Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

2.4 Есептер кешенін математикалық қамтамасыз ету сипаттамасы

«Қаржылық есеп берудің сандық сараптамасы» есептер кешенін математикалық қамтамасыз ету – бұл математикалық әдістер жиынтығы, ақпараттық жүйені функцияландыру кезінде қолданылатын ақпаратты өңдеу алгоритмінің моделі.

Сандық сараптама – бұл жиынтықтағы қаржылық қауіптің және жеке қаржылық қауіптің ақшалай нақты шамасын анықтау. Сандық сараптамада коэфициенттер (қаржылық және қаржылық емес кәсіпорындарға) анықталған қауіп категорияларына сәйкес классификацияланады: өтемпаздылық, левередж немесе капитал адекваттылығы, тиімділік, пайдалылық.

Есептер кешенін шешу келесі түрде жүзеге асады:

Жедел өтемпаздылықтың коэфициенті – К1, банк міндеттерінің бір бөлігін бағалайды, өтемпазды активтер есебіне бірінші талапқа сәйкес басылуы керек:

К1 = ҚаржҚұр / КлҚұр, (1)

мұндағы

ҚаржҚұр – қаржылық құралдар;

КлҚұр –клиент құралдары.

Кіріс активтерінің деңгейі – К2, бұл активтердегі кіріс активтерінің қанша бөлік орын алатынын көрсетеді:

К2 = КірАктв / БарАктв, (2)

мұндағы

КірАктв – кіріс активтері;

БарАктв – барлық активтер.

Ақылы құралдарды енгізу коэффициенті – К3, кіріс (ақылы) операцияларына енетін ресурстардың ішіндегі ақылы құралдар көлемін көрсетеді:

К3 = АЕҚұр/КірАктв, (3)

мұндағы

АЕҚұр – ақылы енетін құралдар;

КірАктв – кіріс активтері.

Жалпы жарамдылық (дееспособность) коэффициенті – К4, банк жұмысы тұрақтылығын бағалайды:

К4 = БШығ / БКір, (4)

мұндағы

БШығ – банк шығындары;

БКір – банк кірістері.

Кредит операциялары бойынша жарамдылық коэфициенті – К4.1, кредит нарығында жұмыс тұрақтылығын бағалайды:

К4.1 = ПайШығ / ПайКір, (5)

мұндағы

ПайШығ – пайыздық шығындар;

ПайКір – пайыздық кірістер.

Фондтық операциялар бойынша жарамдылық коэффициенті – К4.2, фондтық нарықта жарамдылық тұрақтылығын бағалайды:

К4.2 = БҚОпШығ / БҚОпКір, (6)

мұндағы

БҚОпШығ – бағалы қағаздармен операциялар бойынша шығындар;

БҚОпКір – бағалы қағаздармен операциялар бойынша кірістер.

Валюталық операциялар бойынша жарамдылық коэффициенті – К4.3, валюта нарығында жұмыс тұрақтылығын бағалайды:

К4.3 = ВалОпШығ / ВалОпКір, (7)

мұндағы

ВалОпШығ – валюта операциялары бойынша шығындар;

ВалОпКір–валюта операциялары бойынша кірістер.

Актив рентабелділігінің коэффициенті – К5, барлық активтер рентабельділігінің деңгейін анықтайды:

К5 = Пай / БарАктв, (8)

мұндағы

Пай–пайда;

БарАктв –барлық активтер.

Капитал жетістігінің коэффициенті – К6, банктің жеке капиталы пассивтер құрылымында қандай орында тұрғанын көрсетеді:

К6 = ЖекКап / БарПасс, (9)

мұндағы

ЖекКап –жекекапитал;

БарПасс –барлықпассивтер.

К7 капиталындағы жарлық фонд бөлігі – банк капиталы қандай дәрежеде қаржысынан құрылғандығын көрсетеді және банк жұмысының тиімділігін сипаттайды:

К7 = ЖарФнд / ӨзКап, (10)

мұнда

ЖарФнд – жарлық фонд;

ӨзКап – өзіндік капитал.

К8 өтемпаздылық толық коэфициенті оптималды өтемпаздылыққа жету үшін банк саясатының активті және пассивті теңгерімділігін сипаттайды.

К8 = ӨтемАктв / БанкМінд, (11)

мұнда

ӨтемАктв – өтемпаздылықты активтер;

БанкМінд – банк міндеті.