Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру»

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6

1.1 Екінші деңгейлі банк жұмысын талдау 6

1.2 Қаржылық өнеркәсіптерде жұмыс істеуге арналған АЖ өңдеудің қажеттілігі 10

1.2.1 «БТА банк» АҚ сипаттамасы 11

2.3 Ақпараттық қор 31

2.4 Есептер кешенін математикалық қамтамасыз ету сипаттамасы 37

2.5 Бағдарламалық қамтамасыз ету 40

ҚОРЫТЫНДЫ 62

Қолданылған әдебиеттер 64

КІРІСПЕ

Өздерінің шаруашылық-қаржылық қызметін талдауға деген банктердің артқан ынтасы олардың статусының өзгеруімен және өзіндік коммерциялық мекемелерге айналуымен байланысты. Банктердің теңгерімдері банктер қызметін талдау және басқару, олардың өтімділігінің көрсеткіштерін анықтау, банк тәуекелдерін басқару, банк пайдасын факторлық талдау үшін қолданылады. Банк теңгерімі бухгалтерлік есеп-қисап құралы ғана емес, сонымен қатар коммерциялық ақпарат, банктік менеджмент, банк қызметін терең және кәсіби түрде түсінуге тырысатын потенциалды клиенттер үшін жарнама құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы банк саласы экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі. Дағдарыстан және инфляциялық үрдістерден шығумен байланысты қазақстандық экономиканың бүгінгі мәселесі көрінісінде банктік жүйенің дамуы мен жетілдірілуінің үлкен тәжірибелік маңыздылығы бар. Сонымен бірге банктік жүйенің дамуы банктердің нарыққа кіруін ырықтандыру, екінші деңгейлі банктерді жекешелендіру, несиелік операцияларды жүзеге асыру, банк қызметін талдау және т.б. бағыттарды қамтиды.

Заманауи банктік жүйе – клиенттерге алуан түрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтер көрсететін сала. Қазақстан экономикасының нарықтық қарым-қатынасқа өтуімен несиелік және оларға ілеспелі операциялар жүргізу екінші деңгейлі банктердің халыққа көрсететін жаңа қызметтерінің бірі болып табылады.

Ақшалай қаражаттардың,соның ішінде несиелік қаражаттардың нарығын реттеу мемлекеттің экономикалық саясатты жүргізуі барысында маңызды құралдардың бірі болып табылады. Көптеген экономикалық көрсеткіштер ел экономикасында ақшаның қандай үлесі айналымда болатынына тәуелді. Мемлекеттік қазынада несиелік қордың болуы елге сәйкесінше халықаралық экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді. Әлемдік нарыққа өзінің өнімін шығаратын көптеген кәсіпорын-экспорттаушылардың табысы елде қандай кредиттік процестер орнағанына байланысты болады. Сол себептен мемлекет үшін елдің кредиттік қаражаттарының нарығын реттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Банк үшін кредиттік операцияларды жүргізу банкке табыс әкелетін операциялар кешенінің бірі болып табылады. Сондықтан банк ел экономикасын көтеру үшін кіші және орта бизнеске, өнеркәсіп мекемелеріне, халыққа көрсететін қызметтерінің кешенін жетілдіруі қажет. Несиелік операцияларды жүргізу бойынша сенімді және жедел ақпарат алу, олардың жүргізілуін талдау қажеттілігі туындайтындықтан несиелік операцияларды жүргізу аумағында банкті ақпараттандыру ролі күшейеді.

Несиелік қорлардың бар болуы, берілетін сома, қолданушы сұранысы бойынша олардың кез-келген мезетте қайтарымдылығы туралы ақпарат алуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін несиелік операцияларды басқаруда ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға арналған “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” құру дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, теориялық, негізгі бөлімдерді,“Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” коммерциялық жүзеге асыру және осы ақпараттық жүйені құрудағы шығындарды бағалау бойынша ұсыныстарды, қорытынды, әдебиет тізімі және қосымшаларды қамтиды.

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде «БТА банк» АҚ сипаттамасы және банк жұмысының сараптамасы, “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” тағайындалуы мен оны құру мақсаты берілген, сонымен қатар ақпараттық жүйенің құрылымына, яғни ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық, ұйымдастырушылық қамтымасына қойылатын талаптар анықталған, «Екінші деңгейлі банк жұмысын талдау» ақпараттық жүйесінің концептуалды сұлбасы өңделген.

Негізгі бөлімде «Несие беруді талдау» мәселелер кешенінің банктің ақпараттық жүйесінде алатын орны анықталған, мәселелер кешенінің ұйымдастырушылық-экономикалық маңыздылығы берілген, ақпараттық қор, математикалық қамтыма, программалық қамтыма сипатталған, қолданушыға арналған нұсқаулық жасалған.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде құрылған ақпараттық өнімді коммерциялық жүзеге асыру және мәселелер кешенінің ақпараттық технологиясын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген, “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құруға” кеткен шығындар есептелген.