Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2011.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.54 Mб
Скачать
      1. Дизель отынының фракциялық құрамын анықтау

АРН-ЛАБ-02 аппараты мұнай және мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын ГОСТ 2177-99, ISO 3405, ASTM D 86 стандарттарына сәйкес анықтау үшін арналған. АРН-ЛАБ-2 аппаратында ГОСТ 2177-99 стандартына сәйкес А және Б әдістері бойынша мұнай өнімдерін айдауға қолайлы. ГОСТ 2177-99 сәйкес дизель отынының фракциялық мөлшерін анықтау үшін үлгінің 100 мл алынды. Температураны реттеу тетігі көмегімен қажет температура тағайындалып, отынның 50 %, 90 %, 95 % айдалу нәтижелері алынды.

Cурет 8 – АРН-ЛАБ-02 аппараты

16 кесте – АРН-ЛАБ-02 аппаратының техникалық көрсеткіштері

Айдау температурасы 400 °С-500 °С Тоқ кернеулігі 220 В Қолданатын қуаттылығы,  800 Вт аспайды Өлшемдері  450х450х535 мм Массасы  20 кг

2.2.4 Дизель отынының цетан индексін есеп жолымен анықтау.

ГОСТ 27768-88 бойынша дизель отынының цетан индексін есеп жолымен анықтау сұйықтықтың тығыздығы мен ГОСТ 2177-82 бойынша анықталған 50%-дық фракциясының қайнау температурасына негізделеді. Барлық жұмыс барысында анықталған дизель отынының фракциялық құрамы АРН-ЛАБ-02 (8 cурет ) аппаратында жүргізілген.

Цетан индексі келесі формуламен анықталады:

ЦИ=454,74-1641,416g+774,74g2-0,554t+97,803(lgt)2 (2)

мұндағы,

g – тығыздығы г/см3;

t 50%-дық фракцияның қайнау температурасы, °С;

lg – 10 негізді логарифм;

Cурет 9 – ЦИ анықтайтын нонограмма

Нәтиженің дұрыстығын тексеру үшін тығыздық пен 50%-дық фракциясының қайнау температурасын 9-суреттегі нонограммаға қоямыз. Формуламен және нонограмма бойынша табылған цетан индексінің мәні ±0,8-ден аспауы тиіс.

2.2.5 Дизель отынын озондау

Дизель отынын озондау қалыпты қысымда, бөлме температурасында, барботаж типіндегі ЕУИА 941.711.001№143-94 ("Озон-5П") маркалы лабораториялық қондырғыда жүргізді. Дизель отының озондау схемасының құрамына барботажды қондырғы, есептегіш және шыны реактор-барботер кіреді, соңғысына 200-300 см3 көлемде сұйық отын құйылады. Ең алдымен ауа үрлегішті озонаторға жалғап, одан озонның шығуы тексерілді. Озонның бір қалыпты көлемде шығуы үшін оны газесептегішке жалғап, насостан шығатын ауаның жылдамдығын реттеу арқылы қажет жылдамдыққа алып келеді. 0,125; 0,25; 0,5көлемдік жылдамдықпен реактордағы дизель отыны арқылы (10-сурет) лабораториялық озонаторынан бөлінген озон-ауалы қоспа өткізілді. Озондау ұзақтығы реактордағы отын көлеміне тәуелді 30-90мин аралығында жүргізілді.

ЕУИА 941.711.001№143-94 ("Озон-5П") маркалы озонаторы ГОСТ 15150-69 бойынша климаттық орындалу түрі УХЛ.4.2., ГОСТ 20790-82 боынша 2-топқа және ГОСТ 23256-86 бойынша 3-класқа жатады. Аппараттың электроқауіпсіздік талаптары ГОСТ 12.2.025-76 бойынша 01 класқа және 2 типке жатады.

Cурет 10 – ЕУИА 941.711.001№143-94 ("Озон-5П") озонаторы

17 кесте – Аппаратының техникалық көрсеткіштері

Техникалық сипаттамалары

Шамасы

1

Қолданатын қуаттылығы, Вт, аспайды.

50

2

Айнымалы тоқ кернеуі, В

220

3

Өлшемдері, мм, аспайды:

230x165x320

4

Массасы, кг, аспайды:

9

5

Озонның массалық концентрациясы, мг/м3, кем емес

100

6

Озон бойынша өнімділігі, г/час

5

7

Жұмыс газының берілу көлемі бойынша озонның концентрациясы 0,5·10-3м3/мм2,г/м3

30

8

Жиілік, Гц

50-60

9

Құрамындағы бағалы металдар мөлшері:

Алтын, г

Күміс, г

0,1

0,2