Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

1.2.1 «Бта банк» ақ сипаттамасы

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамының құрылу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығының Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өнеркәсіптік банк (Өнеркәсбанк) бөлімшесі ашылды.

Уақыт өте келе Өнеркәсіптік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.

1932 жылғы 7 маусымда Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салым банктерін ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласында Өнеркәсіптік банк базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды.

1949 жылғы 11 шілдеде КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы облысаралық конторасы Өнеркәсіптік банктің КСРО Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылғы 17 шілдедегі №821 СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:

  • КСРО Мемлекеттік банкі;

  • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;

  • КСРО Сыртқы экономика банкі;

  • КСРО Агроөнеркәсіп банкі;

  • КСРО Тұрғын құрылыс банкі;

  • КСРО Жинақ банкі.

1991 жылғы 4 наурызда КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі  «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.

1991 жылғы 24 шілдеде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Ораз Мақайұлы Бейсенов тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.

1990 жылғы 23 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

1992 жылғы 14 ақпанда құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Берлин Кенжетайұлы Ырысов тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.

1997 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Ержан Нұрілдәйімұлы Тәтішев тағайындалды.

1998 жылғы 1 қазанда «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

2003 жылғы 26 қыркүйекте «ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді. Сол 2003 жылы банктің кредиттік рейтингі Standard&Poor`s ВВ-деңгейіне дейін көтерілді.

2003 жылғы қорытынды бойынша ТұранӘлем Банкі құжаттық бизнестің (құжаттық аккредитивтер, банктік кепілдіктер, сауданы басқару) қазақстандық нарығының 31% қамтыды және Қазақстанның биржалық қаржы нарығының көшбасшысы болды.

2004 жылы Standard&Poor`s және Moody's нұсқасы бойынша банк рейтингінің болжамы «тұрақты» деңгейден «оң» деңгейге көтерілді. Сондай-ақ, осы жылы ТМД елдерінде өкілдік желісін белсенді құрушы болып танылды.

2005 жылы банкке Fitch компаниясымен «ВВ», «тұрақты» кредиттік рейтингі берілді. Осы жылы ТұранӘлем Банкі «The Banker» журналының үш листингіне кірді  «Орталық және Шығыс Еуропа аймағының 1000 ТОП жаңа қатысушылары», «ТОП 1000» и «Қазақстан бойынша ТОП».

2006 жылы банк қазақстандық Екінші деңгейлі банктердің алғашқысы болып 200 млн. АҚШ долларға мурабаха ислам біріктірілген заемды тартты. Осы жылы Қазақстанда алғаш рет банк Интернет-банкинг жүйесін іске қосты.

2006 жылдың қорытындысы бойынша ТұранӘлем Банкі ТМД-дағы активтерінің көлемі бойынша ірі банктердің бестігіне кірді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында ауқымды жоба іске асырылды - «Қазақ киносының алтын коллекциясы». Жалпы халықтың дауыс беруімен банк қаражатының есебінен қалпына келтірілген қазақ киносының 20 фильмі таңдап алынды.

2007 жылы ТұранӘлем жаңа даму стратегиясын бекітті  ТМД-дағы жетекші қаржы институты атану. Жаңа бизнес мәселелеріне сәйкес келетін банктің жаңа образы қажет болды. Осылайша қайта брендинг жасау идеясы туындады. Оның басталуы 2007 жылы 7 қарашада ресми түрде жарияланды. Әзірлеушілердің ойына сәйкес банктің жаңа логотипі қаржы институтының заманауилығы мен инновациялығын бейнелеуі тиіс еді. Ашық жасыл түс - бұл шынайылық, амандық, оптимизм. Алқызыл - күш пен энергия. Сондай-ақ, логотип пішіні де кездейсоқтық емес - кезекпен орналасқан шаршылар сенімділік пен тұрақтылықты бейнелейді, олардың қиылысуы - заманауи банк жұмысының маңызды сапасының бірі шынайылық әсерін тудырады.

2008 жылғы ақпанда «ТұранӘлем Банкі» АҚ қайта ресімдеу процедурасы аяқталды және қаржы институты «БТА Банкі» АҚ жаңа ресми атауына ие болды. Банктің және оның еншілес компанияларының ренеймингі және қайта көзбен шолу жұмыстары 2008 жылдың ішінде аяқталды.

2008 жылы БТА Банкі The Banker халықаралық баспамен жүргізілген ТОП 1000 әлемдік банктердің жыл сайынғы рейтингіне сәйкес активтерінің, меншік капиталының және таза пайдасының мөлшері бойынша Қазақстандағы ірі банк ретінде танылды.

Осы жылы «БТА Банкі» АҚ республикадағы банктердің алғашқысы болып ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ендірді. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің (АҚБЖ) әрекет ету саласы «БТА-Online» заңды тұлғалардың қашықтан банктік қызметтер ұсыну жүйесіне қолданылады, ол сертификаттау нәтижесінде жоғары қорғау деңгейімен халықаралық өнім сарапшысы болып танылды.

ААҚ «БТА Банк» ұйымдастырушылық құрылымына басқарма төрағасы, басқарма төрағасының екі орынбасары, бас бухгалтер және 8 департамент кіреді (сурет 1).

Басқарма Төрағасы

Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары

Басқарма Төрағасының Орынбасары

Бас бухгалтер

Экономикалық даму

департаменті

Халықаралық қатынастар

департаменті

Құрылымдық қаржыландыру департаменті

Бухгалтерлік есеп және есеп-қисап департаменті

Корпоративті қаржыландыру департаменті

Банктік технологиялар департаменті

Бизнесті

дамыту

департаменті

Қазынашылық департаменті

Сурет 1 – ААҚ «БТА Банк» ұйымдастырушылық құрылымы

Банктің акционерлері банктің иелері болып табылады. Қарапайым акциялардың иесі акционерлердің жиналыстарына өзі немесе толық құқылы өкіл арқылы қатысуына және қарастыруға ұсыныстар айтуына құқылы. Қарапайым акциялардың иесі басқа акционерлердің келісімінсіз өзінің акцияларын сатуға құқылы. Акционерлер жиналысында әрбір қарапайым акция оның иесіне бір дауыс береді. ААҚ ликвидациясы жағдайында несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған меншік қарапайым акция ұстаушылар арасында үлестіріледі. ААҚ-ны басқаратын жоғарғы мүшесі жылына 1 реттен кем емес шақырылатын акционерлердің жиналысы болып табылады.

Акционерлердің төтенше жиналысы генералды директор бастауымен немесе қарапайым акциялардың 10%-нан кем емес мөлшерін иеленген акционерлердің жазбаша өтініші бойынша шақырылады.

Акционерлер жиналысының айрықша құзіреттілігіне келесідей мәселелер кіреді (жиналысқа қатысқан қарапайым акциялар иелерінің 50%-нан көп дауыс берілген болса шешім қабылданады):

1. Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2. Жарлық капиталының өзгеруі.

3. Теңгерімді, пайда шоттарын, шығындарды, басқарманың жылдық есебін, сонымен қоса аудиторды бекіту.

4. Қарапайым акцияға төленетін дивиденд мөлшерін бекіту.

5. Ревизиялық комиссия және тәуелсіз сыртқы аудиторларды тағайындау, сонымен қоса қызмет аумағы мен сыйақыны анықтау.

6. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ААҚ филиалдарын, өкілдіктерін, бөлімшелерін құру және олардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау.

7. Еншілес кәсіпорын құру және Қоғамның басқадай кәсіпорындарға, бірлестіктерге қатысуы туралы шешім қабылдау.

8. Активінің 10%-нан артық болатын ААҚ мүлкін сату, жалға беру, айырбастау немесе басқа әрекеттер туралы шешім қабылдау.

9. ААҚ-ны қосу, оны басқа ұйымдастырушылық-құқықтық формаға түрлендіру туралы шешім қабылдау.

10. ААҚ ликвидациясы, ликвидациялық комиссия құру және оның есебін бекіту туралы шешім қабылдау.

11. Келісім және директорлар кеңесіне берілген өкілдік құқығы жетпейтін басқадай әрекеттерді бекіту.

12. Генералды директорды, директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.

Директорлар кеңесі мүшелерінің және басқарма мүшелерінің негізгі міндеті ААҚ табысын ұлғайту мақсатымен саясатты жасау. Банктің генералды директорының міндеттері акционерлердің бірінші жиналысына дейін өнеркәсіп жетекшісіне жүктеледі.

Генералды директор лауазымы бойынша директорлар кеңесінің төрағасы болады.

Директорлар кеңесі мүшелері және басқарма мүшелері қоғам алдында оған өзінің функцияларын орындамауы немесе ұқыпсыз орындауы нәтижесінде келтірген шығындар үшін жауапты.

Директорлар кеңесінің өкілеттілігі:

- акционерлерге жарлық капиталы мөлшерін, оның ұлғаю немесе азаюының шарттары мен тәртібін ұсыну;

- генералды директор ұсынатын АҚ басқармасы туралы ережелерді бекіту;

- Қоғам ішіндегі қарым-қатынастарды реттейтін нормативті құжаттарды қабылдау;

- Кеңес отырыстарын өткізудің ережелері мен регламентін қабылдау;

- акционерлереге филиалдар, өкілдіктер, бөлімшелер немесе еншілес кәсіпорындарды құру туралы ұсыныстар беру;

- генералды директормен мақұлдасып Қоғам басқармасының лауазымды адамдарын жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару;

- барлық шоттарды, есептерді, өтініштерді, амортизацияға қатысты ережелерді қоса алғандағы пайда және шығынды есептеу жүйелерін ұсыну ретін анықтау;

- акционерлерге төленетін дивидендтердің мөлшері туралы ұсыныстарды анықтау.

Генералды директор ұсынысымен директорлар кеңесі басқарма мүшелерін бекітеді:

1. Филиалды желі бойынша басқарма төрағасының орынбасары

2. Жалпы мәселелер бойынша басқарма төрағасының орынбасары

3. Бас бухгалтер

4. Несиелік-инвестициялық саясат бойынша басқарма төрағасының орынбасары

5. Халықаралық саясат бойынша басқарма төрағасының орынбасары