Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать
  1. Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз

Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы  білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді  философияның гносеологиялық және методологиялық  тұрғыдан зертеудің   аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде  20 ғасыр  кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын  философтардың еңбектерінде   қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан  зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды  эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал  ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық  тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы  біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына  өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы  ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр

Философия-  ғылым  әлде өнер ме?Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние  мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл-ойға  негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге  келуіне себеп болды.Осы тұрғыдан алғанда, « Философия—ақыл –оймен қаланған тарихи дәуір»деген  Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек. Философия пәні, оның мақсаты— қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен апаратарын ғылыми тануға қолдану . Ғылыми таным логикасы— ғылыми теориалардың  олардың компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың,  ұғымдардың,  заңдардың логикалық құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды, теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы  туралы ғылыми болжамдардың қалыптасуы, оларды тексерудің  әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның қорыту, түсіндіру, абстракция , идеалдандыру  сияқты әдістерінің  логикалық аспектілеріне    талдау жасайды.

  1. Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті  өнер саласына ,жатқызатыны мәлім. А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», деген пікір айтқан болатын.

Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұұсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрәнәп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.

Филослфияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешұашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер деректер жетіспеген жағдайда қиял арұылы толыұтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.

Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзе