Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия семинар сабатары.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.78 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің

оқу-әдістемелік кешені

Бағыты: Экономика және бизнес Жоғары мектебі: 2 кредит

2011-2012 Оқу жылының көктемгі семестрі

Философия пәні

Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған методикалық нұсқаулар

Философия пәнінен практикалық сабақтардың мақсаты – лекция сабақтарында алынған білімді бекіту, философияның түйінді мәселелері мен тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін игеру, студенттердің ойлау және өз ойын ауызша жеткізу қабілетін дамыту.

Философия пәнінен практикалық-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі, сондықтан студенттен мұқият дайындық, ыждағаттылық, үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімі философияның ОӘК-не кіретін силлабустан табуға болады.

Студент әрбір сұрақ мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет материалдарын қолданумен шектелмей, әлемдік философиялық ой өкілдерінің еңбектерімен танысып, талдай білу қажет.

Студент талқыланып отырған сұрақтың мазмұнын ауызша және өзі дайындаған қысқаша конспектілерге сүйеніп баяндай алады. Қысқаша конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі. Сұрақ мазмұнын оқулықтан оқып беру жауап болып саналмайды.

1 Сабақ. Философияның мәні және мақсаты

  1. Көзқарас және оның құрылымы

  2. Философиялық көзқарастың ерекшеліктері

  3. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны

Әдебиет:

  1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

  2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: философия ғылымының зерттеу объектісін анықтау, көзқарастың ерекше түрі болып табылатын философиялық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну, философияның мәдениет жүйесіндегі орнын және адам мен қоғам өміріндегі рөлін көрсету.

Кіріспе болып табылатын бұл күрделі тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Философия – адамзат білімінің ең ежелгі және қызықты салаларының бірі. Философия – даналыққа құштарлық және дүниені ерекше интеллектуальдік меңгеруге талпыныс.

Философия – адамзаттың жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі және қоғамның рухани өмірінің маңызды компоненті. Философияның рухани квинэссенция ретіндегі “мәңгілік” мәселелері.

2 Сабақ. Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиясы

  1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері.

  2. Буддизм – адамгершіліктік-этикалық ілім.

  3. Көне Қытай философиясының сипаттық ерекшеліктері.

  4. Конфуцийшілдік және даосизм – Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдары.

Әдебиет:

  1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

  2. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиясының негізгі бағыт-мектептерін, ұғымдарын игеру және белгілі ойшылдарының ілімдерімен танысу.

Тақырыпты зерттеудің түйінді мәселелері:

Ежелгі Үнді қоғамының рухани мәдениеті мен философиялық ойының дамуындағы Ведалардың рөлі. Ведалардың бөлімдері: Самхиттер, Брахмандар, Араньяктар және Упанишадалар. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері.

Қытай философиясы: прагматикалық сипаты және өмірдің практикалық жағына бағытталғандығы. Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері. “Өзгерістер Кітабы”. Даосизм философиясының ерекшеліктері.

Конфуций – Конфуций мектебінің негізін қалаушы. Ақсүйектерді құрметтеу, қоғамда қатал субординацияны талап ету – кейіннен Қытайдың ресми идеологиясы болып жарияланған конфуциандықтың негізгі ережелері.