Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2011.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.54 Mб
Скачать

1 Әдебиеттерге шолу

    1. Қазіргі таңдағы дизель отындарының түрлері және оларға қойылатын талаптар

Қазіргі кезде дизель отындарына деген талап қарқындады. Дизель отындарының сапасын жақсарту жолында еуропалық мемлекеттер көп еңбек етуде. Бұл елдерде дәл осы отындарға қатысты талаптарды қатаңдату жөніндегі концепция жасалған, әсіресе, олардың құрамындағы күкіртті заттардың (меркаптандар (R-SH), сульфидтер (R-S-R), дисульфидтер (R-S-S-R), тиофендер, тиофандар және т.б.) мөлшеріне қатысты. Бұл бағытта Швеция мемлекеті көшбасшы болып табылады, бұл ел 1990 жылдың өзінде І және ІІ классты дизель отыны үшін спецификация енгізген болатын. Швециядан соң 1993 жылы АҚШ-та CARB стандарты енгізілген, ол дизель отынындағы күкірт мөлшерін қадағалайды. Ал 1998 жылдан бастап АҚШ-тың мұнай өндейтін зауыттары құрамындағы күкірт мөлшері 50 мг/кг-нан аспайтын дизельдерді шығаратын болды. Қазіргі уақытта дүниежүзінің аздаған зауыттары ғана күкірттің ультра аз мөлшері бар дизель отындарын ала алады.

ТМД елдеріндегі дизель отындарының басты бөлігі ГОСТ 305-82 «Дизельді отын. Техникалық жағдайлары.» бойынша шығарылады. Мұнай өндірісінде ГОСТ 305-82 бойынша физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты дизель отындарының үш түрлі маркасы шығарылады: Л (Ж) – жаздық, қоршаған ауа температурасы 0 °С-ден жоғары; З (Қ) – қыстық, температурасы -20 °С дейінгі аймақта қолданылады (бұл жағдайда қыстық дизель отынының қату температурасы < -35 °С мен < -25 °С аралығында болуы тиіс), немесе қыстық дизель отынының екінші түрі -30 °С дейін қолданылады (онда қату температурасы < -45 °С мен < -35 °С аралығында болуы тиіс); А - арктикалық, температурасы -50 °С дейінгі аймақта қолданылады [1].

Температуралық көрсеткіштерден басқа дизель отыны құрамындағы күкірт мөлшері дизель отындарын түрлерге жіктеуде басты көрсеткіштің бірі болып табылады:

  1. I сұрыпты дизель отындары үшін күкірт мөлшері 0,2 % - дан аспауы қажет;

  2. II сұрыпты отын үшін 0,5 %– дан аспағаны жеткілікті;

  3. А маркасы үшін 0,4 %.

ГОСТ 305-82 сәйкес дизель отындары үшін келесі шартты белгілер қабылдануы тиіс: жаздық отынды күкірт пен жарқыл температурасына сәйкес таңбалайды (Л-0,2-40), ал қыстық отынды күкірт пен қату температураларына сәйкес таңбалайды (З-0,2-минус 35), арктикалық отынды тек күкірт бойынша таңбалайды: А-0,2. ГОСТ 305-82 бойынша дизель отынын күкірт мөлшері стандартқа сәйкес келетіндей тура айдалған және гидротазаланған фракцияларды қосу арқылы алады. Гидротазалау шикізаты ретінде тура айдалған ортадистиллятты фракциялар мен екіншілік процестердің өнімдерінің қоспасы қолданылады. Әдетте, тура айдалған дизель отыны мен каталитикалық крекингтің жеңіл газойлін қолданады [1].

1-кесте – Дизель отынының сипаттамалары (ГОСТ 305–82) [1]

Көрсеткіштер

Маркалар үшін стандарт шамалар

Зерттеу әдісі

Л

З

А

1

Цетандық саны, кем емес

45

45

45

ГОСТ 3122

2

Фракциялық құрамы:

50 % айдалу температурасы, °С, жоғары емес

280

280

255

ГОСТ 2177

90 % айдалу температурасы, °С, жоғары емес

360

340

330

3

20°С температурағы кинематикалық тұтқырлығы, мм2

3,0-6,0

1,8-5,0

1,5-4,0

ГОСТ 23

4

Қату температурасы, ° С, жоғары емес, келесі климаттық аймаққа тәуелді:

Қалыпты

-10

-35

-

ГОСТ 20287

Суық

-

-45

-55

5

Лайлану температурасы, ° С, жоғары емес, келесі климаттық аймаққа тәуелді:

Қалыпты

-5

-25

-

ГОСТ 5066

Суық

-

-35

-

6

Жабық тиглдегі жарқылдану температурасы, ° С, төмен емес:

Газ турбиналары, жылутасымал-дағыш және кеме дизельдері үшін

62

40

35

ГОСТ 6356

Жалпы қолданылатын дизельдер үшін

40

35

30

7

Отындағы күкірттің массалық үлесі, %, аспайды:

I түр

0,2

0,2

0,2

ГОСТ 19121

II түр

0,5

0,5

0,4

8

Меркаптанды күкірттің массалық үлесі, %, аспайды

0,01

0,01

0,01

ГОСТ 17323

9

Шайырлардың мөлшері, мг/100 см3 отынға, аспайды

40

30

30

ГОСТ 8489

10

Қышқылдығы, мг КОН/100 см3 отынға, аспайды

5

5

5

ГОСТ 5985

11

Йод саны, I2/100 г отынға, аспайды

6

6

6

ГОСТ 2070

12

Зольділігі, %, аспайды

0,01

0,01

0,01

ГОСТ 1401

13

10 %-дық қалдықтың кокстілігі, %, аспайды

0,20

0,30

0,30

ГОСТ 19932

14

Фильтрлену коэффициенті

3

3

3

15

20 ° С тығыздығы, кг/м3, аспайды

860

840

830

Қосымша: Л, З, А маркалары үшін отын құрамында күкіртсутек, суда еритін қышқылдар, сілтілер, механикалық қоспалар мен су болмауы тиіс.

Дизель отынын ТУ 38.401-58-110-94 бойынша экспортқа шығару үшін өндіреді. Экспортты дизель отынын тура айдалған дизель фракцияларын гидротазалау арқылы алады. Оның сапасын анықтау мақсатында отынның цетан индексін анықтайды (ал ГОСТ 305-82 бойынша цетан санын анықтайды). Одан басқа, су мен фильтрлену коэффициенттерінің орнына экспресс-әдіспен 10°С температурада отынның мөлдірлігі анықталады.

2 кесте – Экспортты дизель отынының сипаттамалары (ТУ 38.401-58-110–94)

Көрсеткіштер

Марка нормалары

ДЛЭ

ДЗЭ

1

Дизельді индекс, кем емес

53

53

2

Фракциялық құрамы: температурада айдалады, °С, жоғары емес:

50 %

280

280

90 %

340

330

96 %

360

360

3

20 °С темп-ғы кинематикалық тұтқырлығы, мм2

3,0-6,0

2,7-6,0

4

Температуралық көрсеткіштері, °С:

Қату температурасы, жоғары емес

-10

-35

Шекті фильтрлену температурасы, жоғары емес

-5

-25

Жабық тигльдегі жарқылдану температурасы, төмен емес

65

60

5

Отындағы күкірттің массалық үлесі, %, аспайды:

I түр

0,2

0,2

II түр

0,3

-

6

Мыс пластинадағы сынамаға зерттеу

өте алады

7

Қышқылдығы, мг КОН/100 см3 отынға, аспайды

3,0

3,0

8

Зольділігі, %, аспайды

0,01

0,01

9

10 %-дық қалдықтың кокстілігі, %, аспайды

0,2

0,2

10

Түсі, бірлік. ЦНТ, аспайды

2,0

2,0

11

Механикалық қоспалардың болуы

Қабылданбайды

12

10 °С температурадағы мөлдірлігі

Түссіз

13

20 ° С тығыздығы, кг/м3, аспайды

860

845

ТМД елдеріндегі дизель отынын еуропалық EN590 стандартына өткізу мақсатында ГОСТ Р52368-2005 «Автомобильді дизель отыны. Техникалық жағдайлары» атты норма енгізілді, ол Еуро-3 талаптарына сәйкес құрастырылған. Зерттеу әдістері мен дизель отыны сапасының көрсеткіштері толығымен ЕN590 талаптарын қанағаттандырады. ГОСТ Р52368-2005 атты стандарттың қолданыстағы нормалардан басты айырмашылығы күкірт мөлшері мен цетан санына деген талаптардың қатаңдануы. Сонымен қатар қосымша 4 көрсеткіш анықталады: цетандық индекс, майлағыш қасиеті, полициклді ароматты көмірсутектер мөлшері, тотықтырғыштық тұрақтылығы (3-кесте) [2].

3 кесте – ГОСТ Р52368-2005 бойынша дизель отынына қойылатын талаптар [3]

Көрсеткіштер

Мәні

Зерттеу әдісі

1

Цетан саны, кем емес

51,0

ГОСТ 3122, ASTM D 613, EN ISO 5165

2

Цетан индексі, кем емес

46,0

ГОСТ 27768, ASTM D 4737, EN ISO 4264

3

15°С температурадағы тығыздығы, кг/м3

820-845

ГОСТ Р 51069, ASTM D 1298, EN ISO 3675

4

Полициклді ароматты көмірсутектер, % (масса бойынша), аспайды

11

IP 391

5

Күкірт мөлшері, мкг/кг, аспайды, отын үшін: 1 түр

II түр

III түр

350

50

10

ГОСТ P 50442, ASTM D 4294, EN ISO 8754

6

Жабық тигльдегі жарқылдану, төмен емес

55

ГОСТ 6356, ASTM D 93, EN ISO 22719

7

10 %-дық қалдықтың кокстілігі, %, аспайды

0,3

ГОСТ 19932, ASTM D 189, EN ISO 10370

8

Зольділігі, %, аспайды

0,01

ГОСТ 1461, ASTM D 482, EN ISO 6245

9

Судың мөлшері, мг/кг, аспайды

200

ГОСТ 14870, ASTM D 1744, EN ISO 12937

10

Жалпы ластануы, мг/кг, аспайды

24

EN 12662:1998

11

Мыс пластинаның коррозиясы (50°С –де 3 сағ), шкала бойынша бірлік

Класс 1

ГОСТ 6321, ASTM D 130, EN ISO 2160

12

Тотықтырғыштық тұрақтылық: қалдық-тың жалпы мөлшері, г/м3, артық емес

25

ASTM D 2274, EN ISO 12205

13

60°С майлағыштық қасиеті, мкм, аспайды

460

ISO 12156-1

14

40°С температурадағы кинематикалық тұтқырлығы, мм2

2,00-4,50

ГОСТ 33, ASTM D 445, EN ISO 3104

15

Фракциялық құрамы:

250°С-де буланады, мас. %, кем емес

350°С-де буланады, мас.%, кем емес

95% айдалу температурасы,°С, аспайды

65

85

360

ГОСТ2177 (A әдісі), ASTM D 86, EN IS03405

16

Май қышқылдарының метил эфирлері, % (көлем бойынша), аспайды

5

EN 14078:2003

3-кестеде көрініп тұрғандай, дизель отынының сипаттамаларын анықтау үшін көбінесе шетелдің зерттеу тәсілдері қолданылған. Қазіргі таңда еліміздің отынды стандарттау жүйесіне шетелдік зерттеу әдістерін енгізу жүргізулуде.

ГОСТ Р52368-2005 бойынша дизель отынының шартты белгілері ГОСТ 305-82 нормасынан едәуір өзгешеленеді және отын сұрып, класс, түр болып жіктеледі. Осылайша, отын шекті фильтрлену температурасына тәуелді 6 сұрыпқа А-Р және 5 классқа жіктеледі (4-кесте), олардың әрқайсысы күкірт мөлшеріне байланысты 3 түрге бөлінеді. Мысалы, ГОСТ Р 52368 бойынша отынды былайша белгілейді: сұрып А, түр I немесе класс 1, түр II.