Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

1 Теориялық бөлім

1.1 Екінші деңгейлі банк жұмысын талдау

Екінші деңгейлі банк жұмысын талдау үшін оның теңгерімі қолданылады. Бұл теңгерімде банктің өзінің және тартылған қаражаттарының жағдайы, олардың несиелік және басқа да белсенді операцияларға үлестірілуі көрсетіледі. Теңгерім деректеріне байланысты ақшалай қорлардың қалыптасуы мен үлестірілуіне; несиелік, есеп айырысулық, кассалық және құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларды қоса алғанда басқа да банктік операцияларға бақылау жүргізіледі.

Екінші деңгейлі банктердің теңгерімдері олардың есеп-қисаптарының басты бөлігі болып табылады. Олардың сараптамасы банктің өтемпаздығын бақылауға, банк қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді. Банк теңгерімі бірыңғай форма бойынша құрылады. Бәсекелестік жағдайында жұмыс жасайтын екінші деңгейлі банктің тәжірибесіне тән операцияларды талдап көрсету дәрежесі коммерциялық құпиямен шектеледі. Әдетте теңгерімдерде сенімсіз және шығынды операциялар, осы операцияларды өтеу үшін қолданылатын сақтық қорлары ерекшеленіп көрсетілмейді. Бір мезгілде теңгерімнің анықтығы және көрнекілігі қамтамасыз етілуі қажет.

Банктік теңгерімдер коммерциялық ақпарат құралдарына жатады: олар оның жылдамдығы, нақтылығы, бірдейлігі секілді негізгі талаптарына сәйкес келеді.

Банктік теңгерімдерді құру барысында экономикалық біртекті белгілері бойынша операцияларды топтау принципі, яғни актив бойынша баптардың төмендеуші өтемпаздығы және пассив бойынша кішіреюді талап ету дәрежесі қолданылады.

Теңгерім номенклатурасының шоты теңгерімдік және теңгерімдік емес болып жүктеледі. Теңгерімдік шоттар пассивті, активті және активті-пассивті болады. Пассивті шоттардағы қаражаттар несиелендіру және басқа банктік операцияларды жүргізуге арналған банк қоры болып табылады. Активті шоттардағы қарыз осы қорлардың қолданылуын (бағытын) көрсетеді.

Пассивті шоттарда банктің ақша қоры, кәсіпорындар, мекемелер, жеке тұлғалардың қаражаттары, мемлекеттік бюджет табыстары, депозиттер, есептердегі қаражаттар, банктің пайдасы, несиелік қарыз, пассивтер және басқа банктерден келген қайта қаржыландыру сомаларын қоса алғандағы басқа тартылған қаражаттар көрсетіледі.

Активті шоттарда банк кассаларындағы қолма-қол ақша, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер, мемлекеттік бюджет шығыстары, күрделі қаржы жұмсалымы, дебиторлық берешек, басқа активтер және оқшаулама қаражат ескеріледі.

Теңгерімнен тыс шоттарда банкке сақтау, инкассо немесе комиссия үшін келіп түсетін құндылықтар мен құжаттардың қозғалысы көрсетіледі. Бұған сонымен қатар мемлекеттік баж салығын төлеу белгілері, қатаң есеп-қисап бланктері, акциялар бланктері, басқа құжаттар және құндылықтар жатады.

Банк қызметін, әсіресе оның өтемпаздаған талдау барысында өзіндік қаражатының көлемін анықтау маңызды болып табылады. Банктің өзіндік қаражаты оның барлық қорларының (жарлықтық, сақтық, арнайы және басқа), коммерциялық тәуекел сақтық қорларының, күрделі қаржы жұмсалымдарын қаржыландыруға арналған өзіндік қаражаттарының, банк пайдасының, есептердегі өзіндік қаражаттарының қосындысымен анықталады. Сөйтіп банктің өзіндік қаражаттарының сомасы (брутто) анықталады. Өзіндік қаражаттар (брутто) түсінігі оқшаулама қаражаттарды қосқандағы өзіндік қаражаттар (нетто) түсінігінен кеңірек. Айналым қаражаттарын иммобилизациялау (шашырату) (лат. immobilis – жылжымайтын, қозғалмайтын) дегеніміз банктің жалпы айналыстан өзіндік айналыс қаражаттарының бөлігін қажеттілік туындаған ескерілмеген басқа шығындар үшін оқшаулауы, айналыстан алуы. Иммобилизация үрдістері табыстылық пен банк операцияларының өтемпаздылығын төмендетеді. Осыған ұқсас иммобилизацияны туындататын себептер айқындалуы және жойылуы қажет.

Банк теңгерімінің өтемпаздығын талдау барасында банктің өзіндік қорларының көрсеткішін дұрыс анықтауы маңызды роль атқарады, банк қызметін бақылау және реттеу мақсатында осы көрсеткіштің негізінде Ұлттық банк қолданатын өтемпаздылық нормативтері тағайындалады. Сонымен бірге несиелік қор ретінде қарастырылатын банктің өзіндік қаражаттары корреспонденттік шоттағы дебеттік сальдоны, банктің пайдасы мен шығынының айырмасын (квартал аралық мерзім аралығында) және олардың банктың құнды қағаздарды сатып алу операцияларына кеткен қаражат сомасына азаюын, сонымен қатар банктың кәсіпорын-жеткізушілерге факторингілік операциялар бойынша аударылған сомасының төлеушілер өтеген қаражаттардан артуын ескере отырып қамтуы қажет.

Өтемпаздылық дәрежесін ескере отырып теңгерім баптарын топтағанда келесідей активтерді бөліп көрсетуге болады:

  • Кассалық активтер (қолма қол ақша, Ұлттық банктегі қор, корреспонденттік шоттағы қаражаттар), басқа банктердің шоттарындағы қаражаттар, құнды қағаздар. Бұл бөлімнің баптары өтемпаздылық тұрғысынан «алғашқы қорларды» қамтиды;

  • Құнды қағаздарға, коммерциялық векселдерге, үкімет мекемелерінің, өкіметтің жергілікті ұйымдарының және т.б. құнды мемлекеттік қағаздарына қаражат салу. Бұл активтердің бір бөлігі кішігірім шығын тәуекелімен жедел түрде кассалық қолма қол ақшаға айналуы мүмкін;

  • Заңды және жеке тұлғаларға, басқа банктерге берілген несиелер. Теңгерімнің бұл активтері аз өтемпаздылық салымдарға жатады, себебі банктер оларды уақытылы өтеуде және жоғары дәрежелі өтемпаздылық қаражаттарға айналдыруда тәуекелге барады.

  • Күрделі қаржы жұмсалымдары: қозғалатын және қозғалмайтын мүлікке қаражаттарды инвестициялау, филиалдар, бірлескен кәсіпорындар құру.

Банк операцияларының экономикалық болмысы тұрғысынан теңгерімнің баптарын топтауды келесі түрде жүргізуге болады:

  • Қарызға берудің және қорларды тартудың барлық түрлерін қоса алғандағы клиенттермен жүргізілетін операциялар;

  • Банк аралық операциялар. Актив және пассив бойынша олар банктермен жасалатын барлық операцияларды, сонымен бірге орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларды да қамтиды. Актив бойынша олардың арасында өтемпаздылық баптар басым келеді;

  • Басқадай банктік операциялар, оған негізінен құнды қағаздарға салынған қаражаттар, сонымен қатар қысқа мерзімді өтемпаздылық қағаздары жатады. Бұл топқа банктердің активті операциялары енеді. Пассив бойынша облигациялық қарыз түріндегі қаражаттарды тарту болып табылады.

Теңгерімді сараптау барысында зерттеудің негізгі объектісі банктың барлық коммерциялық қызметі болып болып табылады. Банктың өзі, нақты және потенциалды клиенттері мен корреспонденттері, жеке және заңды тұлғалары сараптаманың субъектілері болады.

Банктің өзі теңгерімдік деректердің сараптамасы бойынша қызметіндегі негізгі мақсаттарды қадағалайды: пайдалылық факторлары, өтемпаздылықты қолдау және Ұлттық банк қалыптастырған экономикалық нормативтерді сақтау, банк тәуекелдерінің барлық түрлерін барынша азайту.

Клиенттер мен корреспонденттер банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығын және оның сенімділігін, дамуының болашағын анықтайды. Бухгалтерлік теңгерімді сараптау барысында аудиторлық қызметтер банктің аналитикалық және синтетикалық есебінің және есеп-қисабының анықтылығын, банктің теңгерімінде оның қызметінің нәтижелерінің дұрыс көрсетілуін тексереді. Ұлттық банк банктің теңгерімін сараптау барысында ол үшін белгіленген өтемпаздылықтың және орталықтандырылған қорларға ақша бөлудің міндетті экономикалық нормативтерінің сақталу дәрежесін анықтайды.

Теңгерімдерді құру дүркінділігін есепке ала отырып, олардың сараптамасын сәйкесінше келесі түрлерге бөлуге болады: күнделікті, онкүндік, айлық, тоқсандық және жылдық.

Банк теңгерімін сараптау зерттеудің мақсаттары мен сипатына, зерттелетін сұрақтардың толықтығы мен кешенділігіне байланысты бөлінеді. Бірінші жағдайда сараптама толық және тақырыптық болып екіге бөлінеді. Тақырыптық сараптама мысалына жататындар: банк пайдасы және оның өсу факторлары, несиелер мен депозиттердің, банктік тәуекелдердің құрылымдары және т.б.

Зерттеудің мақсаттары мен сипатына байланысты сараптау алдын ала, жедел, қорытынды болып бөлінеді.

Алдын ала сараптау орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелерді беру бойынша туындайтын мәселелерді шешу үшін ресурсты қордың жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Жедел ай сайынға сараптама өтемпаздылық нормативтерінің және басқа көрсеткіштердің сақталуын бағалау үшін жүргізіледі.

Кейінгі (қорытынды) сараптама соңғы нәтижелерді және банк қызметінің тиімділігін, пайдалылықты ұлғайту қорларын анықтағанда жүзеге асырылады.

Перспективалық сараптама банк қызметінің нақты факторларын ескере отырып оның қызметінің қорытындысын болжау үшін жүргізіледі.

Банк теңгерімінің сараптамасы түрлі статистикалық әдіс-тәсілдердің қолданылуымен жүргізіледі. Сонымен бірге топтау, салыстыру, коэффициенттер әдістері кеңінен қолданылады.

Динамикалық қатарлардың салыстырмалы сараптамасы нақты өтемпаздылықтың нормативті өтемпаздылықтан өзгеру және ауытқуының негізгі себептерін анықтауға, операциялық шығындарды азайту және банк пайдалылығын ұлғайту қорларын табуға көмектеседі. Банктің жүйелендірілген көрсеткіштерінің банкішілік салыстырмалы сараптамасы ғана емес, сонымен қатар пайдалылық, тәуекелдер, сенімділік және өтемпаздылық көрсеткіштерін басқа банктердің деректерімен салыстыру да банктің тәжірибелік қызметі үшін және банктерді басқару үшін қызығушылық тудырады.

Экономикалық топтау теңгерім активтерінің, яғни салымдардың тәуекелділік дәрежесі мен олардың құнының бір бөлігін жоғалту мүмкіндігін ескергендегі жағдайын бағалау үшін қолданылады. Активтердің алты тобынан жоғары өтемпаздылық қаражаттардың бірінші тобы бойынша тәуекелділік коэффициенті 0,5%-дан бастап (касса, корреспонденттік шоттағы және банктік жүйенің несиелік ресурстарын реттеу қорындағы ақшалай қаражаттар) алтыншы тобы бойынша 100%-ға дейін (мерзімі өткен берешек) өзгереді.

Теңгерімнің әр түрлі баптарының, бөлімдерінің немесе баптар топтарының арасындағы сандық байланысты анықтау үшін коэффициенттер әдісі кеңінен қолданылады. Сараптаманың толықтығы үшін аналитикалық есептің деректері де ескерілуі мүмкін. Коэффициенттер әдісі Ұлттық банк тарапынан банктің өтемпаздылық деңгейін қадағалау үшін қажет. Коэффициенттік әдіс қайта қаржыландыру операцияларын сандық түрде бағалау кезінде қолданылуы мүмкін. Қайта қаржыландыру коэффициенті банкаралық несиелердің (басқа банктерден алған несиелер) несиелік салымдардың жалпы көлеміне, сонымен қатар тартылған, өзіндік қаражаттар немесе теңгерімнің жалпы қорытындысына қатынасымен есептеледі.