Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать

8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз

11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз

41.Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз

  1. Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз

Өндіргіш күштердің өркендеп, алғашқы қауым өндірістік қатынастардың шеңберінен шығып кетуіне байланысты құлдық қоғам бел алып, адамзаттың өркениетті дамуында ілгері басқан бір қадам жасалынды. Алайда, құлдық қоғам өркениеттің дамуы барысында жері басушылық болса да, адамгершілік тұрғысынан алғанда кері кетушілік болды. Өйткені, адамды адам қанауының жексұрын түрі пайда болды. Ағайынгершіліктің орнын құл иеленушілік басты. Сонысына қарамай, ғылыми даму, философиялық дүниетанымның пайда болып қалыптасуы үшін құлдық қоғам ғана игі әсерін тигізді, себебі тек осы кезеңде ғана ой еңбегі дене еңбегінен ажырап, адамдардың озық ойлы бөлігі дене еңбегінен босатылып, бірыңғай ғылыммен, философиямен айналысуға мүмкіндік алды. Әрине, ол адамдар негізінен үстем тап өкілдері болатын. Осы кезеңде философиялық дүниетаным мифология мен дінге қарсы күресте қалыптаса бастады. Адамзат тарихында алғаш рет дүниені оның оз ішкі. заңдылықтарын ашу арқылы танып-білуге талпыну, танымның дәлелдеуге құрылған ғылыми тәсілдерін пайдалану жағы көзделді. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету - жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып-біліп іс жүзінде игеру дәрежесіне тікелей тәуелді екендігін түсіне бастады. Олардың бұндай жағдайға жетуіне философиялық дүниетанымның ықпалы аз болған жоқ. "Философия" гректің " филео " және "софия" деген сөздерінен құралған. Қазақша мағынасы - "даналыққа құштарлық". Бұл сөздің шығу тегі жөнінде мынадай аңыз сақталған. Көне Грецияда бір ғұлама әзін "данышпан" деп атай берген адамдардан ыңғайсызданып, "мен тек даналыққа құштар ғанамын" - десе керек. Алайда, философияның "даналыққа құштарлық" деген мағына беретіндігі де тегін емес. Себебі, философия сөзтізбегі арқылы көне Грецияда дүние, жаратылыс, адамдар мен қоғам туралы барлық ілімдер мен білімдер жиынтығын атайтын болған. Философия — мазмұны жағынан да, танымдық тәсілі жағынан да өзінің тұжырымдарын, қағидаларын ғылыми логикалық дәлелдеулерге негіздейтін ерекше дүниетаным. Ол онысының өзімен-ақ жаратылыстан тыс "күш иелеріне" деген соқыр сенімге жетелейтін мифология мен діни дүниетанымнан айрықша ерекшеленеді. Сайып келгенде, философиялық дүниетаным деп әлемге, табиғатқа, қоғамға және олардың арақатынастары туралы қалыптасқан ең жалпы көзқарастар жиынтығын айтамыз. Философиялық дүниетаным жеке адамдар, топтар мен партиялар үшін, әлеуметтік т.б. өмір салаларында жолбасшылық, бағдарламалық міндет атқарады, қоғамның ілгері даму жолдарын негіздеудің теориялық астары да бола алады. 

  1. Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығын көрсетіңіз

Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

  • Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.

  • Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.

  • Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

  1. Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

  2. Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).

  3. Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).