Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қаржыландыру көздері мен қаржыландыру әдістері

  1. Айналым өндірістік қорлар, олардың құрылымы мен құрамы, мақсаты

Негізгі қордың құрамын тағайындау бойынша жіктегенде екі бөлікке бөлінеді: өндірістік негізгі қорлар; өндірістік емес негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар дейміз, оларға мыналар кіреді: өнеркәсіп; құрылыс; ауыл шаруашылығы; көлік құралдары; байланыс, сауда; басқа да материалдық салалар жатады.

Өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік емес негізгі қорлар деп аталады. Оларға мыналар жатады: тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық; спорт кешені; балабақшалар; білім беру; мәдениет мекемесі; емдеу, денсаулық сақтау; басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер.

  1. Корпорацияның меншікті айналым қаражаттарын тұтынуын анықтау

Қаржыландыру көздері бойынша айналым қаражаттары меншікті, қарыз, тартылған қаражаттары болып табылады. Меншікті айналым қаражаттарына айналымнан тыс активтердің сомасынан асатын меншік капиталы мен резервтер жатады. Кәсіпорынның маңызды мәселесі –айналым қаражаттарының сақтығын қамтамасыз ету. Ол үшін жоспарлы жыл басындағы қолдағы бар кәсіпорынның меншік айнадлым қаражаттарының сомасы оның жиынтық қажеттілігімен салыстырылады. Егер жоспарлы қажеттілік кәсіпорынның меншік қаражаттарынан жоғары болса, онда меншік қаражаттарының жетіспеушілігі туындайды. Бұл жетіспейтін менщшік уақытша және қарыз қаражаттары есебінен толықтырылады. Егер айырмашылық керісінше болса, онда меншік айналым қаражаттарына артықшылық туындайды және бұл сома айналым меншік қаражаттар өсімін қаржыландыру көзі болып табылады. Айналым қаражаттарының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның меншік айналым қаражаттарын нормалау процесінде, яғни айналым қаражаттар нормативін анықтауда жүзеге асырылады.

  1. Айналым қаражаттарын тиімді пайдалану көрсеткіштері мен олардың сипаттамасы

Айналым қаражаттарын тиімді пайдалану экон/қ көрсеткіштер жүйесімен сипатталады, әсіресе ең алдымен айналым қаражатының айналымдылығымен сипатталады. Айналым қаражатының айналымдылығы дег/з – айналым қаражаттарының ақшалай формасының өндірістік қорларға айналуынан бастап, дайын өнімді шығаруы ж/е оны ө ткізуге дейін, яғни қаражаттардың өндірістегі толық бір айалымының ұзақтығын айтамыз. Айналым қаражаттарын тиімді пайдалану көрсеткіштері:

  1. Айналымдылық коэффиценті көтерме бағамен анықталады: Ко=Со/ОҚ ; мұндағы Ко-айналым қаражаттарының коэффиценті, ай налымдар саны; Со – өткізілген өнім көлемі, теңге; ОҚ-айналым қалдықтарының орташа құны.

Айналымдық коэффиценті кәсіпорынның белгілі кезеңде айналым қаражаттарының жасаған айналымдар санынсипаттайды немесе айналым қаражаттарын 1 теңнесіне келетін сатылған өнім көлемін көрсетеді.

  1. Айналым қаражаттарының жүктеу коэффиценті – айналымдылық коэффицентіне кері көрсеткіш . ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған айналым қаражаттарының сомасын білдіреді. Кж=ОҚ/Со. Мұндағы: Кж-айналым қаражаттарының жүктеу коэффиценті.

  2. Күнмен есептелген бір айналымның ұзақтығы ол кезеңдегі күн санын айналымдылық коэффицентіне бөлу арқылы табылады. Т=К/Ко. Мұндағы: К-кезеңдегі күндер саны (360,90)

Айналым қаражаттарының жасаған айналым саны көп болған сайын, азырақ айналысм қаражаттарын қажет етеді. Айналым қаражаттар неғұрлым айналымды тезірек жасасасоғұрлым олар тиімді пайдаланылады.