Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2011.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.54 Mб
Скачать

Промотирленген Ni-қаңқалы катализаторлар әртүрлi көмiрсутектi шикiзаттарды, күкiрттi мұнайды, қайнау температурасы 1800с және одан жоғары температурадағы фракцияларды гидротазалауда қолданылады [77].

Осындай бағыттағы зерттеу жұмыстарында қаңқалы катализаторлар өнеркәсiпте және лабораториялық тәжирбелерде кеңiнен қолданылады. Қаңқалы катализаторларды дайындау әдiсi, құрылысы, физика-химиялық қасиеттерi активтiлiгi, талғампаздығы, тұрақтылығы және регенерациясы туралы [77; 41] монографияларда жазылған.

Көмірді сұйылту кезінде алынған дистилляттар көмірсутектердің күрделі қоспасы болып табылады. әл Фараби атындағы ҚазҰУ-гі «Көмірді комплексті өңдеу» зертханасында көмір мен мұнайдан алынған мотор отындарының сапасын көтеру мақсатында Ni-қаңқалы катализаторы тиімді екені көрсетілген [76]. Сондықтан да осы катализатор синтетикалық дизель отынының сапасын жақсарту мақсатында зерттелінді.

Жұмыс барысында қолданылған Ni – қанқалы катализаторын жұмсақ жағдайда КОН-пен шаймалау арқылы дайындадық. Таңдалынған катализаторда жүретін процестерді терең түсіну мақсатында Quanta 3D 200i Dual system FEI электронды микроскоп көмегімен Ni- қанқалы катализаторларының электронды - микроскопиялық фотографиялары түсірілді. Электронды-микроскопиялық фотографиялары 400 есе үлкейту масштабында түсірілген. Оның электронды мироскопия әдісімен алынған микросуреті және элементтік анализі 14,15-суретте берілген.

Cурет 14 – Никель қаңқалы катализаторының микросуреті.

Суреттен көрінгендей, металл тасымалдағыш – қаңқалы никель әр түрлі пішінді агломераттар түрінде көрсетілген.

26 кесте – Ni-қаңқалы катализаторының элементтік құрамының %–дық мөлшері

Элемент

Ni қаңқалы

Конц., %

Инт., cps

1

Никель

92,15

1627

2

Калий

0,575

2,3

3

Алюминий

7,275

0,20

4

Цирконий

0,00

0,0

5

Кобальт

0,00

0,0

Cурет 15 – Ni-қаңқалы катализаторының элементтік құрамы

Ұзақ эксплуатациялау кезінде рекристаллизация дәрежесі микропоралар үлесіне симбатты rэф˂ 15 А. Ерітінділерден жұмсақ жағдайда тұндырылған қаңқалы катализаторлары неғұрлым мезопоралы болса, соғұрлым микропоралы катализаторларға қарағанда төзімді келеді.

3.2 Көмірден және мұнайдан алынған дизель отынының физико-химиялық қасиеттері

Соңғы жүзжылдықтың аяғынан бастап дизельді қозғалтқышпен жұмыс істейтін жеңіл автомобильдердің саны көбейді [78]. Мамандар бұл қарқын ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында да сақталады деп болжайды. Дизельді отынға деген сұраныс артқан сайын оларға деген талап та күшееді.

Көмірді сұйылту кезінде алынған гидрогенизаттар көмірсутектердің күрделі қоспасы болып табылады. Алынған өнімдердің жекелеме және топтық көмірсутектік құрамы туралы мәліметтер каталитикалық гидрогендеу процесінің жүру бағыттары туралы қосымша мағұлматтар береді. Қазақстанда көмірден синтетикалық мұнай алу бағытында органикалық синтез бен көмір химиясы институтында (Қарағанды қаласы) және ЖХТИ (Алматы қаласы) көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Осындай зерттеулердің бір ауқымды бағыты «Көмірді комплексті өңдеу лабораториясында» х.ғ.д., проф. Ж.Қ.Қайырбековтың жетекшілігімен атқарылған [79-97]. Берілген ғылыми жұмыс осы зерттеулердің жалғасы болып табылады. Қаражыра көмірін гидрогендеу барысында алынған көмірлі дистилляттардың топтық-көмірсутектік және элементтік анализі жасалды (27-кесте).

27-кесте – Көмірлі дистилляттарының сипаттамасы

Көрсеткіштері

Көмірлі дистилляттары

80-1800С

180-2500С

250-3200С

Тығыздық 200С, г/см3

0,7540

0,8085

0,8182

Сыну көрсеткіш nd20

1,4339

1,4480

1,4586

Йодтық саны, г І2/100 г отын

90

62

11

Көмірсутектік топтық құрамы,мас, %:

Қанықпаған

Ароматты

Парафинді-нафтенді

7,71

21,55

70,75

3,6

60,0

35,4

2,3

50,3

47,4

Фракциялық құрамы 0С:

Қайнаудың басталуы

50 %

Қайнаудың соңы

61,0

153,0

182,0

185,0

202,0

253,0

250,0

298,0

325,0

Элементтік құрамы % (масс.):

С

Н

S

N

O

81,19

14,54

0,08

0,45

3,74

83,65

13,89

0,84

0,43

1,19

85,76

12,07

1,20

0,67

0,30

Көмірді гидрогендеуде алынған «жасанды мұнай» топтық құрамы парафинді-нафтенді ароматты көмірсутектерге бай. Қайнау температурасы жоғарлаған сайын фракциялар құрамында көміртегі мөлшері көбейіп, сутек мөлшері кемитіндігі байқалады. Көмірлі дистилляттардың тығыздығы мен сыну көрсеткіштері қайнау температурасы жоғарылаған сайын үлкен мәнге ие екендігі көрінеді. Бұл қайнау температурасы жоғарлаған сайын ауыр көмірсутектердің, шайырлардың жиналуымен түсіндіріледі. Ал йодтық сан, фракцияларда қайнау температурасы жоғарылаған сайын төмендейтіндігі көрінеді, бұл жоғары қайнайтын фракцияларда қанықпаған көмірсутектердің шамалы екендігін көрсетеді. Қанықпаған тұрақсыз қосылыстар бензинде жинақталған және элементтік құрамында күкірт мөлшерінін де мотор отынына қойылатын талапты қанағаттандырмайды.

Көмірлі гидрогенизаттан алынған дизель фракциясының құрамын анализдеу барысында С10-нан С24-ке дейінгі көмірсутектердің қатарында нормаль құрылымды атом саны С1415 болатын көмірсутектер болатыны анықталды, оған қоса атом саны С1213 болатын басқа да көмірсутектер болады. Ал атом саны С10 болатын нормаль құрылымды көмірсутектер мөлшері өте аз.

28 кесте – Синтетикалық дизель фракциясының көмірсутектік құрамы

Көмірсу-тектер

Қалыпты құрылымды көмірсутектердің мөлшері, мас. %

Көміртектің берілген атом саны бар басқа көмір-сутектердің мөлшері мас. %

Жалпы мөлшері, мас. %

С10-ға дейін

-

1,18

1,18

С10

1,96

3,25

6,39

С11

3,54

9,00

18,93

С12

4,46

9,18

32,57

С13

5,94

8,18

46,69

С14

5,51

7,90

60,10

С15

4,71

7,53

72,34

С16

4,40

6,43

83,17

С17

2,58

5,25

91,00

С18

1,84

2,86

95,70

С19

0,79

1,34

97,83

С20

0,29

0,61

98,73

С21

0,19

0,40

99,32

С22

0,14

0,28

99,74

С23

0,10

0,10

99,94

С24

0,06

-

100

Қайнау температурасы 180-360ºС көмір дистиллятының, яғни синтетикалық дизель отынының физико-химиялық сипаттамалары анықталды. Оған қоса, көмірден алынған дизель отынын сапасын мұнайдан алынған тауарлы дизель отындарымен салыстыру үшін «Жаңажол» және «ПМӨЗ» - нан дизель отындары алынды. Зерттеу барысындағы олардың бастапқы физико-химиялық қасиеттері анықталды. Алынған нәтижелер 29-кестеде берілген.

29-кесте - ПМӨЗ-нан алынған тауарлы «Л» маркалы дизель отынының, “Жаңажолдан” алынған және көмірден алынған дизель отынының көрсеткіштері

Көрсеткіштер

ПМӨЗ-ның ДО

Жаңажол ДО

Көмірден алынғ. ДО

Цетандық индекс (нонограмма бойынша)

55,0

51,5

42,7

Цетандық индекс (формула боынша)

54,9

51,7

42,0

Фракциялық құрамы:

50 %ның айдалу температурасы, °С, аспайды

230

90 % ның айдалу температурасы, °С, аспайды

275

290

1 тамшы температурасы

155

147

198

Қату температурасы , ° С-тан жоғары емес

-2,1

-38,4

-9,2

Лайлану температурасы, ° С-тан жоғары емес

0,5

-31,0

-5,0

Фильтрлену температурасы °С-тан жоғары емес

-1,2

-44,6

-7,1

Күкірт мөлшері

0,0460

0,1002

0,1134

Йод саны

26,44

28,88

18,12

20 ° С-тағы тығыздығы, кг/м3

825,0

798,6

831,6

Кестеден көрінгендей дизель отынының сапасын көрсететін цетан индексі ПМӨЗ-нан алынған дизель отынында 54,9-ға, Жаңажолдан алынған дизель отынында 51,7-ге, Қаражыра көмірінен алынған дизель отынында 42,0-ге тең болды. Дизель отынының толық жануын сипаттайтын 50% және 90%-қ фракциялық құрамы ПМӨЗ-нан алынған дизель отынында сәйкесінше 263 пен 346 ºС-ге, Жаңажолдан алынған дизель отынында 217 пен 275 ºС-ге, «Қаражыра» көмірінен алынған дизель отынында 230 бен 290 ºС-ге тең болды. Дизельдің классификациясын анықтайтын және дизельдегі парафиндердің кристаллдану уақытын, эсплуатациясының ұзақтығын сипаттайтын қату, лайлану және фильтрлену температуралары сәйкесінше ПМӨЗ-нан алынған дизель отынында -2,1; 0,5; -1,2-ге, Жаңажолдан алынған дизель отынында -38,4; -31,0; -44,6-ға, «Қаражыра» көмірінен алынған дизель отынында -9,2; -5,0; -7,1-ге тең болды. Дизельді қозғалтқыштағы шашырау ұзақтығын, отын шығынын және шашырау сипаттылығын көрсететін тығыздық ПМӨЗ-нан алынған «Л» маркалы дизель отынында 825,0-ке, Жаңажолдан алынған дизель отынында 798,9-ға, «Қаражыра» көмірінен алынған дизель отынында 831,6-ға тең болды. Ең басты көрсеткіш болып табылатын және қазіргі дүниежүзілік талаптармен қадағаланатын күкірт мөлшері әр дизельде түрлі мәнге ие болды. Күкірт мөлшерінің көп болуы дизель қозғалтқышы бөліктерінің коррозиясына әкеледі және дизель қозғалтқышына жиі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүрлейді. Алынған дизель отындарының құрамындағы күкірт мөлшері келесідей болды: ПМӨЗ-нан алынған дизель отынында 0,0460-ға, Жаңажолдан алынған дизель отынында 0,1002-ге, «Қаражыра»көмірінен алынған дизель отынында 0,1134-ке тең болды.

Зерттеу нысаны ретінде алынған тураайдалған («Жанажол» кен орнынан алынған) дизель отыны мен тауарлы (ПНХЗ-нан алынған) дизель отындарының бастапқы көмірсутектік құрамын тереңірек түсіну мақсатында үлгілер инфра қызыл-спектроскопия әдісімен анықталды. 16-суретте «Жанажол» кен орны дизель отыныеың ИҚ спектрлері берілген:

Cурет 16 – «Жанажол» кен орнынының тура айдалған дизель фракцияcының ИҚ-спектроскопия әдісімен алынған кескіні

«Жанажол» кен орнының тура айдалған дизель отынының ИҚ-спектрлері келесі интенсивті жұтылу аймақтарымен сипатталады: 3000-2800 см-1 жиілігінде (алкандар), 1460, 29 см-1 жиілігінде (арендер), 1377,63 см-1 (метилбензолдар), 722,55 см-1 (цис-диендер).

17-суретте ПМӨЗ-ның кен орны дизель отынының ИҚ спектрлері берілген:

Cурет 17 – ПМӨЗ-ң тауарлы дизель фракциясының ИҚ-спектроскопия әдісімен алынған кескіні

ПМӨЗ-ң тауарлы дизель фракциясының ИҚ-спектрлері келесі интенсивті жұтылу аймақтарымен сипатталады: 3000-2800 см-1 жиілігінде (алкандар), 1605, 72 см-1 (алкендер), 1462, 92 см-1 жиілігінде (арендер), 1377,41 см-1 (метилбензолдар), 812,63 см-1 (алкилхлорид), 722,48 см-1 (цис-диендер), 699 см-1 (алкилбромид), 740,98 см-1 (цис-диендер).

    1. Көмірден және мұнайдан алынған дизель фракцияларын гидротазалау

Қазіргі таңда бірде-бір өндіріс мұнай өнімдерінсіз жұмысын атқара алмайды. Әсіресе, оларға жердегі, судағы және әуедегі адам және жүк тасымалымен айналысатын салалар тапшы. Оның ішінде аса сұранысқа ие болатыны дизель отыны, бензин және мотор майлары. Дизель отындарының сапасын жақсарту жолында көптеген мемлекеттердің ғалымдары аянбай еңбек етуде. EN 590 атты Еуропалық стандарт бойынша: күкірт мөлшері 0,2 %-дан 0,035%-ға дейін азайды, цетан саны 45-тен 51-ге көбейді, тығыздық пен тұтқырлыққа шектеу қойылды. Оған қоса, полициклді ароматты көмірсутек мөлшері, майлағыш қасиеті, тотықтырғыштық тұрақтылық сияқты жаңа көрсеткіштер енгізілді және оларға деген нормалар қойылды.

“Auto Oil II” жобасының жанынан Евро Одақ (ЕО) 2005 жылдан бастап автомобильді техника үшін зиянды заттардың қоршаған ортаға шығуына Евро 4 атты норма қойылған, бұл норма бойынша дизель отындарындағы күкірт мөлшері 0,005 %-дан көп емес, цетан саны – 54 бірліктен кем болмауы тиіс деп бекітті. 2011 жылға жақын ЕО үшін дизель отындары келесі көрсеткіштерге ие болады: цетандық сан - 53 – 58 бірліктен кем емес, күкірт мөлшері 0,001% аспайды, полиароматты көмірсутектердің мөлшері 2 %-дан кем және 95 %-дың қайнау температурасы 340 оС артық емес. 2010-жылға дейін барлық дизельді транспортты күкірттің ультра аз мөлшері 10 ррm-ге ауыстыру жоспарлануда.

Көмірді гидрогендеудің сұйық өнімдерін тауарлы отын ретінде тікелей қолдануға болмайды, өйткені оның құрамында бірталай мөлшерде азот, оттекті қосылыстар тұрақсыз қанықпаған көмірсутектер және күкіртті қосылыстардың қоспалары кездеседі. Шикізаттан көп атомды қосылыстарды терең бөлу көмірді сұйылту процесінде қолданылатын тиімді еріткіш-сутек донорын бір уақытта алу үшін, сонымен бірге аз күкіртті термиялық тұрақты, октан және цетан сандары жоғары моторлы өнімдер алу үшін шикізатты гидротазалау, каталитикалық риформинг, гидрокрекинг процестерін қолданып өңдеуге ұшырату қажет. Сондықтанда қазіргі таңда процесті неғұрлым жұмсақ жағдайда жүргізудің жолдарын қарастыру мақсатында орындалатын зерттеулердің маңызы зор.

Осындай бағыттағы зерттеу жұмыстарында қаңқалы катализаторлар өнеркәсiпте және лабараториялық тәжирбелерде кеңiнен қолданылады. Қаңқалы катализаторларды дайындау әдiсi, құрылысы, физика-химиялық қасиеттерi активтiлiгi, талғампаздығы, тұрақтылығы және регенерациясы туралы [77; 41] монографияларда жазылған.

Химия және мұнай өңдейтiн өнеркәсiптерде көбiнесе Ni- Реней және никель-алюминий құймасының негiзiне модифицирленген қаңқалы катализаторлар қолданылады. Катализаторлар қысқа көмiртек-көмiртек байланыстарын гидрлеуде, >C=O- топты, нитро-, нитроза және басқа азот қосылыстарын тотықсыздандыруда, ароматты сақинаны, гетероциклдi қосылыстарды гидрлеуде, десульфирлеуде, дегалоидтауда, гидрогенолиз және циклизация және т.б. реакцияларда активтi болып саналады. Соңдықтан зерттеу жұмыстар нәтижелерiне [41] сүйене отырып, көмiрдi сұйылту кезiнде алынған синтетикалық сұйық отынды құрамындағы қанықпаған қосылыстарды салыстырмалы жұмсақ жағдайда Ni-қаңқалы катализаторларында гидрлеуге болады.

Көмірді сұйылту кезінде алынған дистилляттар көмірсутектердің күрделі қоспасы болып табылады. әл Фараби атындағы ҚазҰУ-гі «Көмірді комплексті өңдеу» зертханасында көмір мен мұнайдан алынған мотор отындарының сапасын көтеру мақсатында Ni-қаңқалы катализаторы тиімді екені көрсетілген [76]. Сондықтан да осы катализатор синтетикалық дизель отынының сапасын жақсарту мақсатында зерттелінді. Тәжирибе атмосфералық қысымда, 20-60 °С температуралық аралықта, каталитикалық «уткада» жүргізілді.

Синтетикалық, тауарлы және тура айдалған дизель фракциялары Ni-қанқалы катализаторында гидрленді. 30-кестеде синтетикалық дизель отынының гидрлеу процесі барыснда эксплуатациялық қасиеттерінің өзгерісі берілді.

30 кесте – «Қаражыра» кен орны көмірінен алыған синтетикалық дизель отынының бастапқы және гидротазаланған көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Бастапқы дизель отыны

Гидрленген дизель отыны

Цетандық индекс (нонограмма бойынша)

42,7

46,0

Цетандық индекс (формула бойынша)

42,0

45,9

Фракциялық құрамы:

50 %ның айдалу температурасы, °С, аспайды

230

250

 90 %ның айдалу температурасы, °С, аспайды

290

310

1 тамшы температурасы

98

113

Қату температурасы , ° С-тан, жоғары емес

-9,2

-9,7

Лайлану температурасы, ° С-тан жоғары емес

-5,0

-6,9

Фильтрлену температурасы ° С

-7,1

-9,2

Күкірт мөлшері

0,1134

0,0570

Йод саны

18,12

23, 14

20 ° С-тағы тығыздығы, кг/м3

831,6

827,0

Кесте мәліметтерінен көрінгендей дизель отынының сапасын көрсететін цетан индексі 42,0-ден 45,9-ға артты. Отынның 50%-қ және 90%-қ фракциялық құрамы, сәйкесінше, бастапқы 230-бен 290 ºС-ден 250 мен 310 °С-ге көтерілген. Дизельдің классификациясын және температуралық сипаттамасын анықтайтын бастапкы қату, лайлану және фильтрлену температуралары -9,2; -5; -7,1-ге тең болса, онда ол гирлеуден кейін -9,7, -6,9, -9,2-ге тең болды. Дизель отынының тығыздығы 831,6 -дан 827,0-ге дейін төмендеген. Күкірт мөлшері 0,1134-ден

0,0570-ге төмендеген. Иод саны 18,12-ден 23,14-ке артқан. Бұл қанықпаған қосылыстардың көбейгенін көрсетеді.

Дизель отынының гидрленуін түсіну мақсатында еріткіш қатысынсыз тауарлы дизель фракциясын гидрлеудің конверсиялық қисығы 18,19-суреттерде көрсетілді.

DV/Dt, см3/мин

Сурет 18 – 20°С температурада ПМӨЗ «Л» маркалы дизель отынын

гидрлеудің конверсиялық қисығы

DV/Dt, см3/мин

Сурет 19 – 60°С температурада ПМӨЗ «Л» маркалы дизель отынын

гидрлеудің конверсиялық қисығы

Катализатор рН 7,5 болғанша дистилденген сумен, одан кейін спиртпен шайылады. Көлемі 30 см3 дизель фракциясын гидрлеуге жұмсалған сутектің мөлшері 20 ºС температурада 83 см3 (18-сурет) және 60ºС температурада 56,8 см3 (19-сурет) болды.

Сондай-ақ, гидрлеу процесінен кейін тауарлы дизель фракциясының қанықпаған қосылыстар мөлшерін көрсететін иодтық саны г І2/ 100г отынға есептегенде 20 ºС температурада 26,44-тен 23,82-ге және 60ºС температурада 26-тен 22,78-ге дейін төмендеді. Әдеби мәліметтер бойынша қайнау температурасы жоғарылаған сайын фракция құрамында иодтық санның төмендеуі заңдылық екені байқалады.

31 кесте – ПМӨЗ-ның бастапқы және гидротазаланған дизель отынының көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Бастап-қы ДО

Гидротазаланған ДО, ° С

20 ° С

40 ° С

60 ° С

80 ° С

Цетандық индекс (нонограмма б/ша)

55,0

55,1

56,3

58,9

57,0

Цетандық индекс (формула б/ша)

54,9

55,1

56,2

58,8

56,9

Фракциялық құрамы:

50 % айдалу темп-сы,°С, аспайды

263

265

268

271

270

90 % айдалу темп-сы, °С, аспайды

346

346

348

350

350

1 тамшы температурасы

155

157

160

162

163

Қату темп-сы , ° С-тан, жоғары емес

-2,1

-3,8

-2,1

-3,8

-5,9

Лайлану темп-сы, ° С-тан аспайды

0,5

-1,5

0,5

-1,0

-3,6

Фильтрлену темп-сы °С-тан, аспайды

-1,2

-2,8

-1,3

- 2,8

-5,8

Күкірт мөлшері

0,0460

0,0380

0,0273

0,0078

0,0456

Йод саны

26,44

22,82

23,86

22,78

26,88

20 ° С-тағы тығыздығы, кг/м3

825

824

820

819

823

Гидротазаланған дизель отындарында бастапқы отынмен салыстырғанда барлық көрсеткіштер жақсарғанын көреміз. Алайда 60 °С температурада гидротазаланған дизель отыны басқаларымен салыстырғанда жоғары нәтижеге ие болған. Атап айтқанда: цетан индексі бастапқыдан 58,8 -ге артты. 50%-қ және 90%-қ фракциялық 263 пен 346 ºС-ден 271-350 °С-ге артты. Дизельдің тығыздығы 0,825-тен 0,819-ға төмендеген. Дизельдің температуралық қасиеттерін сипаттайтын бастапкы қату, лайлану және фильтрлену температуралары -2,1; 0,5; -1,2-ге тең болды, ал гирлеуден кейін -3,8, -1,0, -2,8-ге тең болды. Бастапқы дизельдің көрсеткіштеріне қарағанда гидротазаланған дизельдің температуралық көрсеткіштері жақсарған (1-гистограмма).

1-гистограмма. ПМӨЗ алынған бастапқы және гидротазаланған дизель отынының қату, лайлану, фильтрлену температуралары

Еуро стандарттар бойынша қатаң қадағаланатын S мөлшері төмендеген. Күкірт мөлшері 0,1460-дан 0,0078-ге төмендеген (2-гистограмма).

көк –бастапқы ДО;

түрлі температурада гидрленген ДО:

қызыл - 20 °С

жасыл - 40 °С

күлгін - 60 °С

2-гистограмма. ПМӨЗ алынған бастапқы және гидротазаланған дизель отынының күкірт мөлшерінің өзгерісі

32 кесте – «Жаңажол» кен орнынан алынған бастапқы және гидротазаланған дизель отыны көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Бастапқы ДО

Гидрленген ДО, °С

20 ° С

60 ° С

1

2

3

4

Цетандық индекс (нонограмма бойынша)

50,5

54,2

54,0

Цетандық индекс (формула боынша)

50,2

54,5

53,8

Фракциялық құрамы:

50 %ның айдалу температурасы, °С, аспайды

210

222

220

 90 %ның айдалу температурасы, °С, аспайды

265

278

269

1 тамшы температурасы

147

198

190

Қату температурасы , ° С аспайды

-38,4

-47,3

-46,9

Лайлану температурасы, ° С аспайды

-31,0

-31,7

-40,1

Фильтрлену температурасы ° С аспайды

-44,6

-40,2

-30,2

Күкірт мөлшері

0,1002

0,0201

0,0402

20 ° С-тағы тығыздығы, кг/м3

0,7986

0,7969

0,7965

«Жаңажол» кен орнынан алынған дизель отынында да бастапқы отынмен салыстырғанда барлық техникалық көрсеткіштер жақсарған. Бірақ бұл дизель отынының ПМӨЗ-нан алынған дизельден айырмашылығы 60 °С температураға қарағанда 20 °С гидротазаланған дизель отыны жақсы нәтижеге ие болды. Атап айтқанда: цетан индексі бастапқыдан 54,2-ге артты. 50%-қ және 90%-қ фракциялық құрамы 210 пен 265 ºС-ден 222-278 °С-ге артты. Дизельдің тығыздығы 798-ден 796-ға төмендеген. Күкірт мөлшері 0,1002-ден 0,0201-ге төмендеген. Дизельдің температуралық қасиеттерін сипаттайтын бастапқы қату, лайлану және фильтрлену температуралары «Жаңажол» кен орнынан алынған дизельде -38,4; -31, 44,6-ға тең болды, гидрлеуден кейін -47,3, -40,1, -30,2-ге артты (3-гистограмма).

3-гистограмма. «Жаңажол» кен орнынан алынған бастапқы және гидротазаланған дизель отынының қату, лайлану, фильтрлену температуралары

1-бастапқы ДО, 2-20 °С гидрленген ДО, 3-60 °С гидрленген ДО.

1-ПМӨЗ баст.

2-Жаңажол баст.

3-Көмірден алынған баст.

4-ПМӨЗ гидр.

5-Жаңажол гидр.

6-Көмірден алынған гидр.

  1. гистограмма. Барлық бастапқы және гидротазаланған дизель отындарының күкірт мөлшерінің өзгерісі

Қорыта келе, синтетикалық және мұнайдан алынған дизель фракцияларын Ni-қаңқалы катализаторында гидротазалаудың мүмкіндіктері көрсетілді.