Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Табыс – корпорацияның меншікті қаржы ресурстарының негізгі көзі

Табыс –корпорация құрылтайшыларының салымдарынан басқа, ұйымның капиталын ұлғайтатын, міндеттемелерді өтеу мен активтердің ұлғаюының нәтижесіндегі экономикалық пайдасының ұлғаюы.Бухгалтерлік есептің ережесіне сәйкес табыс келесідей табыстарға топтастырылады: қызметтің жай түріндегі табыстары; басқада операциялық табыстар; басқада жүзеге асырылмайтын табыстар; басқада төтенше табыстар;

Қызметтің жай түріндегі табыстар қызмет көрсетуден,жұмысты орындаудан, тауарлар мен өнімді сатудан түскен табыстар болып табылады.

Басқада операциондық табыстарға мыналар жатады: 1. ұйымның активтерін уақытша пайдаланғаны үшін төлемдерден түсім; 2. жаңа құралдарға патент құқығын алу үшін төлемднрден түсім 3. басқа ұйымдардың жарғылық капиталының қатысуымен байланысты түсімдер 4. бірігіп істеген қызметтердің нәтижесінде ұйымның алған табысы 5.өнімдерді, тауарларды , басқада активтерді сатудан түскен түсімдер 6. ұйымның ақша қаражатын қолданылуынан түсетін пайыздар

Басқада жүзеге асырылмайтын табыстар: айыппұл, өсімпұл; ыйақы ретінде берілген активтер; ұйымға келтірілген шығындарды өтеу үшін түскен түсімдер; есептілік жылда анықталған ескі жылдың табыстары; несиелік және депоненттік қарыздардың сомасы; бағамдардың айырмашылықтары; активтердің бағалауға дейінгі сомасы; басқада табыстар.

Басқада төтенше табыстар ретінде шаруашылық қызметтің төтенше жағдайларында пайда болатын түсімдер(табиғи апаттар, авариялар,өрттер).

  1. Рентабелділің көрсеткіштері мен оларды есептеу әдістері

Рентабельділік өндіріс тиімділігін ж/е корпорацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Рентабельділік – кәсіпорындардың өндірістегі экон/қ тиімділік көреткіші. Жалпы алғанда материалды еңбек ж/е ақша ресурстарының қолданылуын көрсетеді. Рентабельді болып тек пайда әкелетін кәсіпорын саналады. Корпорация рентабельділігінің ж/е табыстылығының деңгейіне ішкі ж/е сыртқы факторлар әсер етеді.

Кәсіпорынның жалпы рентабельділігі баланстық табыстың негізгі өндірістік қорлардың ж/е нормаланған айналым қорлардың жалпы орташа құнына қатынасы б/ша анықталады. Ол мына формула б/ша есептеледі: Р = (Т*100%) / Қнақ. Т – табыс, Қнақ – негізгі өндірістік ж/е нормаланған айналым құралдардың орт. Жылдық құны. Рентабельділік деңгейі өндірістің қор сыйымдылығына да б/ты болады.

Корпорацияның қызметіне баға беру процесінде өнім рентабельділігі өте маңызды көрсеткіш б/п табылады. Оны анықтау үшін табыстың сомасының өнімнің толық өзіндік құнына қатынасын табамыз. Кәсіпорынның өнімінің жеке түрлерінің рентабельділігі келесі формула б/ша есептеледі: Р = (Бк-Қө)*100% / Қө. Бк – кәсіпорын өнімінің көтерме бағасы. Қө - өнімнің өзіндік құны. Өнім б/ша есептелген рентабельділік көрсеткіші өнімді өндіруге кеткен еңбек ж/е заттай шығындардың тиімділігін көрсетеді.

Рентабельділіктің негізгі көрсеткіштерін келесі топтарға бөліп қарауға болады:

1) капитал рентабельділігінің көрсеткіші – табыстың әр түрлі аванстарын құралдар көрсеткіштеріне қатынасы арқылы есептеледі. Авансталған құралдар көрсеткіштерінің ішіндегі маңыздылары: кәсіпорынның барлық активтері, инв/я/қ капитал, яғни меншікті қаражаттары мене ұзақ мерзімді міндеттемелері, акционерлік капитал. Бұның бір ерекшелігі – олар кәсіпорын бизнесіне қатысушылардың барлығының мүдделеріне жауап береді. Барлық аталған көрсеткіштер факторлық байланыстар б/ша мына модель түрінде қарастырылады: таза табыс/барлық актив = (таза табыс/сауда колемі) * (сауда көлемі/барлық активтер)

2) өнім рентабельділігінің көрсеткіші – кәсіпорынның қаржылық есептерінде көрсетілген табыс негізінде анықталынады. Бұл көрсеткіштер өнімнің базистік (Рө) ж/е есепті (Ре) кезеңдегі рентабельділігін сипаттайды.М-лы: өткізу табысы б/ша өнімнің рентабельділігі келесі формуламен анықталады: Рө = Пб/Өб; Ре = Пе/Өе. Пе,Пб – есепті ж/е базистік кезеңдегі өнімді өткізуден алынған пайда. Өб,Өе – есепті ж/е базистік кезеңдегі өнімді өткізу;

3) қолма-қол ақша қаражаттарының ағымдары негізінде есептелген рентабельдік көрсеткіштері – бірінші ж/е екінші көрсеткіштер топтарының құрылуына сәйкес, бірақ жалпы табыс сомасының орнына ақша қаражаттарының таза ағымы есепке алынады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның несие берушілермен, мердігерлерімен, акционерлермен есеп айырысу мүмкіндігінің дәрежесін көрсетеді.

Корпорацияның өндірістік қызметінің рентабельділігі кәсіпорын өндіріс процесінде қолданылған капиталдың барлық көздерінің өтелу нормасын білдіреді, яғни салымшылар мен несие берушілердің алған пайда сомасының олармен инв/яланған капитал сомасына қатынасы болып табылады. Рө = П/ИК. П – салымшылар мен несие берушілердің алған пайда сомасы. ИК – олармен инвестицияланған капитал.

Корпорацияның сауда рентабельділігі өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайда табылғанын көрсетіп, кәсіпорынның комм/я/қ маржасы д.а. Сауда рентабельділігін бағаларды көтеру н/е шығындарды азайту жолы арқылы көтеруге болады. Сауда рентабельділігі = өнімді сатудан алған пайда / алынған кіріс.

Меншікті капитал рентабельділігі – кәсіпорынның меншігіндегі мүлкінің тиімді пайдалануын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы көрсеткіштердің негізінде активтердің иесі оларды орналастыру орнын таңдауы мүмкін. Меншікті капитал рентабельділігі = таза табыс / меншікті капиталдың жылдық орташа құны. Меншікті капиталдың қорытынды көрсеткіші недеен ж/е калай құрылатынын түсіну үшін бір қатар аралық көрсеткіштерді қарау керек: Таза активтер рентабельділігі – кәсіпорынның операциялық қызметінің тиімділік көрсеткіші. Оны операциялық табыстың таза активтердің орташа жылдық құнына қатынасы б/ша анықтауға болады. Мұндағы таза активтер = меншікті капитал+несие. Таза активтер рентабельділігі қаржылық тұтқа тиімділігін бағалағанда қолданылады. Қаржылық тұтқа – таза активтердің құрамындағы меншікті ж/е тартылған қаражаттардың арақатынасы, кәсіпорынның қызмет тиімділігіне несиелендіру әсерін сипаттайды.

Корпорация рентабельділігін арттырудың негізгі жолдары: пайда сомасын арттыру; негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін жақсарту; айналым құралдарын пайдалану тиімділігін көтеру.