелік сараптау теориясына қарағанда жоғары деңгейдегі жеке-дара агенттілікті баса көрсететінін байқаймыз.