Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты, талаптары және тағайындалуы

Банктің бәсекелестігі мен жетістікті іс-әрекетін арттыру үшін оның автоматтандырылуының маңыздылығын тексеру керек. Бұл жағдайда қаржылық басқару, нарықты зерттеу және кеңейту, есепке алу, клиенттермен жұмысты арттыру, банк қызметінің экономикалық сараптамасын жүргізу сияқты жұмыстар банкке көметеседі. “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құрудың” негізгі мақсаттары:

  • есепке алуды жақсарту, банктің кредиттік операцияларын сараптау және бақылау;

  • халықпен жұмыс істеудің жоғары тиімділігін арттыратын ақпараттық жүйені құру және іске асыру;

  • барлық ресурстарды тиімді қолдану;

  • банк жұмысының сараптау жүйесін арттыру;

  • банктің инвестициялық операцияларының тиімділігін арттыру.

Ақпараттық жүйенің мақсаттарына сәйкес негізгі есептері:

  • аналитикалық есептеулердің сапасын арттыру мен уақытын үнемдеу;

  • сараптау дәлдігін арттыру;

  • құжат айналымды азайту, бұл банктің ұстанымы мен жұмысын азайтуға әкеледі;

  • жіберілетін ақпаратты қорғау мен сенімділігін арттыру талаптары кешенін толық орындау;

  • ақпаратты жіберуде, өңдеуде, жинастыру мен бақылауда жұмыстар сапасын арттыру.

“Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” тағайындалуы болып ақпаратты пайдалану және іске асыру орнына дербес компьютерлерді пайдалану болып табылады, бұл ақпаратты таратуда, өңдеуде, сараптау мен бақылау кезеңдерінде шығындарды азайтады.

“Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” есептік-талдау операцияларды автоматтандырудың есебінен жұмысты азайтып, тездетуі керек. Банктің қаржылық жағдайын бақылау және есепке алу кез келген уақытта банк жұмысы тиімділігін арттыру керек.

Ақпараттық жүйені пайдалану барысында оның ары қарай жаңаруы қарастырылуы керек.

Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құруға” қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпараттарды жинастыру, сақтау, жаңарту, өңдеу және жіберу жүйесі.

Пайдаланушыға – аналитикке - бұл жүйе кейбір әрекеттерден қорғану үшін ыңғайлы интерфейсі болуы керек.

АЖ құрылымына қойылатын талаптар

АЖ құрылымы – бұл ішкі жүйелердің және элементтердің сыртқы ортамен байланысы мен жұмысын байланыстыратын тұрақты реті.

1 кестеде пайдалаушының кіріс және шығыс ақпараттарының есебі мен тағайындалуы көрсетілген.

АҚ «БТА-банктің» ұйымдастырылған құрылымы

1 Сурет - ақ «бтАбанктің» ұйымдастырылған құрылымы

АЖ түсінігіндегі есеп – бұл нақты формадағы соңғы және аралық нәтижені сипаттайтын автоматтандырылған функцияның бір бөлігі (құжат, хабарлама және т.б.).

Экономикалық есептердің келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • жоғарғы алгоритмдеу, яғни әрбір есептерді математикалық түрде модельдеп, түрлендіру;

  • иерархиялық, яғни ішкі жүйеге, есептер кешеніне және блоктарға ену;

  • шешімнің жүйелілігі;

  • деректердің кіріс-жығыс жүйесінде құрылымдылығының үлкен көлемі;

  • есепті шешу уақытын пайдалану;

  • есептеу алгоритмінің типтік мүмкіншіліктері мен үлкендігі.

1 кесте – АЖ есептерінің тізімі

Есеп атауы

Тағайындалуы

Кіріс ақпараты

Шығыс ақпараты

Пайдаланушы

1

2

3

4

5

Теңгерім

Теңгерім бойынша ағымдағы көрсеткішті тексеру

Бухгалтерлік теңгерімнің деректер қоры

Теңгерім

Аналитик

Ағымдағы теңгерім

Теңгерім бойынша ағымдағы көрсеткішті алу

Бухгалтерлік теңгерімнің деректер қоры

Ағымдағы теңгерімнің теңгерімі

Аналитик

Қаржылық есеп берудің сандық сараптамасы

Фирманың қаржылық жағдайында тұрақсыздықтың деңгейін анықтау

Кәсіпорынның қаржылық есебі; Бизнес-жоба; Жеке қаржылық декларациялар

Ағымдағы теңгерім;

Қаржылық жағдай коэфициенттері

Аналитик

Банк пайдасын сараптау

Кірістердің жалпы сомасынан әрбір салыстырмалы салмағын анықтау

Аналитикалық және синтетикалық есептердің деректер қоры

Пайда сараптамасы

Аналитик

НМА (нормативті-мәлімет ақпараты) кіріспе

НМА талдаудың тағайындалуы

Аналитикалық және синтетикалық есептердің деректер қоры

Нәтижелік есептер сараптамасы

Аналитик

АЖ қорларына қойылатын талаптар

Ақпараттық қорлар деп қандай да бір фирмаға бағалы болып табылатын материалдық қор ретінде жүретін деректердің жиынын айтамыз. Оларға кіріс құжаттары және сыртқы жадта сақталатын негізгі және көмекші деректер массиві жатады.

Ақпараттық қамтамаға қойылатын талаптар

Ақпараттық қамтама (АҚ) – бұл АЖ қолданылатын экономикалық ақпараттарды кодтау және классификациялау жүйесінің бірыңғай жиынтығы.

АҚ негізгі тағайындалуы ақпаратты сақтауда, жинауда, ақпаратық қорғауда, өзгерістер енгізуде, басқару есептерін жүргізуде, шешім қабылдауда шығыс ақпараттарын тарату болып табылады.

АЖ ақпараттық қамтамасы нормативті-мәлімет ақпараты (НМА), жүйеде қолданылатын экономикалық ақпараттың және құжаттардың классификаторы. Олардың ішіне:

  1. ақпараттың сандық және сапалы сипаттамасы;

  2. ақпарат құрамы;

  3. ақпаратты іздеу уақытын азайту;

  4. ақпараттың дәл және уақтылы түсуі;

  5. қандай да бір шарттардың өзгеріс нәтижесінде ақпараттық қамтаманың барлық жүйесінің даму мүмкіншілігі кіреді.

Дұрыс шешім қабылдау үшін АҚ ұйымдастыру негізінде келіп түсетін ақпараттың толықтығы, дәлдігі және нақтылығы орындалуы керек, сондай-ақ басқару ортасына уақтылы жеткізілуі тиіс. Ақпаратпен тиімді жұмыс істеу үшін классификациялау және кодтау жүйелері қолданылуы керек. Бұл ақпаратты еңгізу және ары қарай қолдану тиімділігін арттырады.

Ақпараттық қор келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  1. функция жүйесін іске асыру мақсатында деректер массивін жинау және сақтау мүмкіншіліктерін ары қарай қолдану;

  2. қолдану үшін барлық ақпарат толық және керекті көлемде болуы керек;

  3. деректер құрылымын сақтауда модификациялау мүмкіншіліктері қарастырылуы керек.

2 кесте – Ақпараттық қамтама сипаттамасы

Элементтер

Сипаттамасы

Ақпараттық технология

Ақпарат деректер қоры (ДҚ) түрінде сақталады

ДҚ типі

Реляциялық

Классификация жүйесі

Иерархиялық, классификацияның фасетті жүйесі

Кодтау жүйесі

Комбинацияланған, реттік және кезектік

Қорғаныс

АЖ жұмыс кезінде парольдер жүйесі, бұзылу жағдайы кезінде мәліметтерді қайта қалпына келтіру

Техникалық қамтамаға қойылатын талаптар

Техникалық қамтама – бұл АЖ жұмысы кезінде қолданылатын техникалық құралдар кешені (ТҚК).

Басқарудың ақпараттық барысы жеке операцияларды орындау жолымен және олардың кешенімен іске асады. Барлық операцияларды үш кезеңге топтауға болады: ақпаратты алу, өңдеу және қолдану. Бірінші кезең экономикалық объектілер әрекеті барысында туындайтын алғашқы ақпаратты тіркеу және жинауды орындайтын операциялар тобын құрайды.

Ақпаратты өңдеу операциясының тобы (екінші кезең) шамалардың, формалардың, уақыт құрылымдарының өзгерісін орындайды.

Үшінші кезең басқару шешімдерін қабылдау кезінде және басқарудың ақпараттық операциялары тобынан тұрады.

Сәйкесінше басқарудың ақпараттық процесстерінің негізгі кезеңдерінде келесі жинау және ақпаратты тіркеу құралдары қолданылады; ұйымдастыру техникасының ақпаратын өңдеу, машиналық тасымалдаушыларды дайындау.

Автоматтандырылған АЖ барлық талаптарға сай болуы үшін, техникалық құралдар келесі есептер типін қамтамасыз етуі тиіс:

  • нақты масштаб уақытында есептерді шешу реті;

  • салыстырмалы қиын емес алгоритмдер бойынша үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу;

  • машиналық тасымалдаушыларға жазылған бағдарламалардың автономды жұмыс істеу мүмкіншіліктері;

  • алфавитті-сандық ақпаратты, сұлбаларды, графиктерді, кестелер мен сызбаларды енгізу және шығару мүмкіншіліктері;

  • кескіндердің масштабы мен орналасу ретін өзгерту мүмкіншіліктері.

Техникалық қамтама деректерді өңдеудің технологиялық барысын іске асыруда жеткілікті болуы керек.

ДЭЕМ сипаттайтын келесі белгілерді атап өтуге болады:

  • диалогты режим, кәсіби емес пайдаланушының ДЭЕМ жұмысын қамтамасыз етеді;

  • кіші габариттер және масса, кез келген орынға ДЭЕМ орнатуға мүмкіндік береді;

  • энергияны үнемді қолдану.

Техникалық қамтама деректер қорын технологиялық өңдеу кезінде жеткілікті болуы керек. Жүйеде қолданылатын техникалық құралдар келесі ең төмен талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Intel микропроцессор қорындағы IBM PC типті компьютер:

p 233 mmx / 32 Mb / 1.7 Gb / 1 Mb;

  1. IBM фирмасының түрлі-түсті мониторы, SuperVGA 1024х768 мүмкіншілігімен;

  2. Keyboard for Windows пернетақтасы;

  3. лазерлі принтер HPLaserJet 1100;

  4. сканер HPScanJet 3200С;

  5. факс - модем USRSportster 56k Vi.

ТҚК жүйені фунциялау барысы кезінде өзгерудің негізгі талаптарына сай мүмкіндігінше көбірек жауап беруі тиіс.

АҚ «БТАбанк» Internet глобальды желісіне қосылған. АҚ «БТАбанк» байланыс құралдарына: Мотогоlа радиостанциялары, радиотелефондар және пейджерлер кіреді.

ТҚК жүйені фунциялау барысы кезінде өзгерудің негізгі талаптарына сай мүмкіндігінше көбірек жауап беруі тиіс. Ақпараттық жүйенің ең төменгі ТҚК негізгі сипаттамалары 3 кестеде көрсетілген.