Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

Пайдаланушыға нұсқау

АЖ “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” бағдарламасының дистрибутивтік көшірмесі дискетке жазылған. Оны жұмыс орнына жүйелік бағдарламашы ғана орната алады.

АЖ “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” орналастыру (құру) үшін келесі әрекеттерді істеу керек:

  • жұмыс мұқабасын жасау (құру), мысалға: Monitoring;

  • дискеттердің ішіндегісін сол мұқабаға көшіріп алу;

  • SETUP.EXE файлын іске қосу;

  • Орналастыру барысында сіздің бағдарламаға деген артықшылықтарыңыз туралы сұрақтарға жауап беру (әр кезде NEXT түймесін басып отырып, барлық сұрақтарға дұрыс жауап беру керек).

Орналасу барысында бағдарлама өзінің X тізімдемесін: \Program Files\ Monitoring, "monitoring.exe" орындаушы файлын және қажетті модульдерін құрастырады.

Бағдарламаны іске қосу үшін “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” АЖ Windows арқылы қосатын стандартты әдісті қолданумен жүзеге асады немесе "Іске қосу"/"Бағдарламалар" арқылы да болады.

Бағдарламаны іске қосқан соң мынадай пункттері бар бас мәзір пайда болады:

  • "Действие";

  • "Отделы";

  • "Настройка";

  • "Отчеттар";

  • “Справка”.

Мәзір режимдері арасындағы ауысу - меңзерді басқарушы пернелер көмегімен, ал режимді таңдау – тінтуірдің сол жақ түймесін таңдалған режимде шерту немесе "Enter" деген түймені басу арқылы іске асады.

Әр режимнің өзіндік мәзірі бар.

"НСИ" режимінде деректер қоры кесте түрінде болады және үш тараудан тұратын қосымша мәзірге ие:

  • "Теңгерім";

  • "Жиынтық теңгерімі";

  • "Коэффициенттер";

Аспаптар панеліндегі бейнеленген жазбалар көмегімен де "НСИ" режиміне кіруге болады. Бір базадан екіншісіне өту үшін жұмыс терезесін жабу міндетті емес, одан әрі деректер базаларымен жұмыс істеу үшін, қажетті қосымша бетті (вкладка) таңдау жеткілікті.

Теңгерімнің деректер қоры деректердің жиынтық теңгерімінен тұрады, коэффициенттерді есептеу үшін деректер теңгерімі сақталған.

Деректер қоры теңгерімін толтыру үшін керекті күнді таңдау қажет, егер ағымдағы күн қажет болмаса, деректер қоры терезесінің оң жақ бөлігінде орналасқан қосымша түймелерді пайдалануға болады:

  • "Қою" - жаңа жазбаның құрылуы, жасалуы;

  • "Өшіру" - жазбаның жойылуы;

  • "Редакциялау" – жазбаны түзету;

  • "Қарап көру" – деректер қоры теңгерімін басып шығару;

  • "Болдырмау" - соңғы әрекеттің орындалуын болдырмау;

  • "Шығу" - бас мәзірге шығу.

Егер деректерді дұрыс енгізбеген жағдайда тінтуір меңзерін жылжыта "Түзету" түймесін басу арқылы жазбаларды редакциялауға болады.

Егер деректер қорының мағынасы дұрыс енгізілмесе, онда "болдырмау" түймесін басу арқылы сол әрекетті болдырмауға болады.

Егер кредиттер туралы мәліметтерді көру және баспаға жіберу қажет болса, онда "Қарап көру" түймесін қолдануға болады. Нәтижесінде кредиттер туралы деректер қоры мәтіндік құжат ретінде экранда пайда болған терезеде көрсетеді. Ол құжатты "Басылым" түймесін басу арқылы басып шығаруға болады.

Режимнен шығу үшін "Шығу" деген түймені шерту керек.

Деректер қорының еркін теңгерімі ДБ "Теңгерім"-ге деректер енгізу арқылы автоматты түрде құрылады.

Осы деректер базасын толтыру үшін керекті күнді таңдау қажет, егер ағымдағы күн ұнамаса, онда деректер қоры теңгеріміндегі басқа қосымша түймелерді қолдану керек.

Коэффициенттер туралы деректер базасы есептелетін коэффициенттер туралы ақпаратқа ие. Деректер базасы теңгерімі мен жиынтық теңгерім толтырылған кезде коэффициентті деректер базасы автоматты түрде толтырылады.

"Есептемелер" деген режим баспаға шығатын және шығу құжаттарын көруге арналған режим болып табылады.

Бағдарламаның мәзірі 5 суретте көрсетілген.

Осы есептемелердің біреуін таңдаған сәтте есептеменің параметрлік бақылау терезесі ашылады. Жөндеуге қажетті жерін таңдап алып, "Қарап көру" түймесін басу керек, нәтижесінде дайын есептемесі бар жаңа терезе ашылады. Ол есептемені жоғарыда орналасқан панель түймелерімен басқаруға болады: есептеме беттерін аралауға болады, баспаға жіберуге, оның көру масштабын кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

"Анықтама" деген режимі екі пункттен тұрады - "Бағдарлама туралы" деген пунктте сол бағдарламалық өнімнің авторы туралы, нұсқа туралы және өнім атауы туралы және есептелетін коэффициенттер туралы анықтама мәліметін алуға болады.

Бағдарламаның негізгі мәзірі

5-сурет

АТ кешенді есептермен жұмыс істеу АЖ “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” туралы сипаттама

ЭАЖ “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” жұмысының технологиялық үдерісі екі технологиялық үдерісті қамтиды:

  1. Деректер базасын жасау және сол бойынша жұмыс істеу;

  2. Белгілі бір шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу және өңдеу.

6 суретте деректер базасын жасау және жұмыс істеудің технологиялық әдісі көрсетілген.

“Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” ЭАЖ-тегі деректер базасын жасау және жұмыс істеудің технологиялық әдісі мынадай жолдары бар:

  1. Деректер базасын енгізу үшін қаржылық басқару департаментінен мәліметтер алу;

  2. Алынған мәліметтердің анықтылығын және толық екендігін тексеру. Егер осы талап орындалмаса, онда алынған мәліметтер қайтадан қаржылық басқару департаментіне жіберіледі, ал егер мәліметтер дұрыс болып, талаптар орындалса, онда ақпарат деректер базасына енгізілуге беріледі;

  1. Ақпараттардың деректер базасына енгізілуі;

Енгізілген ақпараттың дұрыстығын тексеру. Егер енгізілген деректер қате болса, онда олар редакцияланады, жойылады, жаңа жзабалар енгізіледі немесе жазбалармен істелген әрекеттерді болдырмай, қайта бастапқы қалпына келтіреді. Әйтпесе енгізілген ақпарат сақталуға тиіс;

Деректер базасы теңгерілімі және жиынтық теңгерілімі сақтау;

Деректер базасы кестелерін басып шығару;

Шығарылатын ақпаратты қаржылық басқару департаментіне шешім қабылдауға жіберу.

Ақпараттық технология кешенді есептермен жұмыс істеу АЖ «Анализ және банктің жұмыс көрсеткішінің тиімділігін есептеу» 6 суретте көрсетілген.

“Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” кешенді есептерді шешу деректерін өңдеудің технологиялық әдісі Отчет о доходах

Проверенная

эмитента информация

DCB

я

я PCB

GUCB

Экспертное

заключение Лимиты

Экспертное6-сурет