Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2011.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.54 Mб
Скачать

2.2 Алынған өнімдерді анықтаудың физико-химиялық әдістері және құрал-жабдықтары

      1. Дизель отыны құрамындағы күкіртті анықтау әдісі

Дизель отыны құрамындағы күкіртті анықтау ГОСТ 1437-56 бойынша ПОСТ 2Мк аппаратында жүргізілді (6-сурет). Бүл әдіс жану кезінде түзілетін күкіртті газ пероксиді ерітіндісі арқылы байқалатын SO2-ні SO3-ке тотығуына негізделген. Анықтау құралы ретінде тегістелген тізесі бар кварцты түтік қолданылады.

Cурет 6 – ПОСТ 2Мк аппараты

Ұстап алғыш реагент ретінде 150 мл дистилденген суға 5 мл пергидрол және 0,02н күкірт қышқылының 7 мл құю арқылы дайындалатын күкірт қышқылды сутек пероскиді ерітіндісін пайдаланылады.

14 Кесте – пост 2Мк аппаратының техникалық көрсеткіштері

Аппараттың техникалық көрсеткіштері

Жағу температурасы, °С

900-950

Күкірт мөлшерінің диапазоны, %

0,001 - 5,0

Жағуға берілетін ауа көлемі, дм3/мин

0,5

Қуаттылығы, кВт

1,5

Өлшемдері, мм

740х336х436

Массасы, кг

28


Индикатор ретінде 1:1 қатынасында алынған метил қызылдың 0,2 % спирт ерітіндісін, 40% NаОН ерітіндісін және гидроскопиялық мақтаны қолданады. Өлшендіні 30-40минут бойы пешті өнімге ақырын жылжыту арқылы 900-9500С өртейді. Сұйық мұнай өнімдерінің өлшендісін 0,05-0,2 г аралығында , ал мұнай коксын 0,2-0,5 г аралығында алып, 0,0002 г дәлдікпен өлшейді. Өлшендіні қайықшаның түбіне тең орналастырады. Әр сынамадағы күкірт мөлшерін екі өлшендіде қатар анықтайды. Екі бірдей зерттеудегі нәтиженің алшақтығын 5%-дан аспауы керек. Егер күкірт мөлшері 0,5%-дан аз болса, рұқсат етілген ауытқу төменгі нәтиженің биіктігінің 10%-нан аспауы керек. Егер үлкен ауытқу тіркелсе үшінші рет анықтау жүргізіп, нәтиже ретінде стандартты ауытқуға сәйкес келетін, бір-біріне жақын екі зерттеудің орташа арифметикалық санын алады [72].

2.2.2 Дизель отынының лайлану, қату және шекті фильтрлену температураларын анықтау

Cурет 7 – ИНПН "КРИСТАЛЛ" аппараты

ISO 9001 стандарты бойынша дизель отынының лайлану, қату және шекті фильтрлену температураларын анықтау ИНПН «КРИСТАЛЛ» аппаратында жүргізілді (сурет 7). ИНПН «КРИСТАЛЛ» аппаратының техникалық көрсеткіштері 15-кестеде берілген. Зерттеу үшін дизельдің 2,3-2,5 мл мөлшерін аппараттың арнайы пробиркасына құйып, оны салқындату криостатына орналастырамыз. Салқындату процесін іске қосып, электронды дисплейде нәтиже шыққанша күтеміз. Сигнал дыбысынан кейін, дизелі бар пробирканы алып, лезде төмен қаратамыз. Сұйықтық 5 сек ішінде қозғалыссыз тұрғаны зерттеудің аяғына дейін жеткенін білдіреді. Тәжірибені кемінде 3 рет қайталаймыз.

15 кесте – ИНПН «КРИСТАЛЛ» аппаратының техникалық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Мәні

Үлгі көлемі

мл

1,9 ±0,1

Салқындатудың ең төменгі көрсеткіші

гр. С

-70

Лайлану температурасынын қателігі

гр.С

1

Қату температурасының қателігі

гр.С

2

Өлшеудің максималды уақыты

мин.

25

Өлшеудің минималды уақыты

мин.

15

Өлшемі

мм

240х240х140

Массасы

кг

3