Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

1.2 Қаржылық өнеркәсіптерде жұмыс істеуге арналған аж өңдеудің қажеттілігі

Соңғы жылдары біздің елдің банк жүйесі екпінді дамуда. Банктердің қызметін реттейтін қазақстандық заңнамаларда кемшіліктердің бар болуына қарамастан жағдай жақсарып келе жатыр. Қаржымен жасалатын алыпсатарлық операциялар мен алаяқтық арқылы жеңіл ақша табу заманы өтті. Бүгінгі күні банктің көпшілігі өздерінің қызметкерлерінің кәсіпқойлығына және жаңа технологияларға мән береді.

Жаңа компьютерлік технологияларды ендіруге болмайтын банктік қызмет секілді қызмет түрлерін елестету қиын. Түптеп келгенде банктің жұмыс істеуі барысында туындайтын мәселелердің барлығы автоматтандыруға айтарлықтай жеңіл беріледі. Ақпарат ағынын жылдам әрі үздіксіз өңдеу кез-келген ірі қаржылық өнеркәсіптің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Соған сәйкес күннен күнге артып келе жатқан ақпараттық ағындарды өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу желісінің қажет екені айқын. Сонымен қатар заманауи техниканы қолдануға тек банктердің ғана жеткілікті қаржылық мүмкіндіктері бар. Дегенмен орта банктер компьютеризациялауға орасан көп ақша жаратуға дайын деп есептеуге болмайды. Банк ең алдымен пайда табуға арналған қаржылық мекеме болып табылады, сондықтан модернизацияға жұмсалатын шығындарды оны жүргізгеннен кейін келетін жорамалды пайдамен салыстыру керек. Бүкіләлемдік тәжірибеге сәйкес орта банктерде компьютеризациялауға кететін шығындар жылдық шығындардың жалпы сметасының 17%-ынан кем емес.

Компьютерленген банктік жүйелердің дамуына деген қызығушылық мезеттік пайда табу ынтызарлығымен емес, ең бастысы стратегиялық қызығушылықпен айқындалады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жобаларға салынған қаржылық салымдар қызметкерлерді оқытуға және нақты бір шарттарға сәйкес жүйенің бейімделуіне қажетті уақыт аралығынан кейін ғана пайда әкеледі. Программалық қамтымаға, компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтарға және жаңа есептеу платформаларына көшуге негіз қалау үшін қаражаттарды сала отырып банктер ең бірінші өзінің жұмысын арзандатуға және жылдамдатуға, сонымен қатар бәсекелі тартыста жеңіп шығуға тырысады.

Жаңа технологиялар банктерге, инвестициялық фирмалар мен сақтандыру компанияларына клиенттермен қарым-қатынастарын өзгертуге және пайда түсірудің жаңа құралдарын табуға көмектеседі. Талдаушылардың айтуы бойынша жаңа технологияларды белсенді түрде бірінші болып инвестициялық фирмалар, содан кейін банктер, ең соңғы болып сақтандыру компаниялары енгізеді.

Барлық қаржылық ұйымдардың алдында тұрған мәселе бірдей: локалды желілердің таратылған архитектурасына мұрағатты жүйелерді интеграциялау. Global Concepts-тің жаңа технологиялар бойынша бас кеңес берушісі Дэвид Стюарт бүгінгі күні желіні түсінетін адамдарға деген сұраныс бұрынғыға қарағанда жоғары екенін айтады. Оның пікірінше қазіргі уақытта банкке кассир емес, программист жұмысқа қабылданады.

Бүгінгі күні банктік компьютерлік жүйелер қолданбалы желілік программалық қамтыманың қарқынды дамып жатқан аумағының бірі болып табылады. Компьютерлер мен программалық қамтыманы жасап шығарушылардың кез-келгеніне БЖ (Банктік жүйе) көрсе қызар екенін ескеру керек. Сондықтан да компьютерлік техниканы жасап шығаратын ірі компаниялардың барлығы дерлік нарықта өзінің платформасына негізделген жүйелерді ұсынады.

Банктік қызметте қолданылатын алдыңғы қатарлы технологиялардың мысалы ретінде "клиент-сервер" моделі негізінде жасалған деректер қорын (Unix ОЖ және Oracle ДҚ-н қолдану тән); банкаралық есептеулерге арналған желіаралық әрекет ету құралдарын; виртуалды банктер деп аталатын толығымен Internet-ке бағытталған есептеу қызметтерін; жасанды интеллект принциптерін пайдаланатын банктік эксперттік-аналитикалық жүйелерін және т.б. атап айтуға болады.