Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать
  1. Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр 

Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет  және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ  субъектiнiң өзi де кiредi.

Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды.  Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

  1. Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын көрсетіңіз

Даосизм дүниетанымдық мәселеде басты көңілді - дүниенің объективті бейнесіне, оның абстрактылы, философиялық-категориалды аспектісіндегі болмысқа, бейболмысқа, қалыптасуға, тұтастыққа, көпшілікке және т.б. бөліп, бұдан адамзат қоғамына және оның жүйесіндегі адамға қатысты қорытындылар шығарады.

 Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы болып есептеледі. Алайда, даосизмнің басты еңбегі “Дао дэ цзин” трактатын (Дао және дэ жайындағы кітап)  бірқатар ғалымдар Лао Цзыға емес өзге даос Чжуан Цзыға тиесілі деп есептесе, қытай философиясының тарихын зерттеуші Ян Юн-го “Бұл трактат барлық даостардың әртүрлі топтарының көзқарастарының жиынтығы. Себебі, бұл трактаттарда Конфуцийшілдік пен Легизмді сынға алу кездеседі. Ал, Даосизм бұлардан бұрын пайда болған болса мұндай сын бұл трктаттарда кездеспес те еді” деп есептейді. Біздің пікірімізше жоғарыда келтірілген сындар даосизм мектебінің соңғы өкілдерінің бұрынғы трактатқа өзгеріс енгізуінің нәтижесі болуы мүмкін. Қайткенмен де Көне Қытайдың философиялық мектептерінің ішіндегі ерекшесі әрі көнесі осы даосизм болуы мүмкін. Оны мынадан көруге болады: конфуцийшілдер де, легистер де, моизм өкілдері де “дао” жайында көп айтты. Бірақ “дао” олар үшін Қытайдың даму жолы болған болса, Даостар үшін “дао” – бәріне бірдей ортақ дүниетаным ұғымы. Бұл тек қана аспан астындағы Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың, барша жаратылыс пен заттардың бастамасы, алғашқы негізі және соңы болып табылады.

Даосизм ілімінде екі дао жайлы ілім бар. Оның бірі көрінбейтін, естілмейтін формасы жоқ шексіздік. Сондықтан ол мәңгі болғандықтан ешбір атауды қажет етпейді. Ол шексіз қозғалыста болады. Даосизмде қарама-қарсылықтар толып жатқандықтан мұнда диалектикалық әдіс те жоқ емес. Екінші дао – ол атауға ие дао, ол барлық заттардың түп негізі. Ол шексіз, таусылмайтын, жеңілмейтін, құдіретті. Ол денесіз, тұманды, бос, белгісіз, кішкентай, жасырын, қозғалмайтын, жалғыз болып келетін бірінші даодан осылайша ерекшеленеді.

 Екі даоның болуы даосизмде болмыс пен бейболмыс мәселесін туындатады. Бейболмысқа аты жоқ атаусыз дао жатса, ал болмысқа барлық заттардың түп негізі болатын екінші дао жатады.

Даосизмде диалектика бар деп жоғарыда айттық. Алайда, дао “қозғалыстың ең бастысы ол тыныштық” деуіне қарағанда ондағы метафизикалық әдістің басымдау екенін байқатады.

         Үйлесімділік, ізгілік (дэ) мәселесінде даосизм қозғалмай-ақ, күреспей-ақ жеңуді насихаттайды. Оның мәні жоғары ізгілікке, үйлесімділікке қолы жеткен адам мейірімділік істеуге тырыспайды. Себебі, оның өзі, табиғатында мейірімді. Дао күреспейді, бірақ жеңіске жете алады.

Даосизмнің әлеуметтік-саяси идеалында да данышпан билеуші білімсіз, өз жолымен тіршілік ететін халық туралы айтылады. Ең жақсы билеуші - бәріне өз табиғи жолымен жүруге мүмкіндік береді. Нағыз билеуші бәрінің алдында жүреді. Себебі даоға еліктеу арқылы ол өзін бәрінен төмен ұстайды.

         Білім мен еңбек құралдарының дамуына даосизм қарсы болады. Білім теңсіздікке ал ол өз кезегінде халықты теңсіздікке алып келеді дейді. Бақытты өмір сүрудің кепілі - ол табиғат аясында өмір сүру.

Дегенмен бұл ілімде қарама-қайшылықтар өте көп кездеседі. Бірақ оның негізгі ойы мәлім. Ол даоның алғашқы екендігі ол аспаннан да алғашқы болып табылады.