Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРАС.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
112.79 Кб
Скачать

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өсімдіктердің минералды қоректенуі

Тексерген: Асрандина С.Ш.

Орындағандар: Абдикаримова Ы.Н.

Асан М.Б

Әсіл Ж.С.

Ермағамбетова Ж.Ш.

ББ – 13 – 04 тобы

Алматы, 2015 жыл

Жоспары: 1. Өсімдіктердің минералды қоректенуі жайлы қысқаша тарихи шолу

2. Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері

3. Макроэлементтер

4. Өсімдіктердің азотпен қоректену ерекшеліктері

Қысқаша тарихи шолу

Фотосинтездің XIX ғасырдың соңында ашылғанына қарамастан, өсімдіктің қара шіріндімен қоректену ілімі XIX ғасырдың ортасына дейін өзінің көптеген жақтастарын жоғалтпаған еді. Бірнеше ғалымдар қалыпты өсімдіктерді ешбір топырақсыз минерады тұздардың ерітіндісінде өсіріп, олардың дайын органикалық заттарды қажет етпейтінін дәлелдегеннен кейін ғана аталған ілім күшін жойды. Осындай зерттеулердің негізінде өсімдіктердің минералды қоректену ілімі пайда болды. Оның негізін қалаушы және насиқаттаушысы 1840 жылы “Егіншілікте және өсімдік шаруашылығында химияның қолданылуы”деген кітапті басып шығарған Юстус Либих болды. Ол бұл кітабында топырақ құнарлылығының негізі болып тек ондағы минералды заттар ғана бола алатынын, ал қара шірінді өсімдіктерге фотосинтез процесіне пайдаланғаннан басқа, сондай-ақ тау жыныстарын ыдыратуға қажет екенін негіздеген еді. Минералды қоректену ілімін қалыптастыруға және одан әрі дамуына басқа да ғалымдар, айтарлықтай, үлес қосқан еді. Мәселен, неміс зерттеушілері И.Кноп пен Ю.Сакс “Су және құмдық дақылдар” деген атауға ие болған жұмысында өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісін өзірлеген еді. Олар ұсынған кейбір қоректік заттардың құрамы өлі осы күнге дейін кеңінен қолдануда. Француз агрохимигі Жан Батист Буссенго құмдық дақыл әдісімен тәжірибе жүргізіп, жоғары өсімдіктердің ауаның молекулалық азотын сіңіре алмайтынын дәлелдеген болатын. Мұндай мүмкіндікке тек бұршақ тұқымдастар ғана ие. Кейінірек неміс ботаниті, әрі микробиологы Г.Гельригель бұршақ тұқымдастар азот түзуін түйнек бактерияларымен бірігіп жүргізетінін анықтады. Ал бұршақтар түйнегіндегі бактерияларды алғашқы рет 1866 ж. орыс ғалымы М.С.Воронин байқаған болатын. Өсімдіктердің минералды қоректену ілімініі дамуында Д.Н.Прянишниковтің, әсіресе азот алмасуы мен азот тыңайтқыштарының тиімділігі жөніндегі классикалық зерттеулері өте зор рол атқарды. Ол, 1910 жылы оның тікелей қатысуымен, өсімдікте; физиологиясынан бөлініп шыққан отандық агрохимияның негізін қалаушысы болып табылады.

Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері.

Орташа есеппен өсімдіктің сусыз құрғақ затының құрамында көміртек –46 %, оттегі – 42%, сутегі – 6,5%, азот - 1,5 %,минералдық элементтер -5 %, шамасында болады. Органогендер деп аталатын элементтердің (С,О,Н,N) үлесіне өсімдіктің құрғақ салмағының 95 %-і тиеді. Қалған 5%-ін ғана минералдық элементтер құрайды . Осы элементтердің сапалық құрамы және олардың процентпен есептегендегі мөлшері сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады. Өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минералдық элементтер мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Макроэлементтергн мөлшері 0,01-ден ондаған процентке дейін жететін элементтер жатқызылады. Бұл топқа органогендерден (С,О,H,N) басқа-Si, Ca, K, Mg, P, S, Al, S енеді.

  2. Мөлшері 0,001-ден 0,00001% арасында кездесетін микроэлементтерге –Mп,B,Cu, Zn, Ba, Ti, Li, Br, Mo, Co және т.б. жатады.

  3. Мөлшері одан да аз ультрамикроэлементтерге Cs ,Se, Cd, Hg, Ag, Au, Ra, т,б жатады.

Жеке элементтердің өсімдіктегі мөлшері көптеген жағдайларға байланысты өте өзгергіш келеді. Мысалы ,шөптесін өсімдіктердің тұқымдарында жалпы күлдіңмөлшері –3%, сабағында -4 % тамырында –5% , жапырағында –15%-ке жетеді. Кейбір өсімдіктер мүшелеріндегі жалпы күлдің және жеке элементтердің мөлшері 5,1кестеде келтірілген .Одан астық дақылдастардың тұқымында фосфордың , сабағында кремнийдің көп болатынын байқауға болады. Бұндай ерекшеліктер тек осы өсімдіктерге ғана тән. Мысалы, беденің сабағында күлдің мөлшері басқа өсімдіктердегімен шамалас болғанымен ,кремнийдің күлге есептегендегі мөлшері 2-3 %-тен аспайды. Керісінше, беденің күлінде кальцийдің мөлшері басқаларға қарағанда 5-6 есе артық.

Картоп түйнегінде , қант қызылшасының , т.б. тамыр жемістілердің тамырында калий көп болады.Күнбағыстың күлінде де калий мөлшері басқа элементтерге қарағанда көбірек болады. Ақжелкен тамырындағы күлдің 0,25-1% SO3 үлесіне тиеді. Бұны крестігүлдер тұқымдастарының ерекше белгісі деп қарауға болады.

Күлдің құрамындағы кальцийдің көп болуы тек түрге тән белгі болмастан , өсімдіктің жасына да байланысты . Әдетте бұл элементтің мөлшері өсімдік мүшелері қартайып ескірген сайын көбейе береді. Мысалы, қартайған еменнің тамырының күлінде оның мөлшері 90%-ке жетеді.