Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

2.3 Ақпараттық қор

Ақпараттық қор деп пайдаланушылар мен программалар қолдану үшін негізделген тасымалдаушы құрылғыларда орналасқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.

Ақпараттық қор мыналардан тұрады:

  • ақпараттар ауқымы, яғни ақпараттық қорды құрайтын мәліметтер ауқымы;

  • Ақпараттық қорды жұмыс істету және құруды қамтамасыздандыратын алгоритмдік бағдарламалық құрылғылар мен ақпаратты кодтау жүйесі.

Ақпараттық қорлар машиналық емесжәне ішкі машиналық болып бөлінеді.

Машиналық емес ақпараттық қорлар

Машиналық емес ақпараттық қорлар – есептеуіш техникалық құрылғыларды қолданбай адамның ақпараттық жүйені жүйелеуде пайдаланатын құжаттар мен белгілер, хабарламалар жиынтығы болып саналатын ақпараттық қордың бір бөлігі.

Машиналық ішкі ақпарат қорлар - жүйені жіктейді, кодтайды, нормативтік-анықтамалық құжаттардан, оперативтік ақпараттардан тұрады. Кодтаудың жіктелуін сипаттау жүйесі ақпаратты есептеуіш жүйенің жадында нақты мәліметтерді сипаттау мен тиімді іздеу, сәйкестендіру үшін қолданылады. Нормативтік-анықтамалық құжаттар шартты тұрақты ақпараттар тобына жатады және есептемелерде өзгертулерсіз ұзақ уақыт пайдаланылатын регламенттік нормативтерден, қағидалардан және де басқа мәліметтерден тұрады. Оперативті ақпарат объектінің дәл сол уақыттағы жағдайын көрсетеді, яғни өңделмеген ақпарат болып табылады.

Экономикалық ақпараттың кодтары мен жіктеуіштерін жобалау – ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жабдықтауларды дайындаудың ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Экономикалық ақпаратты жіктеу барысында жіктеудің екі жүйесі ауқымды көлемде қолданылады: иерархиялық және фасеттік. Оларға келесі талаптар қойылады:

  • Жіктеудің барлық объектілердің есебін қамтамасыз етуші жеткілікті деңгейдегі сыйымдылық;

- экономикалық орынды тереңдік (яғни жіктеу деңгейлерінің саны);

  • Көптеген жіктелуші объектілерді кеңейтуге, сондай-ақ жіктеу құрылымын бұзбай қажетті өзгертулерді енгізуге мүмкіндік беретін икемділік;

  • Жіктеуді жүргізу қарапайымдылығы.

Жіктеуіш – жіктеуіштік топтың және олардың кодтық белгілерінің жүйеленген жиынтығы. Экономикалық ақпараттың автоматтандырылған өңдеуін ұйымдастыру мәліметтерді кешенді өңдеу және іздеу мен сақтауды тиімді ұйымдастыру үшін технико-экономикалық ақпараттарды жіктеу және оның элементтерін кодтау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуді талап етеді.

Жіктеуіш ретінде мынадай логикалық операция айтылады: қарастырылып отырған бұйымдар мен құбылыстар элементтерін кейбір ортақ белгілері немесе белгілер тобы бойынша түрлерге бөлу.

Жіктеуіш жүйесі белгілері мен араларындағы тәуелділік пен өзара байланыстарына негізделген тізбектеліп орналасқан жіктеуіш элементтерінен тұрады. Бұл жүйе жіктеуіштің әрқайсысына әрекет саласын анықтайтын жиын болып табылады. Жіктеуіштің иерархиялық және фесеттік жүйесі деп ажыратады.

Жіктеуіштің иерархиялық жүйесі жіктеуіш топтардың арасында тәуелділік қатынасын орнатады (иерархиялар). Бірінші бір белгісі бойынша ірі топтарға, содан кейін осылардың ішіне басқа да белгілер бойынша кішілеу топтарға т.с.с. бөлінеді. Бұл жағдайда әрбір объектіге әр деңгейде жіктеуіш топтың біреуінде ғана орын бөлінеді, яғни жіктеуіш топтар қайталанбайды және олардың әрқайсысы тек қана жіктеуіштің бір негізі бойынша ғана бөлінеді. Иерархиялық жіктеуіш тіркелген құраммен реттеліп тізбектелген жіктеуіш белгілерінен тұратын қатаң жүйе болып табылады. Осыған байланысты иерархиялық жіктеуіште қарастырылмаған белгілер бойынша өз еркімен топтар құрастыруға мүмкіндік бермейді.

Жіктеуіштің фасеттік жүйесі жіктеуден өткеннен кейінгі алуан жіктеуіштер әр қыры бойынша тәуелсіз топтарды құрауымен сипатталады. Әр фасеттің жіктеуіш топтары кез келген мүмкін белгілері бойынша объектерді бөлуге мүмкіндік береді.

Жіктеуіш көптеген объектілерді кластарға, топтарға бөлу заңдылығын көрсететін құжат және бір уақытта жіктеуіш топтармен олардың кодтық мәнінен тұратын жүйеленген жиын болып табылады.

Кодтық мәндегі белгілер саны кодтын ұзындығы деп аталады.

Кодтарды құрастыру кезінде келесі талаптарды ескеру керек:

  • Кодтарды минималды ұзындығы;

  • Кодтың құрылымының қарапайымдылығы мен қисындылығы;

  • Шешілетін тапсырмалардың есептеуінің ерекшелігі;

  • Бар жіктеуіш жүйесінің және ортақ мәндер есебі;

  • Келекшекте даму есебі.

Жіктеудің мақсаты ақпаратты ыңғайлы түрге келтіру, мысалы мәліметтерді құжатқа түсіру кезінде, тасымалдауда, өңдеу жүргізгенде және де басқа мақсаттарда пайдалану жеңіл болу.

Жіктеу – жіктеу объектілеріне символды мәндер түріне келтіру, мақсаты оларды жинақы түрге келтіру.

Жеке объектілерге кодтау ережелер жиыны кодтау жүйесінің номенклатурасы болып табылады.

Қарапайым тұрақты, бір белгілі номенклатураларды кодтау үшін реттік жүйе қолданылады. Ол объектілерге номенклатурадағы номерлерді өткізбестен натуралды сандар тізімінен орналасқан реті бойынша цифрлық номерлер тіркейді. Бұл жүйенің ерекшелігі кодтау құрылымының жеңілдігі, олардың жазбасының толықтығы. Сонымен қатар реттік кодтау белгілері бойынша объектілерді топтауды қарастырмайды, ал номенклатурада жаңа объектілердің пайда болуымен жіктелуде бұзылулар пайда болады.

Кодтаудың келесі жүйесі жіктелудің иерархиялық жүйесіне сәйкес келеді. Әр төмен тұрған топтың коды жоғары тұрған кодтың элементін қосу арқылы пайда болады. Мұндай жүйе жоғары ақпараттылыққа ие.

Аралас жүйе үлкен көпбелгілі номенклатураларды кодтау үшін пайдаланады, сонымен қатар жіктелу белгілерінің бір уақытта жеке тәуелсіз және бағыныштылығымен сипатталады. Бұл жүйе кодтаудың әртүрлі қағидаларына негізделген.

Несие топтарын кодтауда кодтаудың бірмәнді реттік жүйесі пайдаланады (кесте 10 қараңыз).

Кесте 10 – Несие топтарын жіктеуші

Несие топтың атауы

Кодтық мәні

Мемлекеттік кәсіпорын несиелері

1

Заңды тұлғалардың несиелері

2

Жеке тұлғалардың несиелері

3

Несие түрінің коды кодтаудың бірмәнді реттік жүйесі бойынша құрылады (кесте 11 қараңыз).

Кесте 11 – Несие түрлерін жіктеуші

Несие түрінің атауы

Кодтық мәні

Сенімділік дәрежесі жоғары несиелер

1

Жоғары тәуекел несиелер

2

Шекті тәуекел несиелер

3

Теңгерім бабының коды қайталау жүйесін қолданады, ұзындығы үш таңба.

Машиналық ішкі ақпараттық қорлар

Машиналық ішкі ақпараттық қорлар - ақпараттық жүйелерде қолданатын жүйенің машиналық тасымалдаушыларындағы мәліметтер жиыны білдіретін ақпараттық қор бөлігі.

Машиналық ішкі ақпараттық қорлар машиналық тасымалдаушыларда болады. Машиналық тасымалдаушы ЭЕМ немесе ДЭЕМ автоматты түрде ақпаратты енгізуге жарайтын материалды объект болып табылады. Оларға мыналар жатады: қатқыл дисктер (винчестерлер), магнитті дисктер, магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромды тасымалдаушылар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар, тағы басқа тасымалдаушылардың түрлері.

Ақпаратты массив – нақтыланған әдіспен аталынған және ұйымдастырылған, семантикалық түрде өзара байланысқан мәліметтер жиыны. Ақпаратты массивті ұйымдастыру барысында оның құрамын, құрылымын анықтау, яғни әрбір ақпаратты массивке реквизиттер тізімі, әр реквизит ұзындығы және ақпараттық массивте орналасқан реттілігі анықталады.

Ақпараттық массив міндеті бойынша кіріс, шығыс және ішкі болып бөлінеді. Кіріс массивтері мәліметтерді енгізіп баспаға шығаруға дайындайды. Осы ақпараттарға негізделіп пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни осы ақпараттарды пайдаланады.

Машиналық ішкі ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, оперативті, қызметтік түрлері болады. Тұрақты ақпараттық массивтер (нормативті анықтамалық ақпараттар массиві) нормативті құжаттар мен анықтамалардан алынады, мәліметтерді өңдеуден бұрын қалыптасады және ақпараттық жүйелер тапсырмаларын шешуде пайдаланады. Нормативті анықтамалық ақпараттар массивіне жіктеуіштер, анықтамалар, шартты тұрақты ақпараттар жатады.

Сақталатын массивтер өзара байланысқан тапсырмаларды шешуде немесе мәліметтер келесі тапсырманы шешуде қажет болатын ақпаратты жазып алады.

Оперативті массивтер оперативті құжаттар негізінде жасалынады, яғни қарапайым жиналатын айнымалы ақпараттардан тұрады, сол себептен оперативті массивтер құрамы өңдеу барысында өзгеріп отырады.

Қызметтік массивтер массивтерді автоматты өңдеу үшін қажет қызметтік ақпараттардан тұрады.

Машиналық ішкі ақпараттық қор келесі әдістермен құрылуы мүмкін: жергілікті тапсырмаға немесе тапсырмалар жиынына негңзделген, жергілікті массив түрінде; массивтерді мәліметтер қорларына құру.

Мәліметтер қоры сақтау құрылғыларында сақталатын және ақпараттық жүйені басқару функциясын қамтамасыз ететін өзара байланысқан ақпараттық массивтердің жиыны болып табылады. Мәліметтер қорын құрудағы мақсаттар: мәліметтерді өңдеу уақытын қысқарту, сақталатын мәліметтердің қысқаруы, мәліметтердің қарама-қайшылығы мен сәйкестенбеуліктерін жоқ қылу, тапсырмаларды шешу үшін пайдаланатын мәліметтерді көптеген пайдаланушылар ортақ пайдалана білу, мәліметтердің тапсырма шешу программасына тәуелсіздігі, мәліметтер қорында мәліметтерді сақтаудың сенімділігі және т.б.

Мәліметтер қорын пайдалану мәліметтер қорында орналасқан мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын мәліметтерді басқаратын бағдарламалық құрылғыларды қажет етеді.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі – бұл кіріс - шығыс үшін ортақ жүйелік программалар жиыны, ақпаратты массивтерді жіктеуші, ақпараттық жүйе пайдаланушыларына қолданбалы тапсырмалар мәліметтеріне кіруге мүмкіндік береді. Мәліметтер қоры мәліметтер қорын басқару жүйесімен бірге мәліметтер банкі деп аталады және мәліметтер банкі екі бөлімнен тұрады: мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі.

Машиналық ішкі ақпараттық қор, берілген тапсырманың мәліметтер қоры қатты және иілгіш дискте сақталған ақпараттар массивтерінен (файлдар) тұрады.

Массивтер суреттемесі 12 кестеде көрсетілген.

12 кесте – Массивтер тізімі

Атауы

Идентификатор

Теңгерім

BAL

Ағымдағы теңгерім

SVOD

Коэффициенттер

Коэф

Жоғарыда көрсетілген жазба құрылымы суреттелген ақпараттар массиві мәліметтері жайлы 13-15 кестелерде көрсетілген.

13 кесте – Массив сипаттамасы

Атауы

Идентификатор

Теңгерім

BAL

Жазбалардағы массив көлемі

Ақпарат тасушы

Ұйымдастыру әдісі

Басқа сипаттамалар

Реттілігі

Реттілік кілті

2000

МД

Индексті-кезекті

Ретті

Теңгерім кодының жолы

Жазба құрылымы

Реквизит атауы

Идентификатор

Белгі ұзындығы

Өзгеріс диапазоны

Мерзімі

DATA

D(8)

Теңгерім коды

CodeBalance

9(4)

1-9999

Теңгерім мақаласының атауы

NameBAL

A(120)

Көрсеткіш шамасы

Zanch

9(9)

1-999999999

14 кесте – Массив сипаттамасы

Атауы

Идентификатор

Ағымдағы теңгерім

SVOD

Жазбадағы массив көлемі

Ақпарат тасушы

Ұйымдастыру әдісі

Басқа сипаттамалар

Реттілігі

Реттілік кілті

20

МД

Индексті-кезекті

ретті

Бап коды

Жазба құрылымы

Реквизит атауы

Идентификатор

Белгі ұзындығы

Өзгеріс диапазоны

Мерзімі

DATA

D(8)

Теңгерім коды

CodeSBalance

9(4)

1-9999

Теңгерім мақаласының атауы

NameSBAL

A(120)

Көрсеткіш шамасы

Zanch

9(9)

1-999999999

15 кесте – Массив сипаттамасы

Атауы

Идентификатор

Коэффициенттері

Коэффициент

Жазбадағы массив көлемі

Ақпарат тасушы

Ұйымдастыру әдісі

Басқа сипаттамалар

Реттілігі

Реттілік кілті

Жазбадағы массив көлемі

Ақпарат тасушы

Ұйымдастыру әдісі

Басқа сипаттамалар

Реттілігі

Реттілік кілті

20

Магн. Диск

Индексті-кезекпен

Ретті

Кредит түрінің коды

Жазба құрылымы

Реквизит атауы

Идентификатор

Белгі ұзындығы

Өзгеріс диапазоны

Мерзімі

DATA

D(8)

Теңгерім коды

Parameter

А(40)

Теңгерім мақаласының атауы

ValidValue

9(6)

1-999999

Көрсеткіш шамасы

Zanch

9(9)

1-999999999