Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия семинар сабатары.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.78 Кб
Скачать

6 Сабақ. Жаңа Дәуір философиясы

  1. Ф.Бэконның эмпиризмі және Р.Декарттың рационализмі – Жаңа Дәуір философиясының ағымдары.

  2. Д.Локк, Д.Беркли және Д.Юмнің гносеологиясы.

  3. Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбництің онтологиясы.

  4. XVIII ғасырдағы француз материализміндегі табиғат, қоғам және адам туралы Ағартушылық идеялары.

Әдебиет:

  1. Батыс философиясының антологиясы. Алматы, 2002.

  2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

Сабақтың мақсаты: Жаңа Дәуір философиясындағы эмпиризм, рационализм және әлеуметтік-саяси бағыттарының негізгі өкілдерінің философиялық ойларын сараптау.

Талқыланатын мәселелердің негізгілері:

Философияда дүние туралы ғылыми түсініктің дамуы. Ф.Бэкон – танымның қазіргі заманғы индуктивтік методының және ғылыми қызметті логикалық жүйелеудің негізін салушы.

Д.Локк: туа біткен білімдерді терістеу, эмпиризмнің дамуы, табиғи құқық принциптері.

Ағартушылық дәуірі: ақыл мен сенімнің қарсы тұруы. Француз философтарының “Ғылымдар, өнер және кәсіптер энциклопедиясын” құрастыруы – ақыл, ғылым және білімді шексіз асқақтату.

7 Сабақ. Неміс классикалық философиясы

  1. И.Кант философиясындағы гносеология және этика.

  2. И.Фихте философиясындағы субъектінің белсенділігі проблемасы. Шеллингтің натурфилософиясы.

  3. Гегельдің идеалистік жүйесі.

Әдебиет:

  1. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

  2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

Сабақтың мақсаты: Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің дүниежүзілік маңызы бар ілімдерін талқылау.

Келесі мәселелерге назар аудару қажет:

И.Кант – неміс классикалық философиясының негізін салушы. Гегельдің ХІХ –ХХ ғ.ғ. философиясына ықпалы. Абсолюттік идея. “Бақытсыз сана” туралы түсінік.

8 Сабақ. Хіх-хх ғасырдағы батыс философиясының негізгі бағыттары

  1. Позитивизм мен неопозитивизмнің философиялық проблемалары.

  2. Экзистенциализм, оның негізгі бағыттары.

  3. Герменевтиканың негізгі мәселелері.

Әдебиет:

  1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

  2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

  3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғ. батыс философиясының сипаттық мазмұнын, негізгі мәселелерін сараптау.

Тақырыптың ең маңызды аспектілері:

Позитивизм: тәжірибеге сүйенетін нәрсе ғана ақиқат. Экзистенциализмнің категориалдық аппараты: жалғыздық, азап шегу, күйзелу, тасталғандық, үрей. Герменевтика – түсіну философиясы. Мәтінді талқылау мәселесі.

9 Сабақ. Қазақ философиясы. Қазақ дүниетанымының негізгі ұғымдары

  1. Қазақ дүниетанымының қалыптасуының алғышарттары.

  2. Қазақ дүниетанымының негізгі категориялары: Адам, Дүние, Өмір, Араласу, Кісілік.

Әдебиет:

  1. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

  2. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994.

  3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

  4. Сегизбаев О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: қазақ дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін және негізгі категорияларын талдау.

Тақырыпты дайындау барысында келесі мәселелерді қарастыру қажет:

Қазақ дүниетанымы қалыптасуының негізі – көшпенді өмір салты. Көшпелілікті отырықшы өркениет өміріндегі абсурд құбылыс деп европоцентристік тұрғыдан түсіндіруге сын. Көшпенді өмір салтының ерекшеліктері. Табиғатпен үйлесімділік, мәңгі қозғалыс қалпында болу – дамудың негізі. Көшпенділер шаруашылығының практикалық сипаты. Көшпенді өмір салтының қазақ халқының адамгершілігі мен асқақ рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпалы.