Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2011.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.54 Mб
Скачать

2.2.10 Газды–хроматографиялық талдау

Гидрогендеу өнімдері – фракциялар құрамын анықтау 7% скваланмен толтырылған ұзындығы 50мм, ішкі диаметрі 0,2 мм тоттанбайтын болаттан тұратын капиллярлы бағаналарда жалынды-иондалатын детектормен ЦВЕТ-530 хроматографында жүргізілді. Газ-тасымалдағыш-аргон 1,0-1,3 мл/мин көлемдік жылдамдықпен берілді, ағынды бөлгіш 1:20. Бағдарланған температураны арттыру 40-1100 С аралығында 20 С/мин жылдамдықпен жүргізілді. Нәтижелерді өңдеу арнайы компьютерлік бағдарлама бойынша орындалды.

2.2.11 Дизель отынының тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау

Мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздықтарын анықтайтын стандарт температура 200С температура болып табылады. Тығыздықты анықтау үшін белгісі бар шыны пикнометрді немесе көлемі әр түрлі капилляр түтіктерді қолданады. Әрбір пикнометр өз «су санымен», яғни 200С температурадағы пикнометр көлеміндегі су массасымен сипатталады. Су санын анықтау үшін алдымен пикнометрді хром қоспасымен, кейіннен дистелденген сумен, соңынан этил спиртімен жуып, кептіреді.

Таза, құрғақ пикнометрді 0,0002г дәлдікпен аналитикалық таразыда өлшейді. Пикнометрді қайнатылып, содан кейін бөлме температурасына дейін салқындатылған дистелденген сумен пипетка көмегімен толтырады (белгісі бар пикнометрді белгісінен жоғары, түтікті пикнометрдің ернеуіне дейін толтырады). Пикнометрді ішіндегі суымен 200,10С температурада 30 минут бойы термостатта ұстайды.

Пикнометр түтігі ішіндегі су деңгейі тұрақталған кезде, судың артық мөлшерін пипеткамен немесе фильтр қағазымен жинап алады да, түтік ішін құрғатып, пикнометрді тығынымен жабады. Пикнометрдегі су деңгейін белгінің жоғарға деңгейімен орнатады.

Түтікті пикнометрлерде судың артық мөлшерін түтіктен фильтр қағазымен жинап алады. 200,10С температурада су деңгейі орнықталған пикнометрдің сырты құрғатылып сүртіліп 0,0002г дәлдікпен өлшенеді.

Пикнометрдің су санын m мына формуламен анықталады:

m= m2 – m1 (6)

мұндағы ,

m2 – сумен алынған пикнометр массасы, г.

m1 – бос пикнометрдің массасы, г.

Мұнай (мұнай өнімдері) тығыздығын 20 рет анықтағаннан кейін пикнометрдің су санын міндетті түрде тексереді.

500С температурада тұтқырлығы 75 мм2/с артық емес мұнайлардың тығыздықтарын анықтау барысында құрғақ және таза пикнометрді пипетка көмегімен зерттелетін мұнаймен (мұнай өнімдерімен), (18-200С температурада) белгісі бар пикнометрдің белгісінен сәл жоғары, түтікті пикнометрдің ернеуіне дейін пикнометр түтігінің қабырғаларын былғап алмай байқап толтырады. Осыдан кейін пикнометрді тығынмен жауып ішіндегі мұнаймен (мұнай өнімімен) 200,10С температурада мұнай (мұнай өнімі) деңгейі орныққанға дейін термостатта ұстайды.

Мұнайдың артық мөлшерін пипеткамен немесе фильтр қағазымен жинап алады Пикнометрдегі мұнай деңгейін белгінің жоғарғы деңгейімен орнатады. Денгейі орныққан пикнометрді термостаттан алып, сыртын құрғатып сүртіп 0.0002 г дәлдікпен өлшейді.

Зерттелген мұнайдың (мұнай өнімінің) «көрнекі» тығыздығын мына формуламен есептейді:

(6)

мұндағы, m3 – мұнаймен (мұнай өнімімен) пикнометрдің массасы,г.

m1 – бос пикнометрдің массасы, г;

m – пикнометрдің су саны,г.

Зерттелетін мұнай немесе мұнай өнімінде судың және механикалық қоспалардың болуы тығыздықты анықтау нәтижелеріне кері әсерін тигізетінін ескерген жөн.

Сурет 13 – Дизель отынының тығыздығын анықтайтын шыны пикнометр