Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЫЛМЫСТЫ-ПРОЦЕСКЕ-АТЫСУШЫЛАР.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
470.53 Кб
Скачать

ШЖН-ОБ-001/13-2005

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4

1. Тарау. Қылмыстық процеске қатысушылар,олардың

ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………...................................5-11

1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15

1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22

2.Тарау. Қылмыстық процеске қатысушылар

2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ………………………..……...............23-39

2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50

2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57

3.Тарау.Өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын

ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР

3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67

3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73

Қорытынды…………………………………………………...………74-76

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79

КІРІСПЕ

Қылмыстық процеске қатысушылар деп, бір сөзбен айтқанда қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар. Қылмыстық процеске қатысушыларды қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай мынадай түрлерге ажыратсақ болады:

  1. қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы;

  2. тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;

  3. айыптау функциясы – айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);

  4. прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы – прокурор;

  5. қорғау функциясы - сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;

  6. қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық істі алдын ала тергеу сатысында қысқарту);

  7. азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;

  8. азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер;

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.(1.77.)

Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.

Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;

Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:

а)функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;

ә)функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;

б)қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;

в)құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);

г)құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады.

Сонымен қатар, заң бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін мемлекет өз қамқорлығына алады.

Алдағы тарауларда қылмыстық процеске қатысушылардың әрқайсысына жеке – жеке тоқталамыз. Сондай-ақ, сотқа дейінгі сатыда, сот сатысында, алдын ала тергеу сатысында қылмыстық процеске қатысушылардың іс жүргізуші органның іс-әрекеті мен шешімдеріне қарсылықтар келтіру, наразылықтар мен шағымдар беру жолдары мен тәртібі туралы да айтылады.