Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать

28 Р. Декарттың “күмәндану принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз

Декарт ең алдымен жаратылыстану саласындағы ғалым болғандықтан оның ғылыми көзқарасы пайымнан гөрі зердені жоғары қойып, дүниетаным мәселесін сол арқылы шешуге тырысты. Өйткені, ол көптеген шығармаларында математиканы аса жоғары

бағалап, оның нақты дәл шешім табатын принциптерін асыра дәріптеді.Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияны негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі

болған бұл принцип "күмәндану" деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін

былай деп негіздеді: "Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен

ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім". Бұл принциптің маңызы сонда, ең алдымен орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған ұғымдарға қарсы күресті ерекше күшейте түскендігінде. Сонымен қатар бұл принцип зерде арқылы таным үрдісіне қарай бағытталған жаңа жолды көрсетіп берді. Атап айтқанда, ол ең алдымен ешқандай да күмәндануға болмайды деп есептелген діни, ортағасырлық көзқарасты ендігі жерде толығынан талқандап, оның нәтижесін іске алғысыз етіп шығарды. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды.Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды.

29. Т. Гоббстың мемлекет жөніндегі конвенциалдық (шарттық) теориясының бүгінгі таңдағы адамзатқа маңыздылығын айқындаңыз

Материалистік философияның, танымның дамуына жол ашқан, әлеуметтік-философиялық ойларын тұжырымдаған ағылшын философы Томас Гоббс (1588 – 1679) болды.

Гоббс Бэкон бастаған ілімді ілгері қарай дамыты. өз заманында пайда болған әдістерді пайдалана отырып, оларды қоғам өмірімен, адам туралы іліммен байланыстыруға тырысты. Оның ойынша әлем – механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Денесіз ешбір нәрсе өмір сүрмейді. Ойды материядан ажыратуға болмайды, материя – барлық өзгерістердің субъектісі. Адамдардың рухани өмірін де қозғалыс пен күш-жігерге саяды. Олар сыртан жасалған әсерлермен тұтас айқындалатын күрделі механизм. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету – Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.