Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЫЛМЫСТЫ-ПРОЦЕСКЕ-АТЫСУШЫЛАР.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
470.53 Кб
Скачать

Анықтау органдары

Анықтау органдарының өкілеттігі

Адын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша

Алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес істер бойынша

Кәмелетке толмағандар немесе психикалық кемшіліктеріне байл-ты адамдарға қатысты іс жүргізуге

Қылмыстарды алдын алу және жолын кесу

Анықтаушы. Анықтаушы - өз құзіретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттің лауазымды адам. Анықтаушы сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы шешім қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

Анықтаушы алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуі міндетті.

Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекеленген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстьық процеске қатынасушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Анықтау органы бастығының нұсқаулары орындауға міндетті. Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым жасалуы қылмыстың саралану мен айыптаудың көлемі айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды. Анықтаушы қызметінің тергеуші қызметінен ерекшелігі олардың іс жүргізу дербестігінің көлемінен анық көрінеді. Осы іс жүргізудің дербестік деңгейі мыналардан көрінеді:

-анықтаушының прокурордың нұсқауларымен келіспеуге құқығы жоқ, ол барлық нұсқауларды орындауға міндетті; -анықтау органының құзіреті алдын ала тергеу жүргізудің міндетті екендігі немесе міндетті емес екендігіне байланысты шектеледі, осыған сәйкес анықтаушының құзіреті де өзгешеленеді; -тергеуші прокурордың қадағалауында болады және оның басшылығымен тергеу жүргізеді, ал анықтау жүргізетін адамды прокурордың қадағалауында болады, анықтау органының бастығына тікелей бағынады; -анықтау органдары тергеуші мен анықтау органдары қызметінің ортақ аумағында жасалған қылмыстар туралы істер жөнінде тергеушінің талаптарын орындауға міндетті; -басқа ауданның органдары тергеушінің жекеленген таалаптарын орындауға міндетті; -анықтаушының тергеушіге тапсырма беруге құқығы жоқ. -тергеу мен анықтау қызметкерлерінен тұратын жедел- тергеу тобында ұйымдық және іс жүргізушілік басшылығы тергеушіге тиесілі.