Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать

22. Н. Кузанскидің «Құдай - барлық жерде, сонымен қатар – еш жерде» деген ойына талдау жасаңыз

Кузанскийдің ойынша, Құдай дегеніміз Болмыс және Болмыстың қылы тасуының мүмкіндігі. Ол құдайды танып-білудін мүмкін екендігін көрсетуге ұмтылады, оның бар екендігін дәлелдеуге тырыспайды, құдайдың интеллектуальдік функциясын ашу арқылы Құдай ұғымының мазмұны түсінуге болады деп есептейді. Інжілден «Құдай дүниені жаратқанда бәрін өлшеп, санап, таразыға салып жаратты» деген үзіндіні келтіре отырыпКузанскийжаратылыстану ғылымдарын, әсіресе, математиканы құдай ілімінде қолданды, табиғаттың өзі — арифметика, геометрия, музыкан пайдаланған құдайы шебердің өнерінің жемісі деп түсінді. Құдайдың жаратушылық қызметімен бір деңгейге Кузанец сурет сәулетші, ұста, тоқымашы және тағы басқалардың өнерін қояды, екі өнердің арасындағы айырмашылық туралы айтқанымен, құдай сөзі жаратқан нәрсені адам қолы жасаған нәрсеге теңейді. Адамды құдай-адам творчестволық бастау деп, ал оның басты қабілеті — таным деп қарастырады: адам дүниесі — микрокосмос, онда адамды қоршаған табиғат дүниесі бейнеленеді, яғни адам және оның ақыл-ойы табиғат дүниесіне жатады. «Кіші дүние» —адамның өзі, «үлкен дүние» -универсум, «максима-дүние» -Құдай, құдайы абсолют. Олар бір-бірінің көшірмесі. Адам — «екінші Құдай». Құдай үзілді-кесілді түрде танылмайды, өйткені ол шексіздік, оны ешқандай шектелген бұл Дүниедегі заттармен салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие, олай болса, бір көкжиектің ар жағында екіншісі, одан әрі үшіншісі т.с.с. ашылады. Сондықтан Құдай танылмағанмен, ол жаратқан дүниені танып, бір белестен екіншісіне өтіп, тереңдей беруге болады.

23. Н. Макиавеллидің саясат пен мораль жөніндегі ойларына талдау жасаңыз

Макиавелли Никколо (3.5.1469, Флоренция— 22.6.1527, сонда) — флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, Макиавелли бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды деп жазады. Макиавелли — үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы қабілеттеріне басты назар аударады. "Әмірші" кітабында және басқа да шығармаларында италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады; антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан тұратын) нысанды дұрыс біледі. Саясат пен моралды бөлуді және ол туралы ілімді бірінші болып , тек қана ХУ ғ. аяғы мен ХУ1 басында Николо Макиавелли атап көрсетті. Макивеллидің пікірінше: Мораль –мәңгілік саласы, ол олардың белгілі ережелерді өз еркіменорындау арқылы адамдардың жеке қатынастарын реттейді. Адамдар өздерінің қарым –қатынастарында игілік пен жауыздық туралы, адамгершілік өсиеттері, идеалдар туралы өз түсініктерін басшылыққа алып, идеалдың талаптарын универсалды, барлық жағдайларда дұрыс деп есептейді.