Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық жүзеге асырудағы ұсыныстар мен натижелерді талдау

Екінші деңгейдегі банк жұмысын талдаушы ақпараттық жүйесі белгіленген қаржыландыру шарттарымен бақыланатын, игеруді үдетуші, банк қорының қайтарымдылық және теңгерімділік тәсілі болып табылатын программалық-технологиялық кешен. Дер кезінде алынған толық және дұрыс ақпарат қазіргі уақытта банктік қызмет көрсету мен банктік басқару міндеттерін шешудің негізі болатын бірден-бір мүмкін қызмет.

Екінші деңгейдегі банк жұмысын талдаушы ақпараттық жүйенің тиімділігі кешеннің өз мақсатына сәйкестік дәрежесін, оның техникалық кемелділігін және экономикалық тұрғыдағы сәйкестігін көрсетеді. Қарыз алушы көп жағдайда құжаттарының өңделу және банктік операциялардың орындалуының жылдамдығына назар аударады, сол себептен тиімділік көрсеткіші ретінде тапсырмалар кешенінің өнімділігі, дәлме-дәлділігі, сенімділігі және т.с.с. көрсеткіштер қарастырылады.

Компьютерді пайдалану басқаруда экономика-математикалық әдістерді кеңінен қолдануға, яғни кейбір үрдістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса өңдеуге кеткен уақыттың төмендейтіні соншалық, шешімдерді қабылдау жылдамдығы елеулі арттырады.Телекоммуникация құралдарын кеңінен пайдалану негізінде көрсетілетін қызмет спектрін кеңейту, оның сапасын арттыруға және географияның аумақтануын кеңейтуге мүмкіндік туғызады.

Міндеттемелер кешенінің қызмет ету талабы үнемі өзгеріп тұратындықтан (әсіресе бұл шешілетін тапсырма көлеміне, оның мазмұнына, өңделінетін ақпарат көлеміне қатысты), тапсырмалар кешенінің ыңғайлылығы оны есептеу жұмысы көлемін телекоммункация құрал-жабдықтары есебінен оның элементтері арасында кооперативті қайта бөлу қабілетімен қамтамасыз етіледі. Мәліметтер базасында ақпараттардың жиналуынан туындаған жұмыстың бәсеңдеуін болдырмау үшін қолданбалы жүйе түріндегі ыңғайлы кешен құру мүмкіндігін беретін (Windows’XP, Еxcel2000) техникалық құралдар қолданылады. Қолданушы сауалына жауап беру уақыты 10 секундты құрайды, бұл әмбебаптықтың, жылдамдықтың және кешенді міндеттемелер қызметінің тұтынушылық сапа көрсеткішінің бірден-бір белгісі болып табылады.

Кешеннің сенімділігі берілген жұмыс шарттарында өз қасиеттерін ұзақ уақыт мерзімінде сақтау қабілеттілігінен көрінеді:

  • Барлық кешен үшін біртұтас жұмыс жасау мақсатының болуы;

  • Тапсырмалар кешені мен жүзеге асырылатын және қойылған қызмет ету мақсатына жетуге бағытталған функциялардың күрделілігі;

  • Мәзір құрастыруға қатысты кешеннің ыңғайлылығы мен модульділігі және қолданушыға шексіз сауалдар мөлшерімен өздігімен жұмыс істеуге берілген мүмкіндік;

  • Программалық модульдер байланысының иерархиялық құрылымы және барлық кешеннің қызмет ету сапасы белгілерінің иерархиясы;

  • Сыртқы ортамен өзара байланыстың болуы және кездейсоқ факторлардың әсер етуіне қарамастан жұмыс жасау;

  • Автоматтандырудың жоғарғы дәрежесі және басқарудың болуы;

  • Сыртқы және ішкі факторлар (бөгеттер) әсеріне төтеп беру және өзін-өзі ұйымдастырудың болуы;

  • Жалпы кешеннің сенімділігі.

Банктердің қызмет саласында болып тұратын және заң саласын, экономикалық ортаны және банктік технологияларды қамтитын тұрақты өзгерістер банктік басқару жүйесінен бейімделгіштіктің жоғарғы дәрежесін талап етеді:

  1. Барлық операциялардың орындалуы нақты уақыт масштабында іске асады.

  2. Біртұтас ақпараттық базамен жұмыс оның кез келген бөлігіне өзгерістер енгізгенде пайда болатын базаның барлық өзара байланысты бөліктеріндегі кез келген өзгерістерді автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді.

  3. Бағдарлама бойынша жұмыс істеу логикасы қарапайым және ыңғайлы, қонымды.

  4. Жүйедегі есептеулер дер кезінде және нақты орындалады, есептік регистрлерде дәл көрініс табады.

  5. Программалық кешен кедергілерге барынша төтеп бере алады, сапасыз энергия жабдықтауы, жұмысшылардың қате әсерлері тарапынан болатын әр түрлі ақаулардан максималды түрде қорғалған.

  6. Алдағы уақытта программалық кешен пайдалану процесінде, салыстырмалы түрде жаңа программалық модульдермен түрлендірілуі немесе жай ғана толықтырылуы, қажет болған жағдайда кейбір параметрлердің өзгеруі мүмкін және ондай мүмкіндіктер еңгізуге болады.

Банк жұмыс қызметтерінің белгілі бір бөлігінің автоматтандырылуы шығындарды қысқартуға және басқарушылық шешімдер қабылдауды ықшамдаулардың және жеделдетудің арқасында тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Оны қолдану тиімділігін қамтамасыз ететін, осы ақпараттық өнімнің маңызды тұтынушылық сапасы болып табылатын жинаққорлыққа қабілеттілік деп атаймыз.

Тапсырма кешенінің ақпараттық технологиясын жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Тапсырма кешенінің ақпараттық технологиясын ары қарай жетілдіру үшін қағазсыз технологияға ауысу қажет, ол тарату уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Құжаттарды таратудағы қағазсыз технология дегеніміз - бұл барлық мәліметтерді электрондық түрде тарату дегенді білдіреді. Құжаттарды электрондық формада жіберу уақытты қысқартуға, яғни тапсырманы шешу уақытын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Қағазсыз технологияны енгізу үшін, құжаттардың формаларын, мәліметтерді тарату уақыты мен процесін қарастыру қажет. Қалыпты функционалдық жұмыс істеу үшін, соған сәйкес техникалық жағдай қалыптастырылуы керек.

Алдағы уақытта мәліметтер базасында жаңа технологияларды пайдалану, әсіресе таратылған желілік мәліметтер базасын енгізу және қолдану ұсынылады.

Бұл жедел түрде ағымдағы қарыз операциялары туралы барлық қажетті мәліметтерді алуға, мәліметтерді жинақтап қарап шығуға мүмкіндік береді.