- •8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
- •41.Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз
- •Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
- •Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз
- •Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын көрсетіңіз
- •Болмысты танудағы Лаоцзы мен Парменидтің ойларын салыстырып көріңіз
- •8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •9. Платонның Дүниені «Идеялар әлемі» мен «Заттар әлеміне» бөлуінің себептерін талдаңыз
- •10. Аристотельдің материяға қатысты ойларын еске түсіріңіз
- •11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
- •12. Аристотельдің логика ғылымына қосқан үлесін көрсетіңіз
- •13. Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз
- •14. Джайнизм іліміндегі «Ахимса» ұстанымының бүгінгі адамзатқа қажеттілігін талдап беріңіз
- •15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз
- •16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
- •18. Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
- •19. Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
- •20. Әл-Фарабидің таным теориясындағы интеллект жөніндегі ойларына тоқталып өтіңіз
- •21. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін Ғылыми білімсіздік деп атауының сырын айқындап беріңіз
- •22. Н. Кузанскидің «Құдай - барлық жерде, сонымен қатар – еш жерде» деген ойына талдау жасаңыз
- •23. Н. Макиавеллидің саясат пен мораль жөніндегі ойларына талдау жасаңыз
- •24. Жан Кальвин протестанттық этиканың негізгі құндылықтарын қалайша негіздейтіндігіне тоқталыңыз
- •25. Дүниетанымдағы н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз
- •26. Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз
- •27. Ф. Бэконның “жемiстi және “сәулелi тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз
- •28 Р. Декарттың “күмәндану принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз
- •29. Т. Гоббстың мемлекет жөніндегі конвенциалдық (шарттық) теориясының бүгінгі таңдағы адамзатқа маңыздылығын айқындаңыз
- •30. Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз
- •31. Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз
- •32. Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет.
- •33. К. Поппердiң «фальсификация» қағидатының маңызыдылығын талдап беріңіз
- •34. Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсет.
- •35. М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз
- •37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз
- •38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.
16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты. Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Демокрит ертедегі гректерден шыққан тек материалист. Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Адам табиғаты туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы»т.б.
Демокрит атомистер философиясының өкілі. Атомистер дүниені атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірнді.
Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін әрі қарай бөлінбейтін ұсақ бөлшектер - атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Бұл теория бойынша барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарды. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақылмен пайымдалады. Ол атомдар бос кеңістікте қозғалады, яғни атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады («жан – жаққа сенделуде, ұшуда», «түрлі бағытта қозғалыста» болады) және бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.. Атомдар бос кеңістікте солқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар қиындатып қозғалысқа түседі де ортасында ауыр салмақты атомдар, ол шетке таман — жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан — от , ауа және ауа құйыны қуып жүрген жұлдыздар пайда болады.Атом мен бос кеңістік – бірден – бір шындық. Кеңістікте қозғалушы атомдар өзара қосыла отырып, түрліше заттарды, денелерді түзеді.
Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады. Демокрит осы принципімен таным процесінде түсіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағып жүретін атомдарды қабылдау. Олар – заттармен құбылыстардың бейнесі.
Демокриттің атомистік теориясы әр түрлі ілімдерде, мәдениет тарихына көзқарасында, моральды зерттеуінде және т.б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді.
17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын.
Адам — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. . Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты — мифология, дін, философия, ғылымдағы ең негізгі мәселе.
Ежелгі Үнді, Қытай,Грек филос-сында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, “кіші әлем”, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм).
Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды.
Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады деген пікір төңірегінде дәлелдемек болады. Оның ойынша, ешкімде де теріс пікір жоқ, бірақ сол көп пікірлердің ішінде біреуі ақиқат болуы немесе дұрысырақ болуы ғажап емес.
Пікір таңдауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол жамандық пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын , ал объективті нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек.
«Рақымшылық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды үйретуге болады ма? — деген сұраққа Протагор былай деп жауап береді: ізгілікке, рақымшылыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ ізгіліктің, рақымшылықтың өзі туа біткеннен болмайды, сондықтан оған адамдарды үйрету керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда ізгілікті, рахымды адам болып шығады. Осыған байланысты мемлекет қоғамда ізгілік, рахымшылық сияқты қасиеттерді тәрбиелей алатын болғанда ғана қылмыскерді жазалауға болыды, себебі, жазалаудың өзі жамандықты болдырмау үшін қолданылатын шара ғой, — дейді Протагор.
Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде Протагордың ілімін сынға алып, софизм деген шын данышпандық емес, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар көп көрсетеді.