Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Сраныс заы

.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
22.23 Кб
Скачать

Сұраныс заңы.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін атайды. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемнің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу оймен жасайтын жоспарды белгілейді. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелдеген гипотеза болып табылады.

Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы жағдайларды қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған тауар саны арасында белгілі бір байланыс ба-екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған % сатып алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп, (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар X игілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса – үш бірлікті, 20 теңге болғанда 4 бірлікті және т.б алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге болады. Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық, Экономикалық теорияда тәуелсіз өзгерушіні (бағаны) тігінен, ал тәуелдіні (сұраныс) көлденең өсуіне қою қабылданған .Жалпы түрі:

Qо= Ғ(Р).

Ондағы: Q - сұраныс шамасы (demand); Р-баға (рriсе).

Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді. Сұраныс қызметі - сұранысты оған әсер ететін әр түрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға төмен болған сайын сұраныстың жоғары және керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді. Сұраныс шамасының бағаға тәуелділігі

Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді:

1) тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);

2) ұнайтын және басымдық беретін нәрселерінің өзгеруі;

3) бағаны және тапшылықты күту;

4) жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;

5) субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының өсуі;

6) сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б. [9]

Ұсыныс заңы

Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:

Оs=f(Р)

Ондағы: Оs - ұсыныс шамасы (suррlу);

Р - баға.

Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады . Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұраққты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауарды бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады. Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа фактордлар әсер еткендегі толық өзгеруі немес жылжуы . Ұсыныс қисығы (sиpplу сиrvе) - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тәуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тәуелдіні (ұсынысты) - көлденең оське орнату қабылданылған. Ұсыныс қызметі (Sиррlу Fипсtіоп) ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді. Шынында игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді:

1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;

2) технология;

3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;

4) салықтар мен субсидиялар көлемі;

5) сатушылар көлемі.

Ұсыныс барлық осы факторлардың қызметі болып табылады:

Qs = f (P, Pr, K, T, N, B)

Ондағы: Р - игіліктің өзінің бағасы;

Рr - ресурстар бағасы;

К - қолданылатын технология сипаттары;

Т - салықтар мен субсидиялар;

N - сатушылар саны;

В - тағы басқа факторлар.

Әрбір эконмикалық модельдегі теп-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.

Сұраныс пен ұсыныс заңдары сатушы мен сатып алушының мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмейтінін көрсетеді. Тұтынушы үшін тауардың бағасы оның шығыны, ал сатушы үшін баға-табыс көзі. Сатушы мен сатып алушының бір-бірімен келісімге келуі сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасынан туындайды. Сұраныс пен ұсыныс моделінің көмегімен баға мен тауар санының арасындағы байланыстар түсіндіріледі. Бұл модельде негізгі рөл атқаратын-баға. Баға өзгергенде, сатушылар мен сатып алушылардың шешімдері де лереу өзгереді, біреулер жаңа бағаның арқасында пайда тауып қалуға тырысса, екіншілері жаңа бағадан шегетін зиянын азйтуға тырысады. Осындай жанталаса шешім қабылдау нарықтағы теп-теңдікті туғызыды және жеке мүдделерді бір-бірімен келістіреді.

Нарықтағы тепе-теңдік қалыптасу үшін тұтынушылардың сатып алғысы келген тауарларының санын сатушылардың сатам деген тауарларының санына сәйкестендіретін баға қалыптасуы қажет. Осындай бағаны нарықтағы тепе-тең баға дейді. Нарықта тепе-тең баға қалыптасқанда сұраныс мөлшері ұсыныс мөлшеріне теңеседі.Нарықтық тепе-теңдікті орнату жуйесін түсіндіруде екі тұжырым бар: Вальрас тұжырымдамасы және Маршалл тұжырымдамасы.

Вальрас тұжырымдамасы бойынша нарықтық тепе-теңдік Qd=Qs орындалса ғана болады, ал мұнда негізгі көрсеткіштер сұраныс көлемі және ұсыныс көлемі. Тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс және ұсыныс артуының қысымына байланысты болады .Ұсыныс сұраныстан артқен жағдайда игілік бөлігі өтпейді. Сатушылар арсында тұтынушылар үшін бәсекелестік басталады, нәтижесінде нарықтық бағаны төмендетеді. Осының нәтижесінде кірісінен шығысы артық компаниялар нарықтан шығады, ал нарықтық ұсыныс төмендй береді. Керісінше, сұраныс ұсыныстан артса нарықта тауар жатіспеушілігі орын алады. Егер Q2-Q3 , тұтынушылар арасында бәсекелестік орнайды. Нарықтық баға көтеріледі, ал нарықтық сұраныс төмендейді. Яғни, екі жағдайда да сұраныс пен ұсыныс көлемі тепе-теңдікке ұмтылады, бұл ұсыныс сызығы мен сұраныс сызығының қиылысу нүктесінде орын алады. Нәтижесінде нарықтық баға қалыптасады және бұл ұсынушыға да, тұтынушыға да тиімді болып табылады, яғни ешқайсысы бұл тепе-теңдікті бұзуға ұмтылмайды.

Маршалл тұжырымдамасы бойынша нарықтық тепе-теңдік Pd=Ps теңдігінің орындалуы кезінде орын алады, ал мұнда негізгі көрсеткіштер сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасы болып табылады. Тепе-теңдіктің қалыптасуна тұтыну бағасының ұсыныс бағасынан немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артуы нәтижесінде туатын қысым әсер етеді.Егер, Q1 көлемі кезінде сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғары болса, ұсынушы артық пайда табады, бұл өндіріс көлемін арттырады. Ал өндіріс көлемінің, яғни ұсыныстың артуы бағаны төмендетеді, және бұл өндіріс шығындары мен кірістерінің бағасы теңескенше жалғасады. Және керісінше, егер ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан артық болса. Пайда болмаған соң ұсынушылар баға төмендетуге мәжбүр болады, ал кейбіреулері нарықтан шығады және ұсыныс азаяды. Нәтижесінде нарықта тек нарықтық бағамен пайда табушылар ғана қалады. Ұсыныс бағасы мен сұраныс бағасының теңесуі жаңа бағаның көлемін береді. Көріп отырғанымыздай екі тұжырымдаманың анализі екі түрлі. Бірақ, олардың ерекшелігі (біреуінде нарықтық тепе-теңдікке әсер етуші айнымалы көлем болса, екіншісінде баға) олар нақты емес болып табылады және кей жағдайда әр түрлі нәтиже беруі мүмкін. Жаңа нарықтық тепе-теңдікке көшу-бұл нарықтық өатысушылардың өзгерген нарықтық талаптарға бейімделу процесі. Оның уақытқа қатысты бірнеше кезеңдік түрлері бар.

Лездік кезең-өндірістің бірде-бір факторын өзгертуге келмейтін уақыт аралығы. Яғни нарықтық ұсынысты сыртқы әсерлер өзгертпей сұраныстың кез-келген деңгейінде берілген күйінде қала береді. Қысқа мерзімді кезең-өндіруші қолданыстағы өндірістің өзгермелі факторлар көлемін (шикізат кһлемі, энергия және жұмысшылар саны) өзгерте алатын бірақ өндіруші күшті өзгерте алмайтын уақыт аралығы. Бұл жағдайда ұсынысқа нарықтық талаптардың өзгерісі шектелген масштабта болса да әсер етеді. Бұл ұсыныс көлемінің кеңеюінен көрініс табады. Ұзақ мерзімді кезең-технологиядан басқа барлық өндіріс факторлары өзгеруі мүмкін уақыт аралығы. Өндірістің бейімделу мүмкіндігі кеңейеді,яғни өндіріс көлемінің нақты өзгерістері байқалады. Өте ұзақ мерзімді кезең-жаңа білім мен жаңа әдістердің енгізілуінен өндірістің технологиялық базасының өзгеруі аралығы. Әдетте технологиялық төңкерістің нәтижесі өндіріс шығындарының азаюынын көрінеді.

Нарықтық тепе-теңдіктің статикалық моделі. Нарықтық тепе-теңдікке уақыт факторының әсерінсіз байланыстың көрінісін сипаттайтын теориялық тұжырым. Нарықтық тепе-теңдікті талдау барысында осы тұжырым көп қолданысқа ие.

Нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық моделі. Нарықтық тепе-теңдіктің бір жағдайдан келесі жағдайға көшуін түсінуде динамикалық модельді қарастыра аламыз. Яғни бұл модель нарықтық тепе-теңдікте уақыттың әсерінен болатын заңдылықтарға анализ жасауға көмектеседі.

Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе – теңдік орнатуға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуға мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе–теңдік. Рыноктағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты барлық уақытта қозғалыста болады. Бұл өзгерістер бір–біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір уақытта жинақтап қарағанда тепе–теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдай рыноктің тепе–теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе–теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе-теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе–теңдік жағдайында шаруашылық жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы - өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе–теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.

Тепе–теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен тұтынушылардың сұранысы өзгеруі мүмкін. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция, өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда осы абстракция рыноктық механизмнің қызмет етуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе–теңдік бағасының құрылу механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің қызмет етуін жалпы тепе–теңдікке жетудің аса маңызды шарт екенін сипаттайды.

Экономикалык әдебиеттерде рыноктық механизмнің мынадай анықтамасы жиі кездеседі: "Рыноктық механизм — шаруашылықты ұйымдастырудың түрі. Онда жеке тұтынушы мен өндірушілер рынок арқылы өзара іс-әрекет жасайды және экономиканың негізгі үш мәселесін шешуді мақсат етеді: "нені ендіру керек?", "қалай өндіру керек?", "кімдер үшін өндіру керек?". Біздің пайымдауымызша, бұл анықтаманы былай айтуға да болады: рыноктык механизм — сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: не өндіру керек?", "калай өңдіру керек?" "және кімдерге өндіру керек?" Бұл жерде басты мақсат — пайда болып табылады. Рыноктық механизмде тепе-теңдіктің жалпы механизмі идеясы жатыр А.Смиттен бастау алатындығын бұрынғы тақырыптар да айтқанбыз. "Адам өзінің мүддесін көздеп отырып", "іс жүзінде көбінесе қоғам мүддесіне қызмет жасайды, тіпті оны саналы түрде жасағысы келгенге қарағанда" Жалпы тепе-теңдік теориясы қалайша рыноктық шаруашылықтың практика жүзінде әр адамның және әр кәсіпорынның жеке іс-әрекеті негізінде экономикадағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Олар барынша өнімін пайдалығын көздейді. Нарықтық жүйе тепе-теңдігінің тұтынымға, ресурсқа, өндіріс технологиясы тапсырысы туралы болып отыр. Бұл өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарының барлық тауарларына сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деген сөз.

Сұраныс мен ұсыныс нарықтық экономиканың ең манызды элементтері. Рынок - өндіруші мен тұтынушылардың арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бұл баланстыдық сыртқы кұбылыста сұраным мен ұсыным арасының сәйкес болуы ретінде байкалады. Себебі, ұсыным мен сұраным арнайы - өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың - рыноктық түрі болып келеді және сұраным мен ұсыным өндіріс пен ұсыныстың ара қатынасы түрінде де кездеседі. Сұраным мен ұсыным дегеніміз не, олар қалай анықталады жәнс оларға қандай факторліір әсер етеді? Сұраныс — ақшалай қамтамасыз етілген төлем кабілеттлігігі бар тұтыныс. Құндық тұрғыда сұраныс осы тауарлардың сомасын құрайды. Тауардың рыноктық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынас болып, ол сұраным сызығы (қисығы) деп аталады. Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.

Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық. Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауарлардың санына көбейткенге немесе Р х 0 көбейтіндісіне тең. бағаның екі рет құлдырауы, сұраныстың да екі рет екенін, ал жалпы саудадан түсімнің өзгермегендігін сипаттайды. Су-ретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет қана өсуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен сұраныс көп өсті.Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.Сұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті, сұраныстың өзгеруінің осы езгерісті шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді.Икемділік коэффициенті тауарға сұраныстың мөлшері тауар бағасы бір процентке өзгергенде қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бағаның кемуі дәлме-дәл сұраныстың өсуімен өтелгенде, ал жалпы саудадан түсірген сома өзгермегенде , сұраныстың бірлік икемділігі туралы әңгіме болады. Ал бағаның кемуі сұраныстың аз өсуін шақырса , сұраныс икемділігі бағаның кемуі сұраныстың артық өсуін шақырса , онда сұраныстың икемділігі туралы айтамыз:

Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстын икемділігі ол рынокқа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Е5) ұсыныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған баға өзгеріске қатынасын көрсетеді. Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.