Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Корпорацияның пассивтері мен қаржылық тұрақтылығын талдау

Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді: актив; пассив. Актив бөлігіне құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына  өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Ал пассив бөлігіне өндіріс процесіне қатыспайтын негізгі қорлар жатады (шаруашылық құралдары, өндіріс корпустары, ғимараттар).Қаржылық тұрақтылық – кәсіпорынның төлем қабілеттігіне кепілдеме беретін шоттардың жағдайы. Қандай да бир шаруашылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгермеуі н/е көбейіп, төмендеуі мүмкін. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады: 1) корпорацияның салалық топқа жатуы; 2) шығарылатын өнімнің құрылымы ж/е оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі; 3) төленген жарғылық капиталдың мөлшері; 4) шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы өзгерістері; 5) қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы; 6) корпорацияны басқару тиімділігі. Сыртқы факторларға мыналар жатады: 1) шаруашылық жүргізудің экон/қ жағдайының әсері; 2) қоғамда үстемдік етуші техника мен технология; 3) төлеу қабілеті бар сұраныс ж/е тұтынушылар табысының деңгейі; 4) кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері; 5) сыртқы экон/қ байланыс ж/е т.б.

Қаржылық тұрақтылықтың 4 типін бөлуге болады: 1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы: қорлар мен шығындар < жеке айналым қаражаттар+банктік несиелер. 2) корпорацияның қаржылық жағдайының жақсы тұрақтылығы: қорлар мен шығындар = жеке айналым қаражаттар+банктік несиелер. 3) тұрақсыз қаржылық жағдай, төлем қабілеттілігінің бұзуымен б/ты, бірақ оны жеке ж/е айналым қаражаттарын толтыру арқылы тепе-теңдікті сақтау мүмкін: қорлар мен шығындар = жеке айналым қаражаттар+банктік несиелер+айналым ж/е жеке қаражаттар. 4) Кризистік қаржылық жағдай – бұл жағдайда кәсіпорын банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі бар, өйткені бұл жағдайда ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді бағалы қағаздар ж/е кәсіпорынның дебиторлық қарызы оның кредиттік қарызын өтей алмайды. Қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер: қорлар мен шығындардың қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті; қорлар мен шығындарды құруға қаражаттардың артығы; қаржылық жағдайының тұрақтылығының қоры. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың бағыттары: кәсіпорынныың қаржылық тұрақтылығын қорлар мен шығындарды өтеу деңгейіне б/ты бағалау; айналым ж/е негізгі қаражаттарды өтеу деңгейіне б/ты; нарықтық тұрақтылық коэффициенттерді бағалау.

  1. Корпорацияның өндірістік қорларды қалыптастырудың және шығындарының көздері

Өндірістік кәсіпорындарда өнімді шығару және сатумен байланысты шығындар олардың сатылған өнімінің қаражаттарынан толтырылуынан бурын орындалады. Осыған байланысты кәсіпорында шикізаттың қажет түрлерін, негізгі және қосалқы материалдарды, жартылай фабрикаттарды, отын сатуп алуға, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге және өнімнің өндірісі мен сатылуына қажет шығындарды өтеуге қажет қаражатқа мұқтаждық туындайды. Кәсіпорын қызметінің кейінгі жылдары айналымдық қаражаттардың қажетті өсімі оның жеке қорлары мен банк несиелері есебінен жабылады. Сөйтіп, шығындарды қаржыландыру көздеріне жатқызылатндар қатарында:

  • Сатудан түскен түсім, себебі оның есебінен шығындар жабылады;

  • Табыс, қызмет аясын кеңейту мақсатымен;

  • Банк несиелері;

  • Инвестициялар;

  • Уақытша қаржылық көмек.